2017 жылдың 1сәуірге Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша жалпы халық саны – 900 (Талдыбұлақ – 700, Қазақстан – 200 ). Аула саны 179, бос тұрған аула саны 6 .
Жалпы округ аумағында - 179 аулада 900 адам  тұрады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар–91, даярлық тобында-16,  мектеп оқушылары–133, зейнеткерлер–76, мүгедектер–20,  жұмыс іздеушілер есебінде тұрған – 32 ,  студенттер–56, жұмыс жасайтындар–234, қалғандары өз шаруашылықтарымен айналысатындар және үй шаруасындағы жұмыссыздар.
2017 жылдың 3 айында жасалған іс-шараларға тоқталып өтетін болсақ: Ағымдағы жылдың қаңтар айының 20, 25 күндері округке қарасты Қазақстан ауылында және Талдыбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен аудан әкімінің халық алдында есеп беру кездесу жиындары өтті. Бұл жиынға ауыл тұрғындары қатынасып, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін ортаға салып, тиісінше жауабын алды. Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауын халыққа насихаттау, түсіндіру мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар бойынша шаралар атқарылуда.

Әлеуметтік сала
Округ бойынша үш айда 23 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында  2  отбасы /7 балаға/  балалар жәрдемақысы тағайындалды. 1 адамға денсаулығына байланысты материалдық көмек берілді.

Ауыл шаруашылығы
 Есепті кезеңге /01.01.2017 ж/ ауылдық округте 1894 бас ірі қара,2241 бас қой мен ешкі, 407 бас жылқы және 1553 құс тіркелген.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 14 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген. Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру немесе мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған. 
Қазіргі таңда ауыл шарушылық құрылымдары мал азығын дайындау жұмыстарына кірісіп кетті.
Шағын кәсіпкерлік саласы
 Округте шағын және орта бизнестің дамуына толық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда 3 сауда нүктелері, 1 кафе тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Биылғы жылы 6 кәсіпкер «Береке» бағдаламасы бойынша несие алып мал бордақылаумен айналысуда.

Білім беру саласы
 Округте 2 білім беру ошағы еліміздің болашағы жастарға білім беруде. Талдыбұлақ орта мектебі биылғы оқу жылында 104, Қазақстан НМ 29  оқушы білім алуда.

Денсаулық саласы
Округ бойынша 1 ФАП, 1 медициналық пункттер ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. ФАП – та 5 керуеттік күндізгі ем қабылдау,  алғашқы көмектің дәрі-дәрмектерін сататын дәріханамен жабдықталған.

 

Мәдениет және спорт

Округте 2 кітапхана,   1 мәдениет үйі  бар.   2017 жылдың үш айында кітаптар қоры –  12815 дана. Оқырмандардың жалпы саны 445 адам. Мәдени ошақтар материалдық техникалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Округтегі спорт өкілі  волейбол, футбол, баскетбол, күрес, дойбы т.б. ойын түрінен  спорттық шараларды жиі өткізіп тұрады.
Ауыз су және газдандыру жұмыстары
 2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша халыққа таза ауыз су жүргізіліп  пайдалануға берілді.  Ауылдық округтегі барлық мемлекеттік мекемелер газбен жылытылуда. Талдыбұлақ ауылы бойынша 125 үй, Қазақстан ауылында 24, барлығы 149 үй табиғи көгілдір отынмен жылытылуда.

Байланыс, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары
Ауылдық округке сандық станциясы қойылып, байланыс сапасы жақсарды. Қазіргі уақытта 144 нүктеде телефон желісі жұмыс жасауда.
Ауыл тұрғындары тұрғын үйлерінің айналасын өз күштерімен абаттандырып, ауыл келбетін түзетуге атсалысуда. Ағымдағы жылға санитарияға 500 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыруға 727 мың теңге бөлініп, ауыл іші күл – қоқыстан тазартылып, ауыл ішілік жолдарға қиыршық тас төселеді.
Ауыл көшелерін жарықтандыруда қазіргі кезде Талдыбұлақ ауылының 4 көшесінде, Қазақстан ауылының 2 көшесіне көше жарықшамдары орнатылған. Ауылдық округтің әл-ауқатын көтеру бағатындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Қоғамдық тәртіп
Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында 1 учаскелік инспектор жұмыс жасауда.