Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабында белгіленген құзырлығындағы міндеттер негізінде атқарады.
Сонымен қатар, жұмыс регламенті, жылдық және айлық жоспарлар, ауылдық округі әкімінің Ережесі бойынша өз жұмысын жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығына сәйкес 2017 жылдың 20 қаңтарында округ әкімі округ көлемінде іске асырылып жатқан реформалар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, оны әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы есебі берілді.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы округ тұрғындарына мен талқыланып, жолдаудың екінші басымдығы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» № 919 қаулысымен бекітілген бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылып, соның нәтижесінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында 5 азамат несие алуға ниет білдіріп отыр.
Қыс мезгілінде ауыл ішілік жолды тазартуға бөлінген қаржыға «Себек» шаруа қожалығымен келісім шартқа отырып, ауылішілік жолдар уақытылы тазартылып отырды. Сонымен қатар көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында «Сайнов А» шаруа қожалығымен келіссөздер жүргізіліп, су жүру жолдары уақытылы тазартылып, төтенше жағдай оқиғасы тіркелген жоқ.
Сонымен қатар округ бойынша 16 отбасына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалса, қоғамдық жұмысқа 25 –  адам тартылды. Бұның сыртында отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатыстыру мақсатында аз қамтылған отбасыларға «Өрлеу» жобасы түсіндіріліп, бір отбасына 370974 теңгеге қол жеткізді.
Округ аумағында ауыл тұрғындарының жазғы мал бағылымын ұйымдастыру мақсатында округтің барлық бағыттары бойынша мал бақташыларымен келісім шарт жасақталып, мал бағылымы ұйымдастырылды.

Округ әкімі                                            Ж.Мухамбетжанов