Ауыл шаруашылығы

Ауданымыз негізінде ауыл шаруашылығына бағытталған, соның ішінде мал шаруашылығы. 2017 жылдың  1 қаңтарына 10 шаруа қожалығы  тіркеліп отыр.
Мал шаруашылығында 2017 жылдың 1 қаңтарына  ірі қара мал –  684, қой мен ешкі барлығы – 3766, жылқы  -326,  үй құстары – 749 болып  отыр. Тұрғындардың келісімімен мал бағымы екі бағытқа бағылатын болды және әр мал басына басына 500 теңге ден деп шешілді.
Жануарларды бірдейлендіру, жылқыларды таңбалау жұмыстары сәуір айының 15 нен басталып  жүргізіледі.


Әлеуметтік сала
Бүгінгі таңда Бұлан ауылдық округінде 2 елді мекенде 2017 жылдың 1 қаңтарына  Бұлан -602,  Жамбыл – 348, барлығы 950 адам немесе  256 отбасы тұрады.  Соның ішінде мектеп жасына дейінгі  балалар - 102, мектеп жасындағы балалар / оқушылар/ -135 , студенттер-12, зейнеткерлер- 95,  тылда еңбек еткендер- 17 , әскер қатарында-2, мүгедектер -32, оның ішінде бала жасындағы мүгедектер-2. Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдар саны-18.

Кәсіпкерлік

2017 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша ауылда 3 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен 1 кәсіпкерге  көбейіуде  соның ішінде жұмыс жасайтындарының саны 3. Бұлан ауылы бойынша 5 азамат тіркеліп алдағы айларды несие алып мал өсірумен айналысуға ниет білдіріп отыр.

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік желіні 1  фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, сондай-ақ 1 туберкулезге қарсы ауруханасы (заңды тұлға) кіреді.
Туғандар саны  3 адам,  қайтыс болғандар саны -1 адам .
2017 жыл басынан бері күндізгі емдеу бөлімінде -43 ауыл тұрғыны ем алды.  Үйге шақыртып ем алғандар саны 98 адамды құрайды.
Жоспар бойынша флюрографияға  1 тоқсанында түсуге тиіс адамдар саны 45  ауыл тұрғын болса соның 45-де түсіп  100% пайызға орындалып отыр. Диспансерлік есепте  тұрған  тұрғындар саны- 142.

Мәдениет саласы бойынша

Округ аумағында  мәдени ағарту  саласына  келсек 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 спорт әдіскері өздерінің жылдық жоспарларына сәйкес жұмыстарын атқаруда.  Өткізілген  мәдени шара - 12, қатысқан   адамдар саны-322. Спорттық шаралар-13, қатысқан адам  саны -247.  

Білім беру

   
Білім беру желісін 1 жалпы білім беретін  және 1 негізгі мектеп құрайды (135 оқушы), барлық мектепте мемлекеттік тілде оқытады. Мектептер компьтермен қамтылған, интернетке қосылған. Екі мектеп бойыншша  35 мұғалім білім беруде. Оқу жылында   108 бала ыссы тамақпен қамтылып отыр.
Мектеп жанынан 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс  істеуде. Шағын орталықта  барлығы 34, балабақшада 20  бала қамтылуда,  3 тәрбиеші қызмет етуде.

Елді мекенді абаттандыру

Қаңтар, Ақпан, Наурыз айларында көше жолдарын қардан тазарту және су жолдарын ашу жұмыстары «Кәрім» ШҚ және «Тагра» ЖШС Тазалық айлығы кезінде әр үй иесі өз ауласын, үй жай айналасын тазалау,сенбіліктерге қатысып тазалық жұмыстары жүргізіледі. «Тагра»ЖШС келісіліп қыстай қордаланған тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмысы сәуір айының 20 нан кейін  ұйымдастырылатын болады 10т. 3500теңгеден деп келісілді. Өткізілетін сенбіліктер кезінде 200 дана ағаш көшеттері отырғызылады.

Қылмыс

2017 жылы 3 айында мал ұрлығы және қылмыс тіркелген жоқ. 13 құқық  бұзушылық  анықталап , әкімшілік  хаттама  толтырылды. Салынған айыпұл көлемі түгелімен өндірілді.