Әлеуметтік сала

Округте Қосарал, Жетікөл, Ағоба, Қарақұдық елді мекендері бойынша  – 263 отбасы 1188 тұрғын бар. Зейнеткерлер  95. Мүгедектер саны 38 адам, 5-і бала жастан, 3 адам – І топ, 18 адам – ІІ топ, 12 адам – ІІІ топта. 
Бүгінгі таңда «Өрлеу» бағдарламасына 5 отбасы 28 адам тартылды.

 

Ауыл шаруашылығы

Округтің экономикалық  негізгі бағыты - мал шаруашылығы болып табылады. Округте 26 қожалық, 1 ЖШС тіркеліп тұр, олар негізінен мал өсіріп, мал азығын дайындаумен айналысады. Жеке тұрғындармен шаруашылық құрылымдарындағы мал басы саны - ірі қара мал – 4873 бас, с.і. аналық сиыр – 2200 бас, қой мен ешкі – 16867 бас, жылқы – 1983 бас,  түйе – 2 бас және үй құстары –  715 басты құрайды.  

 

Шағын кәсіпкерлік саласы
Бүгінгі таңда 4 сауда нүктесі, 1 кафе бар.
Ауылдық округ әкімі аппаратымен 2017 жылдың 6 айында ауыл тұрғындарынан мүлік салығы 44794 тенге, жер салығы 40252 тенге  жиналып бюджетке тапсырылды, барлығы 92 % ға орындалып отыр.

 

Білім беру саласы

Округте 2 мектеп – орталықта жалпы білім беретін Сырым орта мектебі балабақша кешені  және Жетікөл ауылында бастауыш мектеп жұмыс істейді. ЖББ Сырым  орта мектебінде–177 оқушы. МАДС-18, балабақшада 36, шағын орталықта 20 тәрбиеленуші бала бар. Жетікөл бастауыш мектебінде–12 оқушы, МАДС–4, шағын орталықта–11бүлдіршін тәрбиеленуде. Екі мектепке де бүгінгі күні күрделі жөндеу жүргізілуде.

 

Денсаулық саласы

Округте арнаулы автокөлікпен, телефон байланысымен жабдықталған дәрігерлік амбулатория және 1 медициналық пункт жұмыс жасап тұр.
Ауылдық амбулаторияның 5 керуетті күндізгі емдеу бөлімінде жыл басынан  176 адам ем алды, үйден ем алғандар саны 17 адам. Диспансерлік есепте 251 ересек, 58 бала тіркеліп тегін дәрі-дәрмек, ем алып отыр. Жоспар бойынша жыл бойына 695 адам флюорографияға түсуге тиіс болса, 6 айда 188 адам түскен, туберкулезбен есепте 4 адам тіркелген.
Туу жасындағы (15-49 жас аралығындағы) әйелдер саны 217 адам болса, бүгінгі күні  есепте 13 жүкті әйел тіркеуде тұр, жыл басынан бері 5 сәби дүниеге келді.
Жыл басынан қайтыс болғандар саны 5 адам.


Мәдениет және спорт

Ауылдық округте 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана бар. Мәдени-спорттық шаралар жоспарлы түрде өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді. Қаңтар айында Сырым Датұлының 275 жылдығы қарсаңында «Ел бірлігін ойлаған Сырым батыр» атты әдеби – сазды кеш барысында Сырым бабамыздың рухына тағзым ете отырып Ғ.Мүсіреповтың «Болашаққа аманат»  қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Кеш соңында осы шараға қатысушы қонақтар Сырым баба туралы өз пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта кіндік қаны тамған жерінде бабаға арналып ескерткіш орнатылатындығын жеткізді.
Аналар мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні наурыз, Жеңіс күні көріністер мен  концерттер қойылып, футбол, волейбол, тенис ойындарынан турнирлар, ұлттық спорттық ойындардан (аударыспақ, арқан тартыс, қол күресі) жарыстар жоспарлы түрде өткізілді.
Жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіру мақсатында қолбасшы батыр, би, шешен Сырым Датұлынының 275 жылдығына арналған «Айбынды жігіттер–2017» аудандық байқауына ауылдық округ атынан Төкеш Сырымбек қатыстырылып, байқаудың барлық шарттарын жоғары дәрежеде орындап, жүлделі 1-ші орынға ие болды. 


Елді мекендерді абаттандыру

Санитарлық тазалық айларында ауыл тұрғындары белсенділік танытып өз қаражаттары есебінен 90 тұрғын үй маңдарындағы қыстан жиналған 2480 т  күл-қоқыстарын «Тагра» ЖШС техникасымен  үйден арнайы полигондарға шығарды.
Астана күніне орай жерлесіміз, кәсіпкер Б.Күсесов  балабақша ауласын ойын алаңымен жабдықтамақшы.  Биыл ауылымызда барлығы 250 түп ағаш көшеттері отырғызылды, соның ішінде 150 түп орталық саябаққа отырғызылды, оның 60 түбін өз қаражатына сатып әкеліп кәсіпкер Б.Күсесов отырғызды.
Елді мекендердегі санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру мақсатында 500 мың тенге қаржы бөлінді, «Тагра» ЖШС ұтып алып, қатты, қауыпсыз қалдықтарды шығаратын полигондарды жинақтап, абаттандыру және иесіз қалдықтар, қордаланған қоқыстарды шығаруға жұмыстанады. Алдағы өткізгелі отырған Сырым батырдың 275 жылдығына орай ауылға кіре берісте арка жасалмақшы, бұл жұмысты жерлесіміз кәсіпкер А.Әлімбетов  іске асырмақшы және «Сырым» ГКП-сы  аудан орталығына қатынасатын тас жолдың қыс мезгілінде қар басатын ауылға кіре беріс жерлерін биіктетіп, жазда жаңбырда батпақ болып автокөліктерді жүргізбейтін бөліктеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізбекші.

 

Қылмыс пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

2017 жылдың 6 айында округ бойынша 4 қылмыстық іс (мал ұрлығы)  тіркеліп, 2 ашылды.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша 40 әкімшілік хаттама толтырылып, әртүрлі шаралар алынды. Соммасы 94164,5 теңге айыппұл салынды. (100% өндірілді).