Округтегі 5 елді мекенде 236 аулада, 1003 тұрғын тұрып жатыр. Есептік кезеңде 13 отбасына (59 адам) 2020,2 мың. теңге көлемінде жаңа форматтағы АӘК жәрдемақысы, 33 отбасына 434,1 мың теңге көлемінде қайырылымдық көмек, соның ішінде «Баймұрат» ш/қ 194,1 мың. теңге  соммасына азық-түлік алынып берілді.

641 экономикалық белсенді халықтың 45 ресми жұмыссыздар есебінде тіркеліп тұр, олардың 39 бірнеше рет ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған 10 адам әр түрлі мамандықтар бойынша тегін оқуға жіберілді (4 оператор,2 аспазшы, 1 кондитер,1 әлеуметтік қызметкер,2 массажист). Маусым айының бірінші күні Тоғанас ауылында өрт сөндіру посты ашылып, оған жұмыссыз жүрген 9 адам тұрақты жұмысқа алынды.

Кәсіпкерлікті дамыту және мал басын көбейту мақсатында биыл 7 жеке кәсіпкер («Кәусәр», «Бисенгалиев Ж.», «Тасбулатова А.», «Дінмұханбет», «Динар», «Алишер», «Марксов З.Т.» ) және 4 шаруа қожалық («Мейрамбек», «Байтерек», «Демеу», «Алтын Ж») барлығы 39,7 млн. теңге несие алып, мал басын сатып алуда. Берілген несие көлемінің соммасы өткен жылмен салыстырғанда 23,3 млн. теңгеге артып отыр.

Округ бойынша 49 шаруа қожалығы, 1 ауылдық тұтыну кооперативі жұмыс жасап келеді.

Биылғы жылы барлығы 3667 га жерге жаздық дәнді және майлы дақылдар егілді, соның ішінде 1116 га жаздық бидай, 2159 га арпа, 112 га тары, 280 га мақсары. Сонымен қатар 1600 жерге әр түрлі мал азықтық дақылдары егілді. Өткен жылмен егілген дәнді дақылдардың көлемі 115 га артқанымен, ауа райының қолайсыздығына байланысты, егін шығымы өте нашар болды, орташа 2,4 центнер. Егілген алқаптардың 2055 га жері орылып, нәтижесінде 146 тонна күздік бидай, 28 тонна жаздық бидай, 343 тонна арпа, 21 тонна тары, 60 тонна мақсары алынды. Мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында биыл округ бойынша 33660 га жер, соның ішінде 1997 га житняк, 975 га судан шөбі шабылып, 100980 цн шөп өнімі алынды.

Шаруа қожалықтарының материалдық техникалық базаларын жаңарту мақсатында биыл 3 шаруа қожалықпен («Абай», «Нұрдаулет», «Раушан»)  барлық құны 20,5 млн.теңгеге 2 МТЗ-82, 2 кун, 1 ЖВН-6,4 маркалы жатка алынды.

Есепті кезеңде ауылдық округ бойынша 3558 бас ірі қара малы, 4275 бас қой, 242 бас ешкі, 1544 бас жылқы, 7 түйе,48 бас шошқа және 2670 құс тіркелген. Өткен жылмен ірі қара малы 1,4 %, ешкі 2,9 %, жылқы 0,3 %, шошқа 2 %, құс 0,2 % артып, қой 19,8 % кеміп отыр, сонымен қатар түйе 5 басқа көбейді.

Ауылшаруашылық малдарды бірейлендіру мақсатында жыл басынан 120 бас жылқыға таңба басылып, 1100 бас ірі қара малына, 2200 бас қойға, 20 бас шошкаға сырға салынды. Малдәрігерлік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 43 бас ірі қара малы бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталып, жойылды.

Ауылдық округ бойынша 1 жалпы орта (93 оқушы) және 1 бастауыш мектептері (12 оқушы) жұмыс жасап келеді, оларда 30 мұғалім жұмыс жасап, 105 оқушы білім алуда, сонымен қатар мектепалды даярлық топтарда 22 оқушы бар (В.И.Шубин атындағы ЖББОМ-11 оқушы, Құспанкөл бастауыш мектебі-11 оқушы). В.И.Шубин атындағы ЖББОМ оқушыларының 77 % (72 оқушы) ыстық тамақпен қамтылып отыр (1-4 сынып- 27 оқушы, 5-11 сынып-45 оқушы, соның ішінде, аз қамтылған-27, тасымалданатын-31), ал Құспанкөл бастауыш мектебінің оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылуда. В.И.Шубин атындағы ЖББОМ жанындағы интернатқа 14 оқушы орналастырылды. Сондай-ақ округте 3 шағын орталық жұмыс жасайды, оларда 41бала тәрбиеленуде (В.И.Шубин атындағы ЖББОМ шағын орталығы-14, Құспанкөл шағын орталығы-21, Аңқаты шағын орталығы-6). Күн сайын 44 оқушы автобуспен тасымалданып, оқытылады. 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестлеуге 1 оқушы қатысып, 102 балл жинады.

Округте тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында Тоғанас дәрігерлік амбулаториясы, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл медициналық пунктері қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда Қарағанды және Құспанкөл медициналық пункттері күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы кезге дейін дүниеге 9 сәби өмірге келіп, 9 адам дүниеден озды. Есепті кезеңде 133 адам скринингтен, 385 адам флюрографиядан өткізіліп, 1 адам туберкулезге шалдыққаны анықталды.

Округ бойынша есепті кезең ішінде 12 мәдени-спорттық шаралар өткізілді. Бұл шараларға 309 ауыл тұрғыны қатысты. Округ бойынша 2 ауылдық клуб, 3 кітапхана жұмыс жасап келеді.

Қазіргі таңда округ бойынша 143 жеке үйге көгілдір отын келіп тұр, немесе барлық үйлердің 60 % газбен қамтылып отыр. Сонымен қатар округтің газға қосылмаған әлеуметтік нысандарыда (Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл медициналық пункттері, Қарағанды ауылдық клубы, Құспанкөл кітапханасы, Аңқаты шағын орталығы, Құспанкөл бастауыш мектеп ғимараттары) газға қосылды.

Ауылдық округ аумағын күл коқыстан тазарту мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 500,0 мың теңге бөлініп 1250 тонна иесіз жатқан қоқыс шығарылды, бұған қоса ауыл тұрғындары өз қаражаттары арқылы 500 тонна қоқыс шығарды. Өткен жылмен салыстырғанда күл қоқыс шығару көлемі 250 тоннаға артты.

Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша есепті кезеңде 11 қылмыстық істер тіркеліп, олардың 5 ашылды, ашылмаған 6 қылмыстың барлығыда мал ұрлығына қатысты. Есепті кезеңде 56 хаттама толтырылып, 233 мың теңге айыппұл салынды, оның 156 мың теңгесі, немесе 66 % өндірілді.