Алғабас ауылдық округіндегі 3 елді мекенде 2017 жылдың 1 сәуіріне 353 тұрбада 1715 адам немесе 493 отбасы тұрады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар178, мектеп оқушылары 243, зейнеткерлер 193, мүгедектер-52, жұмыс іздеушілер есебінде тұрған-111, жұмыс жасайтындар -420, студенттер 115 қалғандары өз шаруашылықтарымен айналысатындар және үй шаруасындағы жұмыссыздар.
Егін және мал шаруашылығы
Округ бойынша барлығы 38 шаруа құрлымы тіркелген,оның / 34 ш/қ ,4 ЖШС/  Бұл шаруашылықтардың 7 егіс 24 мал шаруашылығымен қалғаны мал азығын дайындаумен айналысады.
2016 жылы агробизнес-2020 бағдарламасы аясында шаруашылықтар материалдық техникалық базасын жаңарту бағытында 2 шаруашылық 1 дана МТЗ-80 мен 2 дана шөп тайлағыш  сатып алса, 2017 жылы «Миллат» ШҚ 1 МТЗ-80 сатып алды.
Шағын және орта бизнес
Округтегі шағын және орта бизнес саласына келер болсақ округте 58 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген

Кәсіпкерлік түрлері

Тіркелгендер саны

Жұмыс жасайтындар

ЖШС

4

3

Шаруа қожалықтары

34

27

Жеке кәсіпкерлер

20

11

барлығы

58

41

  Шағын кәсіпкерлік саласында бүгінгі таңда 97 адам жұмыс жасауда. Округте 3 дүкен ,2 кафе , 1шаштараз, 1 тігін ательесі ,1 пластикалық терезе шығаратын цех жұмыс жасауда. Өткен жылы жаңадан 5 ЖК тіркеліп отыр.2016 жылы  «Береке» бағдарламасымен 2 азамат 2млн100 мың тенге несие алып,  қазіргі уақытта 13  бас ірі қара малы  бордақылануда 

Білім беру саласы
Округте бүгінгі таңда 1 орта 1 бастауыш мектеп жұмыс жасауда.Бұл мектептерде барлығы 243 оқушы білім алуда,оқушыларға 46 мұғалім білім беруде. Ыссы тамақпен 139 бала қамтылып отыр. Мектеп жанындағы балабақша мен шағын орталықтарда 68 бала тәрбиеленуде. 2 мектеп интернет желісіне  қосылып отыр.Мектептердегі комьпютер саны -25 дана.Өткен жылы орта мектеп  7 жаңа комьпютер, 10 парта, 22 тақта алынып берілді. Сонымен қатар ЖБ бөлінген қаржыға Алғабас орта мектебінің алдыңғы жақ бетінің қоршауы жаңартылды. Қарағанды ауылынан 17 бала тасмалмен оқытылады.

Денсаулық саласы
Бүгінгі таңда 1 дәрігерлік амбулатория 2 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Байланыс комьпютермен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда округке жоғары білімді дәрігер қажет етеді. 2017 жылдың  бірінші тоқсанында 5 сәби дүниеге келсе, 2 адам қатыс болды.

Халықты әлеуметтік қолдау
2017 жылдың сәуіріне округ бойынша 111 адам жұмыс іздеушілер есебінде тіркеліп тұр. Қоғамдық жұмысқа 29 адам тартылды. 18-жасқа дейінгі 30 отбасындағы 73 балаға 494,3  мың тенге  төленді.
Мәдениет  және спорт саласы
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі және 2 кітапхана жұмыс жасауда. Кітапханаларда  35085 кітап қоры / 16557 қазақ тілінде/ 1189 оқырман бар. Өткен жылы кітапханалар коры 385 дана жаңа әдебиеттермен толықты. Барлық  айтулы мерекелік шаралар аталып өтті. Мәдениет бөлімі , ауылдық «Қайсар» әдіскерінің және ауыл жастарының ұйымдастыруымен түрлі деңгейде  мәдени көпшілік шара өткізіліп тұрады. Қазіргі уақытта  жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында мектеп спорт залы аптаның төрт күні сағ кешкі 19-21 сағат аралығында жастарға спортпен айналасуына мүмкіндік бар сонымен қатар  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде спорт алаңы жасақталды, бұл нысан да ауыл тұрғындарының жастардың жазғытұры салауатты өмір салтын ұстануға спортпен айналысуға өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Ауыз су мәселесі
 Бүгінгі таңда Алғабас ауыл ішінде 8 нүктеден қалыпты су берілуде, және 71 тұрғын үй құжаттарын рәсімдеп үйлеріне су өткізді.Тиісті профилактикалық шаралар «Сырым» ММКК арқылы жүргізілуде.Жаңа-Өңір,Сасықкөл ауылдары бойынша 3 құдықтан тұрғындар ауыз суды пайдаланып отыр.Қосымша Сасықкөл ауылынан бір ауыз су құдығы қазылып үйшік орналастырылды. Жоспарлы түрде санэпидстанция мамандарымен пайдаланып отырған су тексеріліп отырады.

Тұрғын үй және құрлыс саласы
Округ орталығында тұрғындар тарапынан тұрғын үй құрлысын салу үшін жер телімдерін алуда.Биылғы   жылы 1 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде және өткен 2016 жылы  2  азаматқа тұрғын үй салу үшін жер сұрап жер телімінің актілері толтырылды.Бүгінгі күні Алғабас ауылындағы көппәтерлі бір тұрғын үйдің/ общежития/ тозығы жетіп тұр. Қазіргі таңда 10 адам тұрғын үй кезегінде тұр./ 4 әлеуметтік статус,2 бюджет.қызметкер, 4 ата-анасы жоқ балалар есебінде/

Санитарлық тазалық абаттандыру жол мәселесі
Округ бойынша елді мекендерді абаттандыру,санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында аудан әкімінің наурыз айындағы аудан көлемінде санитарлық экологиялық айлықты өткізу туралы қаулысына байланысты елді мекендерде ауыл тұрғындарының, жастардың, мекемелердің қатысуымен сәуір айында сенбіліктер ұйымдастыру жоспарлануда.

Байланыс
Күнделікті тіршілігімізде тағы да бір маңызды сала-бұл байланыс. Бүгінгі таңда барлығы 86 нүктеде телефон желісі «Билайн», «Актив» үялы байланысы  жұмыс жасауда /оның 11  Сасықкөл ауылында 4 Жаңа-Өңір ауылында. Дегенмен барлық байланыс түрі болғанмен интернет жылдамдығы сын көтермейді,өте нашар.
Газ мәселесі
Бүгінгі таңда Алғабас ауылында 194 тұрғын үй мен  бюджеттік мекемелер көгілдір отын пайдаланып отыр,сонымен қатар Тоғанас-Сасықкөл бағытында көгілдір отын тарту жұмыстары 2016 жылы басталып биылғы жылы аяқталады деп күтілуде.