Ауылшаруашылығы саласы:

 Округтің ауылшаруашылық құрылымдары негізінен егін және малшаруашылығымен айналысады. Округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 8 шаруа қожалығы бар.
Округте – 1280 бас ірі қара, соның ішінде 475 бас сиыр, 1785 бас қой мен ешкі, 671 бас жылқы, 866 құс тіркелді.
Жыл басында Талдыбұлақ, Елтай ауылдық округтері бойынша бас малдәрігері жұмысқа кірісті. Мал дәрігерлік шаралар  егу және қан алу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп, сынамалары  облыстық және аудандық зертханаларда тексеріліп, сарып аурына шалдыққан мал анықталған  жоқ.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жұмыссыз ауыл тұрғындары мал басын көбейту, құс өсіру бағытында несие алуға жұмыстанып, құжаттарын дайындауда.

Шағын және орта бизнес:

Аудандық Кірістер басқармасында округте 4 кәсіпкер тіркелгенімен қазіргі таңда, потент алып отырған жеке кәсіпкерлер Саркеева Күлайым және Избасова Жанылсын ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлікпен қамтуда.  

Әлеуметтік сала:

2017  жылдың І тоқсаныда тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 3 адам, ресми жұмыссыздар есебінде 4 адам тұр, 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Мемлекеттік жәрдемақы 4 отбасының 14 баласына тиісті 100,86 теңге жәрдемақы тағайындалды.
Білім саласы:

ЖББ Тасқұдық негізгі мектеп ұжымында 18 ұстаз, соның ішінде жоғары санаты 1 ұстаз, 1-ші санатты- 4 ұстаз, 2 –ші санаты 4 ұстаз және 14 техникалық қызметкерлер еңбек етеді.
Мектепте 39  оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында 7 оқушы. Тасқұдық негізгі мектеп жанындағы бала-бақшада 20 бала тәрбиеленуде, 7 қызметкер еңбек етеді.

Денсаулық сақтау саласы
Округ көлемінде 1 медициналық пункт  жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласы бойынша дәрігердің қарауында ересектер 320, балалар 83. Тегін дәрімен қамтылған ересектер – 44 адам,  балалар – 3. Флюорографияға түскендер саны - 32 адам.
            
Мәдениет және спорт саласы:

 Тасқұдық ауылында 1 мәдениет үйі бар. Округ бойынша 2017 жылдың І тоқсанында  27 мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жоспар өткізіліп, 809 адам қатысты.
Ауылдық кітапхана Мәдениет үйінде орналасқан. Кітап қоры 13 750, келген жаңа әдебиеттер саны 15 кітап.
22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні округте кең көлемде Тасқұдық Мәдениет үйінде аталып өткізілді. Шарада ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, ұлттық ойындар ойналды.
Санитарлық тазалық және абаттандыру:
 Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылуда. Cырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 30 түп қарағаш жас көшеттерге сұраныс берілді.
Қоғамдық тәртіп:

Округ бойынша 2017 жылдың қаңтар айында учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты М.Мухангалиев таныстырылды. І тоқсан бойынша округте тәртіп, құқық бұзушылық, арыз-шағымдар тіркелмеген.
Газдандыру және ауыз су:

Ауылдық округтегі барлық әлеуметтік нысандар табиғи газбен жылытылып, қалыпты жұмыс жасап тұр. Тасқұдық ауылында 60 үй көгілдір отынмен қамтылып отыр.