Әлеуметтік сала: округтегі 4 елді мекенде 215 отбасы, 1083 тұрғын бар. Соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар 453 адам.
Жыл басынан 2 азаматша тұрақты жұмысқа орналасты. 1 жұмыссыз ЖББ Абай орта мектеп балабақшасына, 1 ресми жұмыссыз ЖББ Көздіқара негізгі мектебіне
Округ бойынша жыл басынан 2 адам тұрақты жұмысқа орналасқан болса, ақылы қоғамдық жұмыстарға  -  16 адам тартылды,  13 отбасындағы 32 балаға 427 мың 766 теңге балалар жәрдемақысы берілді.
Ауыл шаруашылығы: Округ бойынша ірі қара малы - 3060 бас,  қой-ешкі  - 9330 бас, жылқы - 2192 бас,  түйе – 4 бас, құс -1020 .
Бүгінгі таңда ауылдық округте 21 шаруа қожалығы мен 1 ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген.  Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру, мал басын асылдандыру және мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.
«Береке»  шағын несие бағдарламалары аясында  ЖК «Абдуғалиева Г» 1 млн 400 мың теңге несие алды.
Ауылдық округi бойынша мал дәрiгерлiк шараларда жоспарға сәйкес атқарылуда.
Бруцеллез ауруына 2017 жылдың 3 айында 581 бас ірі қара тексеріліп, оң нәтиже берген 20 бас ірі қара анықталып, уақытында жойылып, ет комбинаттарына тапсырылды.
Кәсіпкерлік саласы: Ауылдық округтің экономикалық дамуына шағын және орта бизнес субьектілері салмақты үлес қосып келеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласында 26 адам, 3 адам сауда саттық саласында дүкендерде, 21 шаруа қожалықтары және 2016 жылы құрылған «Игілік» бағдарламасы аясында ЖК «Рахметов Ғ», «Қажмухамбетов А» мен 2015 жылы құрылған заңды тұлға «Көздіқара»  АТК жұмыс жасауда.
Білім беру саласы: ЖББ Абай орта мектебі мен Көздіқара негізгі мектептерінде 43 ұстаз оқушыларға дәріс берсе, аталған мектептерде биылғы оқу жылында 120 оқушы білім алуда.
Шағырлой ауылындағы  «Айгөлек» балалар бақшасында 23 бүлдіршін тәрбиеленсе, 20 бүлдіршін шағын орталықта және 15 бүлдіршін Көздіқара орта мектебі жанынан ашылған шағын орталықта тәрбиеленуде.
Денсаулық сақтау: Бұл салада 2 фельдшерлiк пункт /ФП/, 1-фельдшерлік акушерлiк пункт /ФАП/  жұмыс жасайды. 2017 жылы 3 айда  жедел жәрдем -  42 адамға көрсетілсе, Күндізгі стационарда емделгендер саны 66 адам.
Мәдениет және спорт: Ауылдық округте 1 ауылдық мәдениет үйі бар. Округтің 2 кітапханасы өздерінің жоспарлары бойынша атаулы мерекелерге арнап дөңгелек үстелдер, бұрыштар, оқырмандармен кездесулер ұйымдастырды. Шағырлой ауылдық кітапханасында кітап қоры 15436 кітап, оқыман саны 510 адам, ал Көздіғара кітапханасында 6831 кітап, 153 оқырман.
Мәдени көпшілік спорттық шаралар өздерінің жылдық бекітілген іс-шараларына сәйкес орындалуда.
Аудан көлемінде өткен волейбол, шағын футбол, баскетбол, қол күресі т.б. жарыстарда ауылдық округ спортшылары жүлделі орындарға иеленді.
Байланыс және газдандыру жұмыстары:  Округтің 98% тұрғыны байланыс нүктелерімен қамтылған. Beeline ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.
Шағырлой ауылы бойынша 85 үй толық газ өткізіп, пайдаланып отыр.
Әлеуметтік нысандар көгілдір отынмен қалыпты жұмыс жасап тұр. Көздіқара елді мекенінде 2016 жылы 17 тұрғын үйге газ қосылды.
Көздіқара ауылының бюджеттік әлеуметтік мекемелері көгілдір отынға қосылды.
Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары:   жыл ішінде жарияланған санитарлық айлық аясында бері 1 рет сенбіліктер ұйымдастырылып, 60 тонна көлемінде күл - қоқыстар шығарылып,  5 үйге ескертулер берілді.
Қоғамдық тәртіп: Қоғамдық тәртіп сақтау бағытында 1 жергілікті полиция  инспекторы жұмыс жасауда. 2017 жылы қылмыстық оқиға тіркелген жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ішкі жұмыстары

Сарой ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларының
Жылдық жоспары  11 млн 600 мың теңге, 3 айда 3 млн 400 мың теңге игерілді.       
2017 жылы ауылдық округ әкімі аппаратының қолма қол дербес шотымызға (КСН) «КазПошта», «Қазақтелеком» мекемелеріне ғимараттарды жалға беру қызметі  төлемдерінің түсімдерінен  20 мың теңге  қаржы түсті.
2017 жылдың 3 айында жазбаша  1 жеке тұлғадан өтініштер түсіп, қанағаттандырылды.  Мемлекеттік қызмет ету стандарттары мен регламенттері бойынша   «жеке қосалқы шаруашылықтағы  мал  бар екендігі туралы»  3 анықтама  және «елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы» 3 анықтама берілді.
Жыл басынан елдi мекендерде  Елбасының Жолдауын насихаттау, «Агробизнес-2020», «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлерді дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» түсіндіру,  Экологиялық айлық және мал бағу, өзекті мәселелер туралы 331 тұрғындардың қатысуымен әр түрлі  жиын жиыналыстар өттi.

Көктемгі әскери медициналық комиссияға шақыртылған  14 баланың 6-і, медициналық тексеруден өтті.