Әлеуметтік сала:  округ аумағында 203 тұрбада 900 адам  тұрады.  Округ бойынша 12 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 3 адам жаңадан кәсіп ашып тіркелді, 7 адам  шаруа қожалықтарына әлеуметтік жұмыс орнына, 2 адам мектепке, 22 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылса, 1 азаматқа материалдық көмек және 11 отбасындағы 29 балаға  балалар жәрдемақысы тағайындалды. Білім қоры арқылы 26 отбасының 70 баласы ыссы тамақпен қамтылды.
«Береке» бағдарламасы аясында үш азамат 3 млн 600 мың тг несие қаражатын алып 21 бас ірі қара мал басын бордақылау арқылы өсіруде.
«Өрлеу» бағдарламасымен екі отбасына 612 мың теңге қаражат бөлініп, мал сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Ауыл шаруашылығы: Есепті кезеңге ауылдық округте 2779 бас ірі қара, соның ішінде 1459 бас сиыр, 3390 бас қой, 569 бас ешкі, 293 бас жылқы және 992 құс тіркелген. Ауыл шаруашылық құрылымдарының еншісінде - 1828 ірі қара, 1149 сиыр, 1973 қой, 51 ешкі, 114 бас жылқы, 106 құс бар.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 13 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген. Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру немесе мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.
Округтегі «Талап», «Азамат», «ГауМар», «Жанқожа», «Қаратай», «Дос», «Рамазан», «Көкөріс», «Мөлдір-А» ШҚ-тары, «Қадыржан-Қанат» ЖШС, «Тамды», «Қоңыр- Даму» АШӨК субсидияға құжаттарын тапсырды.
Білім беру саласы:  ЖББ Жосалы орта мектебін 2016-2017 оқу жылында 123  оқушы қабылданды. Мектеп бітіруші 9 түлектің 9-ы да ҰБТ-ға қатысып, 65,2 орташа балл жинады. 22 оқушы тасымалмен оқиды, 70 оқушы ыссы тамақпен қамтылды.
Денсаулық саласы:  Округ бойынша 1 фелдакушерлік пункт, 1 медициналық пункттер ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Ауылдық дәрігерлік амбулатория 5 керуеттік күндізгі ем қабылдау,  алғашқы көмектің дәрі-дәрмектерін сататын дәріханамен жабдықталған. Жоспарлы скринингтік  тексеруден 101 адам  жыл ішінде өтеді. Флюрографиялық  тексеруден 35 адам  өтті. Күндізгі стационардан 60 адам тегін ем алды. Бір жасқа дейінгі бала саны-5. Есептегі жүкті әйелдер-8.
Мәдениет және спорт:  Округте 2 кітапхана,   2 клуб  бар.   2017 жылға кітаптар қоры -40709 дана. Оқырмандардың жалпы саны 560 адам. Мәдени ошақтар материалдық техникалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Округтегі спорт өкілі  волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, күрес, дойбы т.б. ойын түрінен  спорттық шаралар жиі өткізіп тұрады.
Ауыз су және газдандыру жұмыстары: Бүгінгі таңда ауыл ішінде 10 нүктеде су беріліп отыр. Округ бойынша әлеуметтік нысандар мен 56 тұрғын үй, яғни 27 пайыз көгілдір отынға қосылды.
Байланыс, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары: Ауылдық округке сандық станциясы қойылып, байланыс сапасы жақсарды. Қазіргі уақытта 164 нүктеде телефон желісі жұмыс жасауда. «Beelinе» ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.
Сәуір-мамыр айларында көшеттер отырғызу, санитарлық айлық өткізу жоспарлануда. Ауыл тұрғындары тұрғын үйлерінің айналасын өз күштерімен абаттандырып, ауыл келбетін түзетуге атсалысады.
Ауыл көшелерін жарықтандыруда қазіргі кезде Қоңыр ауылының 8 көшесінде, Тамды ауылының 2 көшесіне, Былқылдақ елді мекенінің 1 көшесіне көше жарықшамдары орнатылған.

Қоғамдық тәртіп:  Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында 1 учаскелік инспектор жұмыс жасауда. Осы есепті кезеңге округ көлемінде  қылмыстық іс тіркелген  жоқ, 11 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып құқық бұзушылықтарға түрлі деңгейде әкімшілік шаралар қолданылды. Округтегі тоқсан сайын өткізілетін қоғамдық келісім кеңесінің отырысында ауылдағы қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі тыныштықтың бұзылмауы, маскүнемдіктен азаматтарды алшақтату барсысында кеңес өткізіліп тұрады.