Әлеуметтік сала

Округте Қосарал, Жетікөл, Ағоба, Қарақұдық елді мекендері бойынша  – 263 отбасы 1188 тұрғын бар. Зейнеткерлер  103. Мүгедектер саны 38 адам, 5-і бала жастан, 3 адам – І топ, 18 адам – ІІ топ, 12 адам – ІІІ топта.  Жыл басынан 3 сәби дүниеге келді.

Ауыл шаруашылығы

Округтің экономикалық  негізгі бағыты - мал шаруашылығы болып табылады. Округте 26 қожалық, 1 ЖШС тіркеліп тұр, олар негізінен мал өсіріп, мал азығын дайындаумен айналысады. Жеке тұрғындармен шаруашылық құрылымдарындағы мал басы саны - ірі қара мал – 4750 бас, с.і. аналық сиыр – 2025 бас, қой мен ешкі – 12730 бас, жылқы – 1850 бас,  түйе – 5 бас және үй құстары –  632 басты құрайды.

Білім беру саласы

Округте 2 мектеп – орталықта жалпы білім беретін Сырым орта мектебі балабақша кешені  және Жетікөл ауылында бастауыш мектеп жұмыс істейді. ЖББ Сырым  орта мектебінде – 177 оқушы. МАДС-18, балабақшада 36, шағын орталықта 20 тәрбиеленуші бала бар. Жетікөл бастауыш мектебінде – 12 оқушы, МАДС – 4, шағын орталықта – 11 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Денсаулық саласы

Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт жұмыс жасап тұр.
Ауылдық амбулаторияның 5 керуетті күндізгі емдеу бөлімінде жыл басынан  105 адам ем алды, үйден ем алғандар саны 6 адам. Диспансерлік есепте 243 ересек, 55 бала тіркеліп тегін дәрі-дәрмек, ем алып отыр. Жоспар бойынша жыл бойына 695 адам флюорографияға түсуге тиіс болса, 3 айда 63 адам түскен. -і   өтті.
Туу жасындағы (15-49 жас аралығындағы) әйелдер саны 215 адам болса, бүгінгі күні  есепте 9 жүкті әйел тіркеуде тұр, 3 бала дүниеге келді.
Жыл басынан қайтыс болғандар саны 4 адам.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округте 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана бар. Мәдени-спорттық шаралар жоспарлы түрде өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді. Қаңтар айында С.Датұлының 275 жылдығына арналған «Ел бірлігін ойлаған Сырым батыр» атты әдеби сазды кеш өтті. Шараға аудан әкімі А.А.Шыныбеков бастаған қонақтар қатысты. Жымпиты халық театрының артистері Ж.Тілековтің «Дала кемеңгері» қойылымын қойды. Әдеби-сазды кеш аудандық әжелер ансамлінің, Қ.Мырзалиев атындағы, Сырым орта мектеп оқушылары мен көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Шараны ЖББ Сырым орта мектеп балабақша кешені ұстаздарының хоры Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтады.  Ұлыстың Ұлы күні наурызға арнап, көріністер мен  концерт қойылды, түрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін паш ететін театрландырылған көріністер қойылып,   ұлттық тағамдардан дастархан жайылды. Далада ошақ құрылып, наурыз көже, бауырсақ дайындалып Наурыз мейрамына ұлттық спорт түрлері аударыспақ, қол күресі, гір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды.