Жымпиты ауылдық округінің 2017 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері

Жымпиты ауылдық округінде ағымдағы жылдың І тоқсанында 1532 үйде 1724 жанұя тұрады. Оның құрамында 6966 адам бар. (с.і Жымпиты 5804, Өлеңті 1050, Бірінші май 112 адам)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
 Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды арттыруға қатысты тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлініп келеді.
Аудан орталығында 472 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Олардың 33-і жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 49 шаруа қожалығы, 390 жеке кәсіпкерлер. Соның ішінде 44 сауда орындары, 11 тұрмыстық қызмет көрсету обьектілері, 10 қоғамдық тамақтану обьектілері халыққа қызмет көрсетуде.
2017 жылдың наурыз-мамыр айларында аудан орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде тұрғындарға арзандатылған бағамен ет, сүт, бау-бақша өнімдері,  жалпы 5.293 млн. теңгенің өнімі сатылды.

МАЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Округте І тоқсан қорытындысы бойынша ІҚМ мал басы 7236, қой мен ешкі 14901,  жылқы – 2382, құс басы – 2414 құрады.
Мал басы санының соның ішінде ірі қараның 3628-і (50,1%), қой-ешкінің 7314-і (49,1%), жылқының 1534-і (64,4%), 47 түйе шаруа қожалықтарына тиесілі.
Күні бүгінге ауылдық округімізде 49 шаруа қожалығы тіркелген. Соның ішінде 48-і мал өсірумен, 1 қожалық бақша егумен айналысады.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасымен  1 ауыл шаруашылық  құрылымы («Али-Дар» ш/қ) 5,0 млн. теңгеге  27 бас аналық, 1 бас асыл тұқымды аталық мал сатып алып отыр. Сонымен қатар  «Әсем» шаруа қожалығы «ҚазАгроҚаржы» арқылы 1 МТЗ-82 тракторын сатып алды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған»  бағдарламасы»  аясында округ бойынша 37 адам 144.4 млн теңге көлемінде несие алуға ниет білдіріп отыр. «Береке» бағдарламасы бойынша 14 жеке кәсіпкер 37.0 млн. теңге несие алып 141 бас ірі қара малын сатып алды.

ХАЛЫҚТЫ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚОРҒАУ
«Жұмыспен қамту» орталығында 2017 жылдың 1 сәуіріне 25 адам ресми жұмыссыздар есебінде болса, жұмыс іздеушілер – 283 адам болды. 2017 жылдың 3 айлығында  жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 25 адам жұмысқа орналасты (с.і 17-сі тұрақты, 8-і уақытша жұмысқа орналасты) 11 адам жастар практикасына жолданды, 9 адам әлеуметтік жұмысқа орналасты. 181 адам қоғамдық жұмысқа жолданып, оларға 4,427,079 мың теңге жалақы төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасындағы 3 адамға 6,9 мың теңге; 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 129 отбасындағы 333 балаға  2,143,0 мың теңге; тұрғын үй көмегі 34 отбасыға 593,4 мың теңге төленді.
«Өрлеу» жобасы шеңберінде мал шаруашылығымен айналысу үшін 3 отбасыға және көрпе-көпшік жасаумен айналысуға 1 отбасыға шартпен 590,330 мыңның ақшалай көмегі берілді.
Осыған қоса, аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында 33 отбасы  (130 адам) мекемелер мен кәсіпорындарға тоқсанына бір рет азық-түлікпен көмек көрсету үшін бекітілді.
«Мейірімді көктем» қайырымдылық айлығы аясында 204 адамға 310,0 мың теңгенің әр түрлі деңгейдегі көмегі көрсетілді.
Жыл басынан 14 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 5 адам тифлотехникалық құралдармен қамтылып отыр.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 5 мүгедек Щучий қаласы «Алмаз» шипажайына және бюджет есебінен 10 тыл ардагері «Ақжайық» шипажайында ем алды.
22 қариялар мен мүгедектерге, 1 балаға, және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 5 адамға - барлығы 6 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1 мүгедек жұмыспен қамтылды.
«Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігі 11 мүгедек балаға қамқорлық көрсетіп отыр.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Округте білім беру жүйесін жалпы орта білім  беретін 2 мектеп (Қ.Мырзалиев ат. орта мектеп, Ж.Досмұхамедов ат. орта мектеп балабақша кешені), 2 мектепке дейінгі, (мектеп балабақша-1, «Балдырған» балабақшасы) 3 қосымша білім беру (Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, жас туристтер станциясы, Балалар саз мектебі) және 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті құрайды.
2016-2017 оқу жылының ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 2 мектепте 1062 бала білім алуда. Қазіргі таңда 609 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
«Балдырған» балабақшасында 140 бала, жалпы білім беретін  Ж.Досмұхамедов атындағы орта  мектеп-балабақша кешенінде 100 бала тәрбиеленуде.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде Жымпиты ауылынан 35 балаға оңалту шаралары жүргізілуде.
786 мектеп оқушысы қосымша білім берумен қамтылған, соның ішінде
«Жас туристер станциясы»-да 20 үйірмеде 248 бала, «Балалар саз мектебінде 147 бала, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы 10 үйірмеде 391 бала.
Сырым колледжінде 4 түрлі мамандықтарда жалпы 138 оқушы білім алуда.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Медициналық көмекті ауыл халқына 3 медициналық ұйым көрсетеді, атап айтқанда 1 орталық аурухана, 1 фельдшерлік пункт, 1 медициналық пункт. Бұнда қазіргі таңда 31 дәрігер мен 183 орта буын мед қызметкерлері қызмет жасайды. Жыл басынан 238 адам ем-дом алды, скринингтен 1629, флюорографиялық тексерістен 1107 адам өтті. Онкологиялық есепте тұрғандар саны 57 адам. 2017 жылы (3 айда) 19 сәби дүниеге келді.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана (1 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 1 балалар кітапханасы, 1 Өлеңті ауылдық кітапханасы), 2 мұражай, 2 стадион, 2 спорт алаңы, 2 спорт зал, 1 спорт кешені, 1 дене шынықтыру–сауықтыру кешені, 3 саябақ бар.
Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 6 спорт түрі бойынша 9 үйірмеге 161 оқушы қатысады.
Жыл басынан жоспарға сай мәдени-спорттық шаралар өткізілді. 2017 жылы І тоқсанында  101 спортық шара өткізіліп,  2120  адам қатысты, көпшілік мәдени шара бойынша 177 шара өткізіліп, барлығы 19818  көрермен қамтыды.
Алдағы уақытта бекітілген жылдық жоспарға сәйкес мәдени шаралар жалғасын табады.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Ауылдық округте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінде 3 учаскелік полиция инспекторы және олардың 3 көмекшісі жұмыс жасайды. 2017 жылдың 3 айында 15 қылмыс тіркеліп, оның 13 ашылды. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші  86,6  пайызды құрайды. Округ бойынша 1 мал ұрлығы тіркеліп, ол ашылды. 
Округ бойынша мал жеті бағытқа шығады. Соның төрт бағытында мал бақташылары бар, ал қалған үш бағытта малдар өз еркімен қараусыз жайылады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 12 бейне бақылау камерасы орнатылған, оның 9-ы Жымпиты ауылында, 3-і Өлеңті ауылында орналасқан. Оның ішінде Өлеңті ауылында 1 бейнекамера, Жымпиты ауылында 3 бейнекамера жұмыс жасап тұр. Осы бейнекамераларды басқарып отыратын пульт Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жедел кезекші бөлмесінде, Өлеңті ауылындағы тірек пунктінде орналасқан. Бұл да өз кезегінде құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізетіні сөзсіз.
                         
ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамту мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелерінің бірі.
Осы мақсатта, тұрғындар тарапынан үй салам деушілерге ауылдық жер қоры есебінен жер телімдері кезекпен беріліп келеді. Бүгінгі таңда үй салуға жер телімін сұраушылар кезегінде 415 адам тіркеуде тұр. Өткен жылы «Қарасу» мөлтек ауданынан 93 орынға ауыз су, жарық, табиғи газ желілері тартылды. Биылғы жылы 93 адам жер учаскелерін алу үшін тиісті құжаттарын жинақтауда. 
Қазіргі таңда бір пәтерлі 14 тұрғын үй құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаты дайын.

СУМЕН ҚАМТУ
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша округтегі су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары бітіп, Жымпиты мен Өлеңтідегі 1503 үйдің - 1478 үйге су кірді, яғни 98,3 пайыз. Бірінші май елді мекенінlе 3 ауыз су құдықтары бар. Биылғы жылы Өлеңті ауылына техникалық су тарту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қажетті материалдар сатып алынды.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ
Жымпиты-Өлеңті ауылдарына 2010-2011 жылдары табиғи газ тартылып, округтегі барлық әлеуметтік нысандар толық газ желісіне қосылып 1532 тұрғын үйдің 1394-і немесе 91 пайызы табиғи газдың игілігін көруде. Бірінші май елді мекеніндегі 29 тұрғын үйдің 7-і газ желісіне қосылды. Қазіргі танда ауылдық округ бойынша 84 тұрғын үй газ желісіне қосылмаған.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ
Ауыл көшелерінің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында әр ай сайын ақылы қоғамдық жұмыс арқылы жұмыссыздар тартылып келеді.
Қазіргі таңда жалпы округ бойынша ауыл көшелеріне 478 көше шамдары орнатылған. Оның 244-і энергия үнемдегіш шамдар. Биылғы жылы С.Датов көшесінен О.Исаев көшесіне дейін, Ж.Досмұхамедов ат. орта мектептен Өлеңті ауылына кірме жолға дейін, Қадыр Мырза Әли алаңынан аудандық сотқа дейін жаяу жүргіншілер жолын жасақтау, Қазмұнайгаз жанар жағармай құю бекетінің артындағы мәйітті қоршау, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған алаңдар жасақтау жұмыстары жүргізілетін болады.    

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезде Жымпиты ауылдық округі бойынша ұзындығы 27,2 шақырымды құрайтын жалпы қолданыстағы 46 көше жолдары бар. Соның ішінде 12 шақырымы асфальтты-бетон жолдар, 15,2 шақырымы кесекті-гравильді жолдар. Сонымен қатар өткен жылы басталған Қажмұқан, Мұхит көше жолдарының орташа жөндеу жұмыстары биылғы жылы жалғасуда.