Ауыл шаруашылығы саласында 2017 жылы округ бойынша ірі қара малы 3748 бас, қой мен ешкі 9609 бас, жылқы 2425 басты құраса, 2018 жылы мал басы ірі қара малы 4291 басты құрап 543 басқа (115 %), жылқы 2777 басты құрап 352 басқа (114%) өсіп, ал қой мен ешкі 8494  басты құрап 1115 басқа кеміп (88,4 %) отыр.

Төлдер  саны 2017 жылға бұзау 1453 бас, құлын 803 бас, қозы-лақ  5641 басты құраса, 2018 жылы төл саны бұзау 1724 басты құрап 271 басқа (119%), құлындар 993 басты құрап 190 басқа (124%), қозы – лақ 6580 басты құрап 939 басқа (117%) өсіп отыр.(бұзау 90, қозы лақ 94, құлын 75).

Бүгінгі таңда ауылдық округте 23 шаруа қожалығы мен 1 заңды тұлға ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген. Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру, мал басын асылдандыру және мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған. 2018 жылы шөп шабу науқанына  30 трактор, 38 орақ, 35 адам қатысты. 110 800 центнер (102%) (жоспар 108 000 ц) мал азығы дайындалды.

Өткен жылы «Бекжан» шаруа қожалығы «КазАгроФинанс» ЖШС арқылы лизингке жаңа МТЗ-82 тракторын 7 млн 150 мың теңгеге сатып алды.

Сондай-ақ, «Бекжан» шаруа қожалығы «Жібек жолы» шаруа қожалығынан асыл тұқымды 92 бас қашарлар мен аталық бұқалар сатып алып, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуда.

Қой басын асылдандыру бағытында «Серік» шаруа қожалығы 27 бас, «Рахмет» шаруа қожалығы 24 бас, «Бекжан» шаруа қожалығы 20 бас, «Мархабат» шаруа қожалығы 20 бас асыл тұқымды қошқарлар сатып алды.

2018 жылы 22 бас асыл тұқымды аталық бұқа жаңартылды.

Ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек субсидияларына 13 шаруа қожалығы құжаттарын жинақтап, тиісті қаржыларын алды.

Ауылдық округi бойынша мал дәрiгерлiк шаралардың барлығыда жоспарға сай атқарылды.

Бруцеллез ауруына 2018 жылы 3460 бас ірі қара тексеріліп, оң нәтиже бергені 33 бас, 12006 бас ұсақ мал тексеріліп, оң нәтиже бергені 56 бас ет комбинаттарына тапсырылды. 2017 жылдың 3063 бас ірі қара тексеріліп, 25 бас оң нәтиже берсе, 10248 бас ұсақ мал тексеріліп 53 бас оң нәтиже берген болатын.

Ауру ошақтары шыққан 9 аула 1022 шаршы метр мал қоралары мен ауыл тұрғындарының аулалары өз есептерінен арнаулы бұқырлайтын автокөлігі  шақыртылып бұқырланады.

Округте ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары да жоспарлы түрде жалғасып биыл 1700 бас (770) ірі қара мен 3334 ұсақ малдары (3334) сырғаланып, 82 бас (370) жылқы таңбаланып, қажетті мәліметтері компьютерлік базаға енгізілді.

Шағырлой ауылы бойынша 3 бағытында, Көздіқара ауылы бойынша 1 бағытта ірі қара малдары бағылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2 адам сауда-саттық саласында дүкендерде, 10 жеке кәсіпкер «Береке», «Игілік» сынды мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жұмыс жасауда.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған 2017-2021 ж.ж. арналған бағдарламасымен» 2 адам кәсіби мамандыққа оқып дипломын алды. (Кубаев Куандық – газэлектродәнекерлеуші, Шукешова Турсынай - аспаз)

Ауыл азаматарының экономикалық белсенділігін арттыру мақсатындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес Бастау» жобасы аясында 6 адам оқып, сертификаттарын алды.

Округ тұрғындары былтыр «Береке», «Игілік» мемлекеттік несие бағдарламалары аясында 5 адам 17 млн.теңге несие алса, ал биыл «Игілік» бағдарламасы  бойынша өзін өзі жұмыспен қамтушы 5 адам  12 млн 900 мың теңге несие ( Е.Алдамжаров 3 млн, С.Тулегулов 3,1 млн, А.Нуржангалиева 4,0 млн, У.Шагирова 1,4 млн) алды.  Жұмыстануда (Г.Габдрахимова 1,2 млн)

Әлеуметтік салада округ бойынша жыл басынан ақылы қоғамдық жұмыстарға 68 адам, уақытша жұмыстарға 15 адам және 4 адам тұрақты жұмысқа орналасты. (С.Бердалиева, А.Абдуғалиева,Ғ.Жакиев, )

Былтыр «Жастар тәжірибесі» бойынша 1 жас маман  тартылып, қазіргі таңда Сырым аудандық ветеринарлық зертханасына тұрақты жұмысқа орналасты, ал биылдың өзінде ауылдық округтің  9 жас маманы аудандық және ауылдық округтің мекемелеріне 6 айға осы жұмысқа тартылуда. (Жумағалиев Ә, Жусупкалиева А, Кабдығалиев Ф, Ибрагимов Р, Молдашева Н, Каримуллиева Б, Мақсот М, Аткеева М, А.Нагиева )

Әлеуметтік жұмыс орындарына «Босағам» шаруа қожалығына 10 айға 2 адамды жұмысқа алды.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты түрде 7 отбасына 33 адамға 2-ге бөліп 2 млн 730 мың тг берілді. Атап айтсақ Мешкалиев Ербол 67 044 тг; Испулова Жамал 48 мың теңгеге 6 ешкі, Кубаев Куандық 277 296 теңгеге 4 тоқты,1 бас қашар; Балабаева  Перизат 335 694 теңгеге 6 қой, 1 бас ірі қара; Аманова Айман 310 746 мың теңгеге 4 қой; Бердалиев Таймас 144 048 теңге 1 бас қашар, Шүйншқалиев Тұрар 247 158 теңге 1 бас бұзаулы сиыр сатып алды.

Аз қамтылған, жалғыз басты 5 отбасына шөп дайындаушы жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтары барлығы 100 ц. шөп (құны 125 000 теңге болатын) тегін таратылып берілсе, 61 адамға 3 млн 70 мың теңгенің материалдық көмектері берілді.

Жалғыз басты аз қамтылған Р.Батированың тұрғын үйіне біздің ұсынбамызбен аудандық әкімшілік арқылы «С.Датұлы қорынан» қаржы аударылып, көгілдір отын тартылды.

Білім беру саласында округте 2 білім беру ошағы Абай орта мектебі мен Көздіқара негізгі мектептерінде 48 ұстаз оқушыларға білім берсе, аталған мектептерде биылғы оқу жылында 115 оқушы білім алуда.

Шағырлой ауылындағы  «Айгөлек» балалар бақшасында 25 бүлдіршін тәрбиеленсе, 14 бүлдіршін шағын орталықта және 13 бүлдіршін Көздіқара орта мектебі жанындағы шағын орталықта тәрбиеленуде.

Жазғы демалыс лагерлерінде мектепшілік - 120 бала, аудандық демалыс лагерлерінде - 10 бала демалды. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 97. (2017 жылы 88,0 балл).

Денсаулық сақтау саласында  2 фельдшерлiк пункт, 1 фельдшерлік акушерлiк пункт жұмыс жасайды.  Флюорографиялық тексеруден 482 адам күндізгі стационарда емделгендер 245 адам, скринингтен 25-70 жас аралығында өткен 125 адам, соның ішінде ауру анықталғаны - 6 адам, «Д» есепте үлкендерден -170 пен 17-і балалар алынды. Туберкулез ауруымен есепте 3 адам, 2-еуі емін бітірді, 1-еуі амбулаториялық ем алуда. Тегін дәрі – дәрмекпен - 620 адам қамтылды. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Аяғы ауыр – 8 әйел. Дүниеге 19 сәби келсе, қайтыс болғандар саны 6 адам.

Мәдениет және спорт саласында 1 ауылдық мәдениет үйі бар. Округтің 2 кітапханасындағы кітап қоры 22 267 кітап, оқырман саны 663 адам. Кітапханалар мен мәдениет үйі өздерінің жоспарлары бойынша атаулы мерекелерге арнап дөңгелек үстелдер, оқырмандармен кездесулер ұйымдастырып отырады.

Биыл ауданда тұңғыш рет өткізілген шағын футболдан өткен лига ойындарында 18 команданың арасынан «Абай» шағын футбол командысы жүлделі кубоктың және супер кубоктардың иегері болып, жеңіске жетті.

Округ бойынша 14 - спорттық, 32 бұқаралық мәдени шаралар  өткізілді, қамтылған адамдар саны - 2787.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шағырлой ауылы ЖББ Абай орта мектеп ауласында шағын спорт алаңы құрылысына ауылдық округтің шаруа қожалықтар, мектеп түлектерінің демеушілік көмегімен 3 млн 700 мың теңге қаржы жиналып, құрылыс жұмыстары жүруде.

Тазалық және абаттандыру жұмыстары - елді мекендерді газдандыру мәселесі бойынша Шағырлой ауылында 90 үй, Көздіқара елді мекенінінде 29 тұрғын үй мен әлеуметтік бюджеттік мекемелер көгілдір отынға қосылды.

Шағырлой ауылының таза ауыз су құдықтары 2010 жылдан «Жасқайрат» нүктесінен су тұщытқыш станциясы арқылы тұщытылып, ауылға жіберіліп тұрады.

Жыл басынан ауыл округ тұрғындарының және ауылдағы шаруа қожалықтарының техникаларының күшімен  7884 тонна көлемінде күл - қоқыстар шығарылды. Есепті кезеңде 1120 ауылдық округ тұрғындарының қатысуымен 24 рет сенбіліктер ұйымдастырылды. ЖШС «Тагра» мекемесінің техникалары арқылы санитарлық тазалыққа бөлінген 500  мың теңгеге қаражатқа Шағырлой және Көздіқара ауылында иесіз күл қоқыстар шығырылып, күл-қоқыс төгетін полигон аймағы тазартылып, жинастырылды.

Қоғамдық тәртіп- қоғамдық тәртіп сақтау бағытында 1 учаскелік инспекторы жұмыс жасауда. 2018 жылы 6 қылмыстық оқиға тіркелді, 3 – еуі ашылды. (аяқ киім ұрлығы, 2 мал ұрлығы, ұсақ бұзақылық). Сотталғандар есебінде үш адам тұр. (А.Жұмағалиев, А.Кажмуханбетов, Е.Кульбеков) пробация қызметінде 1 адам тұр. (Р.Ибрагимов)

Жыл бойы 52 азамат  әкімшілік  жауапкершілікке тартылды. 175 565  теңге айыппұл салынып, 90 187 теңге өндірілді, қалған 85 378 теңгесі өндірілуде.