АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

Ауыл шаруашылығы саласындағы 44 шаруашылық құрылымдарында (34-ШҚ, 2-ЖШС,8-ЖК) 71 (2016 жылы – 65 адам) адам жұмыс жасауда. Биылғы жылы округ бойынша барлық дәнді дақылдар көлемі 500 га. құрап (300 га. бидай, арпа 200 га.), орташа өнімділік 5,2 центнерден келіп отыр. Барлық алынған өнім 270 тонна. Округтегі мал басы санына тоқталатын болсақ бүгінде ІҚМ -3772 басты құрап, (2017жылы -3950) 178 басқа, азайып отыр. ҰҚМ-6241бас,(2017 жылы-6146) 95 басқа көбейіп отыр. Жылқы саны -1514(2017 жылы-1357) 157 басқа көбейіп отыр. Құс басы 1639(2017 жылы -1549) 90 басқа көбейіп отыр.

Округте 2 шаруашылық (Мансур-Жаһан, Беркәлі шаруа қожалықтары) асыл тұқымды мал басын өсірумен айналысуда. Олардағы мал басы саны 196 басты құрап отыр.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауды тиісінше пайдалана отырып, жеке қосалқы шаруашылықтағы мал өнімдерінің сапасын жақсартуға үлкен мән берілуде. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында «Береке» бағдарламасы бойынша округте 3 жеке кәсіпкер мемлекеттен 7 800 000 теңге несие алып, 39 бас ірі қара малын сатып алды.

Округте мал азығы қорын жинақтау мақсатында 13200 тонна мал азығы дайындалып, жоспар 107,6% орындалды. Жинақталған мал азығы мал қастағына толық жеткізілді.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 24 кәсіпкерлік субъектілері (1 шаштараз, 7 сауда нүктелері, 1 наубайхана, 2 кафе, 1 тігін ательесі, 1 пластикалық терезе жасау орны,1дөңгелек жасау орны) болса, онда 28 адам жұмыс жасайды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Округ бойынша жалпы халық саны – 1533 адам, 2017 жылмен салыстырғанда 70 адамға көбейіп отыр. Өткен жылы 66 адам жұмыс орнына соның ішінде: 9 адамға тұрақты, 18 адамға уақытша жұмыс орнына орталық арқылы жолдама беріліп жұмысқа қабылданды. Қоғамдық жұмысқа 79 адам тартылды.

Жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмекке 20  отбасына (79 адамға) 5108,9  теңге қаржылай көмек көрсетіліп, нәтижесінде 13 бас ірі қара малы, 59 ұсақ мал, 2-жылқы, 15- тауық сатып алынды. Бағдарламаға тартылған азаматтар ресми жұмыссыз ретінде тіркеліп,

9-уі тұрақты, 14-уі ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, сонымен қатар 2 азаматша кәсіптік білім алуға жолданды.

Жыл ішінде барлық қаржы көздерінен мектепке жол, мейірбандық айлығы аясында  1277,3  (2017 жылы – 1105,0 теңге) теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. 20 адамға 240,4 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар онкологиялық ауруға шалдыққан 6 адамға – 216,4 теңге, туберкулез ауруына шалдыққан 5 адамға – 180,2 теңге көмек берілді.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Округтің 1 білім беру (1 орта мектеп) ошақтарында мектеп алды даярлық сыныбындағы оқушыларды қоса алғанда 245 (2017ж.-271) оқушы білім алуда. Оның ішінде Қарағанды ауылынан 12 бала тасмалмен оқытылады. 2018 жылы жазғы демалыспен 150 оқушы қамтылды (2017 жылы - 178), яғни 84% қамтылды. Ыстық тамақпен 134 (2017 жылы - 144) оқушы қамтылып, 93% құрап отыр. Мектеп жанындағы балабақша мен шағын орталықтарда 42 бала тәрбиеленуде. Оқушыларға 43 педагог білім беруде.

2018 жылы 21 оқушы мектепті аяқтап, өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеуге 12 түлек қатысып, орташа балл – 76,4 (2017 жылы – 74,6) балды құрады. Түлектердің 10-ы грант иегері, соның ішінде 5-і жоғарғы оқу орнында оқып жатыр.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Тұрғындардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, ауру анықталған науқастарға уақытылы ем-дом шараларын жүргізу жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Округте 1 дәрігерлік амбулатория  және 2 фельдшерлік пункт  жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылдың 12 айында округ бойынша флюрографиялық тексерістен 605 адам өткізілді (2017 жылы - 972), профилактикалық тексеруден - 980 адам, сондай-ақ қан тамыр аурулары, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында скринингтік тексерумен 155 адамды (2017 жылы - 213) қамтыдық.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Округіміздің мәдениет саласында 1 мәдениет үйі 2 кітапхана жұмыс жасайды. Өткен  жылы ішінде 93 мәдени-көпшілік шаралар оздырылып, 5950 көрермен қамтылды.

АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Алғабас ауылы бойынша қазіргі таңда 1 су ұңғымасы арқылы 9 шүмекке су барып тұр. Бұдан бөлек ауыл тұрғындарының 46% үйлеріне ауыз су құбыры тартылған.

 Округ орталығы Алғабас ауылында 4 әлеуметтік нысандар мен 211 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылды. Сондай-ақ  Жаңаөңір ауылында ауыл ішілік газ құбырлары тартылып, 9 тұрғын үйді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізілді.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Округ бойынша 6 қылмыс (2017 жылы-22) тіркеліп, олардың 4 –і ашылды (2017  жылы-12) ашылу деңгейі 67%, 2 ашылмаған қылмыстың 2–ы мал ұрлығы фактісіне қатысты. Жыл басынан 467 әкімшілік хаттама толтырылып (2017 жылы-112), 269550  теңге айыппұл салынып,(2017 жылы-185947),оның 70% өндірілді(2017 жылы-15%), 6 әкімшілік хаттама жеке сот орындаушыға жіберілді(2017 жылы-8).