Ауыл шаруашылығы саласы бойынша округте 28 қожалық, 1 ЖШС, 1 тұтынушылар кооперативі тіркеліп тұр, олар негізінен мал өсіріп, мал азығын дайындаумен айналысады.

2008 жылға ірі қара мал басы саны 4654 бас, с.і. аналық сиыр  2249 бас, қой мен ешкі 10008 бас, жылқы 2306 бас, үй құстары 822 болып есептеліп отыр. Сәйкесінше ірі қара мал 3 пайызға өссе, ұсақ мал 9 пайызға азайса, жылқы 23 пайызға, құс 28 пайызға өсіп отыр. Қыстақтарға 13500 тонна мал азығы дайындалып, 109 пайызға орындалды.

Округте 2 шаруа қожалығы өз қаражаттарына 2 ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды.

Мал басын көбейту мақсатында «Игілік» бағдарламасы аясында Есқайырова Б 1 млн 500 мың теңге, Құбашев С 1 млн 200 мың теңге қаржыға мал сатып алып жұмыстануда.

 Мал дәрігерлік, ветеринариялық, диагностикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласына келетін болсақ, бүгінгі таңда 2 сауда нүктесі, 1 кафе жұмыс жасап тұр.

Әлеуметтік салада округ бойынша Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек 20 жанұядағы 75 адамға, сомасы 3 824,1 мың теңге төленді. Материалдық көмек 39 адамға, 822,7 мың теңге, соның ішінде аз қамтылған отбасылар 15 адамға, 180,3 мың төленсе, барлық қаржы көздерінен 94 адамға, 1,317 мың теңге заттай, ақшалай көмектер жасалды.

Санаторлық-курорттық емделуге Жаңақала ауданына 7 адам, «Бурабай» санаториясында 2 адам барып демалды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 2018 жылы 84 адам тартылды. 2018 жылы «Жастар практикасынан» 4 жас маман тартылды. Әлеуметтік жұмыс орнына «Асар-Н» шаруа қожалығы 1 адам, «Азат»  шаруа қожалығы 2 адамды, «Өркен» шаруа қожалығы 1 адамды жұмысқа тартты.

Білім беру саласында  1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп жұмыс істеуде. Орта мектепте 2018-2019 оқу жылында 176 оқушы білім алса, даярлық тобында 10 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Мектеп жанындағы интернатта 10 оқушы тәрбиеленуде. Ыстық тамақпен 118 бала қамтылып отыр.

Жетікөл бастауыш мектебінде 9 оқушы, даярлық тобында 5 тәрбиеленуші бар. Ыстық тамақпен 100% қамтылған.

Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте дәрігерлік амбулатория Қосарал ауылында жұмыс істеп тұрса, Жетікөл ауылындағы медициналық пункт 2018 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

Жыл басынан 522 адам флюорографияға түскен (100%), скринингтік тексеруден 150 адам өтті, жылжымалы медициналық кешен арқылы 196 адам тексерілді. 13 сәби дүниеге келді, 6 адам қайтыс болды.

Мәдениет және спорт саласы -  округте 200 орындық мәдениет үйі бар. Мәдениет саласында барлық мерекелік іс-шаралар ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерімен өз деңгейінде жоспарлы түрде ұйымдастырылып келеді.

Ауыл кітапханасындағы  кітап қорына  жыл бойына 181 жаңа кітап қосылып, барлығы 19540 кітапты құрап отыр. Оқырмандар саны – 620 адам. 

Газдандыру мәселесі жөнінде - Қосарал, Жетікөл ауылдарының әлеуметтік  нысандарының жылыту жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр. Бүгінгі таңда округ бойынша 153 үй, с.і 136 үй Қосарал ауылында, 17 үй Жетікөл ауылында көгілдір отынға қосылды.

Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары – санитарлық  тазалық жұмыстары нәтижесінде округ аумағынан  2000 тонна күл-қоқыстар шығарылды.  Бұл жұмыстарға 300 мың теңге қаржы жұмсалды. 

Ағымдағы жылы жергілікті мүлік салығынан, жер салығынан, көлік салығынан және коммуналдық тұрғын үйлер пәтерақысынан түскен 430 000 теңге қаржыға ауыл шетіндегі иесіз мәйіттерді қоршауға материалдар және көше шамдарына қажетті жабдықтар сатып алынды.