Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  2017 жылғы 31 қаңтардағы дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау түсіндіру мақсатында Техникалық реттеу және метрологиялық комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Ж.Р.Тығынбаевтың қатысуымен жиналыс өткізіліп, Жолдауда көрсетілген 5 басылымдықтар түсіндіріліп берілді. Жиналысқа ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Ағымдағы жылдың 17, 26 қаңтар  күндері ауылдық округ бойынша әкімдердің есеп беру кездесулері ұйымдастырылды. Есеп беру кездесулер барысында ауыз су, жол, байланыс, бұралқы иттерді жою, бөгеттерді күшейту мәселелері көтеріліп, әрбір көтерілген мәселе бақылауға алынып, олардың шешу жолдары қарастырылуда.
Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша 241 аулада 1027 ауыл тұрғыны тұрып жатыр. Экономикалық белсенді халықтың 41 ресми жұмыссыздар есебінде тіркеліп тұр, олардың 24-і ақылы қоғамдық  жұмысқа тартылды. Жыл басында балаларға арналған жәрдемақы алуға 23 отбасы өтініштер жазып, олардың тиісті құжаттары қабылданып, комиссия шешімімен тағайындауға жіберіліп, нәтижесінде 21 отбасыға жәрдемақы төленетін болды. Мектептердегі қайырылымдылық айлық акциясы аясында аз қамтылған оқушыларға 12,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы 1 жас маман 6 ай мерзімге ауылдық округ әкімі аппаратына  жұмысқа қабылданды. Тыл еңбеккерлерінің денсаулықтарын жақсарту мақсатында 1 тыл еңбеккері «Ақжайық» шипажайына жолдама алып, демалып келді.
Қазіргі уақытта 2 мектепте 107 оқушы білім алуда, олардың 12 интернатта орналастырылған. Күн сайын 47 оқушы тасымалданып оқытылып келеді. Тұрақты түрде оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп тұр. Мектепте әр түрлі үйірмелер, секциялар жұмыс жасайды. Күрес секциясына қатысушы Әмірхан Батырханұлы қазақша күресінен аудан біріншілігіне қатысып, жеңімпаз атанып келді. Сонымен қатар облыстық дәрежедегі жеңіл атлетикадан өткізілген турнирде аудан намысын қорғаған мектеп оқушылары командалық жүлделі ІІІ орынға ие болды. Үстел теннисі секциясының оқушылары аудандық үстел теннисі турниріне  қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды.
Округте 1 амбулатория, 3 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетіп келеді. Есепті кезеңде 36 адам флюрографиядан,70 адам скринингтен өткізілді. 2000 жылғы туылған ер балдар толықтай медициналық тексеруден өткізіліп, алғашқы әскери есепке алынды.
Есепті кезеңде мәдениет және спорт саласы қызметкерлерімен 7 шара ұйымдастырылды. Олар Социалистік Еңбек Ері В.И.Шубинді еске алуға арналған ауылішілік спорттық эстафеталық жарыс, ауған соғысы ардагерлер күні, алғыс күні, халықаралық әйелдер күні, көрісу айт, Наурыз мейрамына арналаған спорттық –мәдени шаралар, «Ауыл кеші көңілді» атты концерт. Сонымен қатар Тоғанас ауылдық кітапханасында «Алаш қозғалысы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел оздырылды. Бұл шараларға барлығы 198 адам қатысты. Ауыл жастарымыз аудандық шағын футбол турниріне қатысып, 12 команда ішінен 2 орынға ие болды. «Қайсар» СК әдіскерінің ұйымдастыруымен В.И.Шубин атындағы ЖББОМ спортзалында аптсына 3 рет жаттығулар жүргізіліп тұрады. Әр түрлі спорт түрлерінен құрылған округ командалары аудан көлемінде өткізіліп жатқан барлық спорттық турнирлеріне қатысып келеді. Мәдениет саласын техникалық жабдықтармен қамту мақсатында Тоғанас ауылдық кітапханасына жаңа компьютер құрал жабдықтарымен сатып берілді.
Шолақаңқаты ауылдық округ тұрғындарының негізгі кәсібі болып мал шаруашылығы болып табылады. Қазіргі уақытта округ бойынша 4102 бас ірі қара, 6093 бас қой, 309 бас ешкі, 1272 жылқы 2 бас түйе, 31 шошқа, 2730 бас құс бар. Бірінші тоқсанда 856 бас бұзау,18 бас құлын, 963 бас қозы, 79 бас лақ алынды. Малдәрігерлік профилактикалық жұмыстар басталып жеке тұрғындар малдарынан қан алынып, вакцинациялау, бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Есепті кезеңде 450 бас ірі қара малына сырға салынып, 120 бас жылқы таңбаланды. Жоспарға сәйкес 400 бас қойға сырға салу жоспарлануда.
Ауыл тұрғындарына «Береке» бағдарламасын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізіліп, жиналыста аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы К.Молдагалиев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Жоламанов, кәсіпкерлер палатасының директоры А.Балгалиев, аудандық «Ветеринария станция» ММ директоры Ә.Мұхитов қатысып, бағдарламаны барлық жағынан түсіндіріп, кеңестер берді. Осы «Береке» бағдарламасы арқылы ауылдық округ бойынша 2 ауыл тұрғынына 5,5 млн.теңге бөлініп, олармен 30 бас еркек баспақтар сатып алынып, бордақылауға қойылды. Осыдан басқа өз қаражаты есебінен 7 ауыл тұрғыны және 5 шаруа қожалығы бордақылауға барлығы 171 ірі қара малын, 81 жылқы қойып отыр. Округтегі бордақылау алаңдарының жұмысымен танысу мақсатында ауданның басқа елді мекендер тұрғындары округке арнайы келіп, тәжірибе алуда. Тоқсан ішінде ауыл тұрғындарымен және шаруа қожалықтарымен 200 бас қой, 100 бас ірі малы, 20 бас жылқы етке тапсырылып отыр. Мал басын көбейту мақсатында жаңадан ашылған «Демеу» шаруа қожалығы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы мал басын сатып алу үшін құжаттарын тапсырып, нәтижесін күтуде. Материалдық техникалық базасын жаңарту мақсатында «Раушан» шаруа қожалығымен бір данадан кун және шөпшапқыш алынып отыр. Қазіргі уақытта шаруа  қожалықтары көктемгі далалық жұмыстарға дайындық жүргізуде, арзандатылған дизелдік сұйық отын тасымалдап, техникаларын жөндеуде.
Суармалы алқаптарды қалпына келтіру мақсатында Шолақаңқаты өзеңі бойындағы су қоймасының шлюзін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды атқаруға жұмыссыз жүрген 5 ауыл тұрғыны тартылып отыр. Шлюзді жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары аулаларына өзең суын тартып алуға мүмкіндік болады, аулаларында бұрынғыдай бау бақша еге алады.
Күзден бері жеке кәсіпкер А.Айсагалиевамен Сегізүй ауылындағы жасанды су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл су қоймасында балық өсіру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкермен құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан «Дорремсервис» ЖШС-мен ауылдық округке қарасты елді мекен жолдары 5 рет қардан тазартылды. Сонымен қатар өздерінің бастамасымен ішкі жолдарды қардан аршу жұмыстарын «ПМК-17» ЖШС, «Правда», «Қарағанды» шаруа қожалықтары жүргізіп келді. Көктемдегі су тасқынын алдын мақсатында Округке қарасты «Правда» шаруа қожалығымен келісім шарт жасақталып, қожалықпен бір қатар жұмыстар атқарылды. Елді мекендер көшелері жолдары қардан аршылып, Шолақаңқаты өзеңіне жүретін су жолдары қырылды. Сонымен қатар ресми жұмыссыздар арқылы қауіп төндіретін жерлер, жол асты су жүретін трубалар қардан аршылды. Ауылдық округ бойынша электржарық бірқалыпты берілуде, ауыл тұрғындары үзіліссіз ауыз сумен қамтамасыз етілуде, барлық әлеуметтік нысандардың жылыту жүйесі тұрақты жұмыс жасауда.
Ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үйлерін газификациялау жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімінің орынбасары Т.С.Төреғалиевтің және мердігер мекемелер басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарының жиналыстары өткізіліп, мердігер мекемесі сайланды. Қазіргі таңда «Алия Сервис» ЖШС-мен Шолақаңқаты өзеңі астынан трубалар тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы газификациялау жұмыстары сәуір айының аяғында басталады.
Есепті кезеңде 3 қылмыс фактлері тіркеліп, оны біреу тез арада ашылды. Полиция инспекторымен 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Ауылдық округ әкімі                                                                                 Т.Айткалиев