Ауыл шаруашылығы саласында 16 ауыл шаруашылық құрылымдары, 15 шаруа қожалықтары және 1 ЖШС тіркелген.

Биылғы жылғы көктемгі далалық жұмыстарға шаруашылық құрылымдары 4983 (2526) га жерге егін салды, оның 3420 (1930) га бидай, 175 (98) га арпа, 80 (25) га тары, 478 (473) га суданка, құмай (сорга) - 30га, шемекі - 800га  егілді.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 1908 бас ірі қара (1748), с.і. 854 сиыр (760), 2228 бас ұсақ мал (2042), 585 бас жылқы және (489) және 1789 құс (1724) тіркелген.

Шағын және орта бизнес саласында 3 сауда нүктесі, 1 мейрамхана халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде. 2017 жылы «Береке» бағдарламасы бойынша 7 азамат 10 млн 650 мың теңге несие алса, 2018 жылы «Игілік» бағдарламасы 3 азамат 5 млн 100 мың теңге несие алды.

Халықты әлеуметтік қолдау – округ бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 34 азамат тартылып, 9 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, уақытша жұмыс орындарына 14 адам, орналасты. Округтегі 12 отбасыға 2 млн 48 мың 976 теңге  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек берілді.

Білім беру саласы - округ бойынша Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені мен Қазақстан негізгі мектебінде барлығы 131 оқушы білім алуда. Мұның сыртында мектепке дейінгі тәрбиемен 45 бүлдіршін қамтылған. Сонымен қатар, 78 бала ыстық тамақпен қамтылған. ҰБТ-ға 8 мектеп түлегі қатысып, нәтижесінде орташа көрсеткіш 72 баллды құрады. «Мектепке жол» акциясы аясында 23 балаға 132 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Талдыбұлақ ауылында фельдшерлік акушерлік пункт, Қазақстан ауылында медпункт жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Округте жыл басынан 14 бала дүниеге келді. Скринингтен 155, флюорографиялық тексерістен 157 адам өтті.

Мәдениет және спорт саласы бойынша округте 1 мәдениет үйі және 2 кітапхана бар. Округтегі өткізілген 34 мәдени шараларға 547 адам қатысты. Өткізілген спорттық шаралар саны 12, қатысқандар саны 174 адам. Ауыл жастарының қолдауымен «Туған жер» бағдарламасы аясында балалар ойын алаңы және хоккей қорабы пайдалануға берілді.

Газдандыру жұмыстары және ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша ауылдық округтегі әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар Талдыбұлақ, Қазақстан ауылдары  бойынша 154 үй көгілдір отынмен қамтылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Талдыбұлақ ауылында 132 үй таза ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы Қазақстан ауылында ескі ауыз су мұнарасы ауыстырылды. Қазақстан-Киров бағытындағы бөгет бөгелді. 

Абаттандыру. Санитарлық-тазалық жұмыстары аясында бөлінген қаржыға күл-қоқыс орындары тазартылса, округтегі өткізілген сенбіліктер нәтижесінде ауыл маңы тазартылып, реттелді. Көше жарықшамдарының барлығы электр үнемдегіш жарықшамдарға ауыстырылып, уақыт реттеу құрылғысы (таймер) орнатылды.