ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ

Жымпиты ауылдық округінде 1579 үйде 1764 жанұя тұрады. Оның құрамында 7068 адам бар. (с.і Жымпиты 5970, Өлеңті 990, Саралжын 108 адам)

Жымпиты ауылдық округі бойынша Жұмыспен қамту орталығында 25 адам ресми жұмыссыздар есебіне тіркелген, жұмыс іздеушілер саны – 349 адам.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 50 адам жастар практикасына, 14 адам әлеуметтік жұмыс орнындарына, 50 адам кәсіптік оқуға жолданса, 178 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылдың 12 - айында 467 адам тартылды. Мұның сыртында екінші рет аудан орталығында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы құрылып, 40 жұмыссыз жас өз қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіліп 78 отбасындағы 353 адамға 15425,5 мың теңге төленді. /с.і шартсыз түрде – 8 отбасындағы/ 26 адамға – 1236,36 теңге, шартты түрде – 70 отбасындағы /327 адамға – 14189,14 теңге төленді) Шартты түрде көмек алған отбасылар - 37 бас ірі қара, 110 бас  ұсак мал, 2 бас жылқы алды

Тұрғын үй көмегі 44 отбасыға 974,6 мың теңге төленді. Осыған қоса, аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында 33 отбасы (128 адам) мекемелер мен кәсіпорындарға тоқсанына бір рет азық-түлікпен көмек көрсету үшін бекітілді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер алушы 369 адамға 9 млн 696,7 мың теңге төленді. Аз қамтылған 555 отбасына 3 млн 188,7 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

 

МАЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Жымпиты ауылдық округі бойынша 51 шаруа қожалығы тіркелген. Соның ішінде 49-і мал өсірумен, 2 қожалық бақша егумен айналасады. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде ірі қара - 8401 бас, соның ішінде аналығы – 3844; ұсақ мал - 11738 бас, с.і аналығы – 8538, Жылқы - 3005 бас, аналық - 1237, құс - 2316, түйе - 38, аналық -19.

Жоғарыда көрсетілген ірі қараның 4484-і 53,3%, 5334  ұсақ малы 45,4%, 1983, 65,9% жылқы, 35 түйе шаруа қожалықтарына тиесілі.

2018 жылдың есепті кезеңіне ірі қарадан - 2502, ұсақ малдан - 6627, жылқыдан - 789 төл алынды.

Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ірі қара 308 басқа, жылқы 243 басқа, түйе 3 басқа артып отыр, ұсақ мал 761 басқа азайған.

Қой шаруашылығын асылдандыру бағытында «Хамза» шаруа қожалығы 13 бас, «Аққолқа» шаруа қожалығы 8 бас, «Аслан» шаруа қожалығы 20 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Округ бойынша мал шаруашылығымен айналысатын  27 шаруа қожалығы мен 1 АӨК және 2 жеке кәсіпкерге  үкімет тарапынан қаржылай  43 716 000 млн. теңге көлемінде субсидия төлентін болса, қазіргі таңда соның 29 651 000 млн теңгесі төленіп отыр. Қалған 14 065 000 теңге 2019 жылы төленеді. Жымпиты ауылдық округі бойынша 20.5 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар 100 % орындалды.  Мал азығын дайындау науқанында 48 трактор, 35 агрегат, 80 орақ жұмылдырылды.

Шөп дайындау науқанын қарқынды жүргізу мақсатында «Мерғали» шаруа қожалығы  өз қаражатына  1 шөп буғыш, 1тырнауыш және 1шөп шапқыш сатып алды. «Шідерті» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасына қатысып 63 000 000 теңгеге 85 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын сатып алса «Сұнқар» шаруа қожалығы күн сәулесінен баламалы энергия көзін алу қондырғысын, «Жәдік» шаруа қожалығы «Дрон» аппаратын, «Нұртілек» шаруа қожалығы жылқы малына GPS қондырғысын орнатып, пайдалануда. «Қайыр Айсулу» шаруа қожалығы (Сагынгалиев Кайр) 1 га жерге 400 түп отырғызып жеміс жидек өсірумен айналысып келеді.

Округ бойынша 60 гектар жерге картоп, 56,0 гектар жерге көкөніс, бау-бақша 20 гектар жерге егілсе, сәйкесінше 670 тонна картоп, 662 тонна көкөніс, 228 тонна бау-бақша өнімі алынды.

2018 жылдың наурыз-желтоқсан айларында аудан орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде тұрғындарға арзандатылған бағамен ет, сүт, бау-бақша өнімдері, жалпы 65 млн. теңгенің өнімі сатылды.

Мал дәрігерлік шаралар уақытында жоспарға сай жүргізілуде. Сібір жарасы ауруына қарсы 6700 бас ірі қара, 14300 бас ұсақ мал, 1900 бас жылқы. Құтыру ауруына қарсы 400 бас ірі қара, 400 бас ұсақ мал, 150 бас жылқы, 650 ит, мысық 50. Қарасан ауруына 5200 бас ірі қара,  пастереллез ауруына  қарсы 3000 бас ірі қара, 2800 бас ұсақ мал, жылқы 250 бас. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары жоспар бойынша 2500 болса, нақты бірдейленгені 4677 бас ірі қара, ұсақ малының жоспары 10500 бас болса, нақты бірдейленгені 10500 бас, жылқы таңбалау жоспары 748 бас болса, нақты таңбаланғаны 853 бас.

Бруцеллез ауруына 8726 бас ірі қара және 24073 ұсақ малдары зерттеліп соның нәтижесінде 7 бас ұсақ, 107 бас ірі қара малы бруцеллез ауруына шалдықты. Қазіргі таңда бруцеллез ауруына шыққан малдар жойылып, мал орындары 2857 шаршы метр бұқырланудан өтті.  Округ бойынша  249 ит, 72 мысық  жойылды, аудандық ветстанция арқылы келісім – шартпен ЖК Иставлетов Бауыржан атуда .

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

 Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды арттыруға қатысты тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлініп келеді.

Аудан орталығында 530 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Олардың 33-і жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 51 шаруа қожалығы, 446 жеке кәсіпкерлер. Соның ішінде 44 сауда орындары, 11 тұрмыстық қызмет көрсету обьектілері, 10 қоғамдық тамақтану обьектілері халыққа қызмет көрсетуде.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктері арқылы округтегі шағын және орта бизнесті дамыту жаңа деңгейге шықты.

«Игілік бағдарламасы аясында 18 адам 49 600 000 млн, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша  2 адам 9 200 000 млн, 8 адам «Іскер» бағдаламасы бойынша 49 400 000 млн теңге несие алды. 2018 жылдың сәуір айында Жымпиты ауылында «Ынтымақ» бағдарламасы аясында «Атамекен-Сырым» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің модульді мал сою пункті іске қосылды. Сонымен қатар Абай көшесі бойынан ауыл тұрғыны Т.Шайхиев азық-түлік дүкенін ашты.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Округте екі орта мектеп, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы», «Жас туристтер станциясы», «Балалар саз мектебі», «Сырым колледжі» бар. Екі мектепте 1193 оқушы оқиды. МАДС-да - 146 бүлдіршін. Осы екі мектепте - 136 педагог жұмыс жасайды. 2018 жылы 68 түлек бітіріп, соның ішінде 57 түлек ҰБТ қатысып, орташа балл 84,4 балды құрады. Алтын белгі - 6,  грант иегерлері - 31.

«Сырым колледжі» МКҚК 2017-2018 оқу жылында 5 мамандық бойынша 156 оқушы білім алды. 5 мамандық бойынша 94 түлек оқуын сәтті бітірді. Оқу жылында 23 инженер-педагог қызмет етті. Олардың 11 өндірістік оқыту шеберлері, 12-і арнайы және жалпы пән оқытушылары. Инженер педагогтардың 2-і жоғары санатты, 6-ы бірінші санатты, 11-і  екінші санатты, 4 -і санатсыз оқытушылар.

ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп. типтік жобамен 960 орынға арналып салынып, 1972 жылы пайдалануға берілді. 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарласымен күрделі жөндеуден өткізілді, аумағы 18096 ш.м. Мектеп директоры Акбасов Марат Хабиболлаұлы. Білімі жоғары, 2011 жылдан бері мектеп директоры. Мектепте 93 педагог, с.і жоғары санатты - 20, І санатты - 29, ІІ санатты - 20.Санатсыз- 24. Мектеп кітапханасында кітап қоры – 55939 дана. Мульти-медиа кабинеті жұмыс жасайды. Оқушылар саны 881, МАДС тобында 121 бала. Бір мезгіл ыстық тамақпен 444 бала қамтылған. Мектепте «Жас қыран», «Жасұлан» ұйымдары бар.

ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп- балабақша кешені типтік жобамен 444 орынға арналып 2003 жылы салынып, 2004 жылы пайдалануға берілді аумағы 666 ш.м. Мектеп директоры - Кулмуханова Нұржауған Жанатауқызы, білімі жоғары, 2016 жылдың тамыз айынан бері мектеп директоры қызметінде. Мектепте 43 педагог жұмыс жасайды,  с.і жоғары санатты - 6, І – санатты - 16, ІІ– санатты - 14. Мектеп кітапханасында кітап қоры – 13771 дана. Мектеп интернет желісіне қосылған, мультимедиа кабинеті жұмыс жасайды. Оқушылар саны 312,  МАДС тобында 25 бала, бір мезгіл ыстық тамақпен 205 бала қамтылған. Мектепте «Жас қыран», «Жасұлан» ұйымдары бар.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Округ аумағында 1 орталық аурухана, 1 фельдшерлік акушерлік пункті және 1 медициналық пункті халыққа қызмет көрсетуде. Бұнда қазіргі таңда 21 дәрігер мен 96 кіші мед. қызметкерлері қызмет жасайды. Жыл басынан 1105 адам ем алды, скринингтен 2302, флюорографиялық тексерістен 1861 адам өтті. Онкологиялық есепте тұрғандар саны 63 адам. Жыл бойына барлығы 143 сәби дүниеге келді.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана (1 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 1 балалар кітапханасы, 1 Өлеңті ауылдық кітапханасы), 2 музей, 2 стадион, 2 спорт алаңы, 2 спорт зал, 1 спорт кешені, 1 дене шынықтыру - сауықтыру кешені, 3 саябақ бар.

Жыл басынан жоспарға сай мәдени - спорттық шаралар өткізілді. Жыл бойына 68 спортық шара өткізіліп, 4800 адам қатысты, көпшілік мәдени шара бойынша 180 шара өткізіліп, барлығы 51200 көрермен қамтылды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамту мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелерінің бірі.

Осы мақсатта, тұрғындар тарапынан үй салам деушілерге ауылдық жер қоры есебінен жер телімдері кезекпен беріліп келеді. Бүгінгі таңда үй салуға жер телімін сұраушылар кезегінде 485 адам тіркеуде тұр. Өткен жылы «Қарасу» мөлтек ауданында ауыз су, жарық, табиғи газ желілері жүргізілген 93 жер учаскесінің 47-не тұрғын үй құрылысын салу және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін шешім қабылданды.

 

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ

Жымпиты-Өлеңті ауылдарына табиғи газбен қамтылған. Барлық әлеуметтік нысандар толық газ желісіне қосылған.  1503 тұрғын үйдің 1484-ті немесе 91,8 пайызы табиғи газдың игілігін көруде. Саралжын елді мекеніндегі 29 тұрғын үйдің 12-не көгілдір отынға қосылған. Өлеңті ауылының Д.Кусупкалиев көшесіне газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға конкурс берілді.

 

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ

Аудан орталығы көшелерінің тазалығы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтармен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар округтегі қордаланған қоқыс үйінділерін шығару үшін жергілікті бюджеттен 480 мың  теңге бөлініп, 1880 тонна қоқыс полигонға шығарылды. Биылғы жылдың көктем, кұз айларында тазалық айлығы шеңберінде өткен сенбіліктерге округке қарасты 62 мекеменің 1749 қызметкерлері қатысты. Айлық аясында орталық көшелерден, өзен жағалауы мен сай-салалардан жалпы көлемі 49 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигонға шығарылып, оған 16 техника жұмылдырылды. Айлық кезінде аудан орталығындағы саябақтарға 950 түп ағаш көшеттері отырғызылды.  Жымпиты ауылы «Қарасу» мөлтек ауданына «Қайсар» спорт клубы қыркүйек айында 12 млн 983 мың теңгеге балалар спорт алаңы салынды. Сонымен қаттар Жымпиты ауылының С.Датов, Амангелді, Мұхит көшелеріне қыркүйек айында 2 млн 300 мың теңгеге 248,88 метр жер теліміне жаяу жүргіншілерге арналған өрнек тастар төселді.

Ауылдың санитарлық-тазалығын қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің айналасынан қоқыс үйінділерінің пайда болуын алдын алу мақсатында Жымпиты, Өлеңті ауылы көшелеріне 1 млн 740 мың теңгеге 38 дана қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер алынды. 240 мың теңгеге 8 дана пластикалық бөтелкелерге арналған контейнер алуға тапсырыс берілді.

Қазіргі таңда Жымпиты ауылында 407-і Өлеңті ауылында 67-і және Саралжын ауылында 4-і көше жарық шамдары орнатылған. Оның 244-і энергия үнемдегіш шамдар. Биылғы жылы 1 млн 500 мың теңгеге көше жарықтарына арналған электр үнемдеуіш жарық шамдары алынды.

2018 жылдың II жартыжылдығына орталық зиратқа апаратын жолға «Сырым» МКҚК арқылы ұзындығы 750 метр жолға ақ тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша округтегі су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары бітіп, Жымпиты мен Өлеңтідегі 1557 үйдің - 1531 үйге су кірді, яғни 98,33 пайыз. Саралжын елді мекені ауыз суды құдықтан пайдаланып отыр.

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ

Ағымдағы жылдың мамыр, маусым айында 78 млн 848 мың теңгеге Өлеңті ауылының кірме жолына 0,9 метр жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Ауылдық округте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда 4 учаскелік полиция инспекторы және олардың 2 көмекшісі жұмыс жасайды. Есепті мерзім ішінде 51 қылмыс тіркелсе, соның ішінде Жымпиты ауылында 39, Өлеңті ауылында 12 қылмыс орын алды. Округте тіркелген 51 қылмыстың 22-і ашылған. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші 43,1 % құрайды. Округ бойынша тіркелген 13 (Жымпиты -9, Өлеңті-4) мал ұрлығы фактісінің  2-і (Жымпиты-1, Өлеңті-1), яғни 15,3% ашылған.

2018 жылдың 12 айында 479- әкімшілік хаттама толтырылып 2596 197 теңге айыппұл салынып, 1 984 122 теңгесі немесе 76 пайызы өндірілді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 11 бейне бақылау камерасы орнатылған, оның 9-ы Жымпиты ауылында (үшеуі жұмыс жасап тұр Қаратаев-С.Датов қиылсы, Қаратаев Амангелді қиылысы,  Амангелді көшесі «Нұр Отан» ғимараты,  3-і Өлеңті ауылында. (үшеуде істен шыққан)

Аудан орталығында орналасқан мешіттің ішіне және сыртына бейне бақылау камерасы орнатылып, осы бейнекамераларды басқарып отыратын пульт Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жедел кезекші бөлмесінде орналасқан.