2017 жылдың 1 шілдесіне Алғабас ауылдық округі бойынша жалпы халық саны – 1724 (Алғабас – 1297, Жаңаөңір-205, Сасықкөл-222).

Жалпы жыл басынан округ аумағында 353 аула, 493 отбасы  бар. Соның ішінде мектеп оқушылары – 243, зейнеткерлер -193,  мүгедектер – 52,  жұмыс іздеушілер есебінде тұрған – 117,  студенттер – 115, жұмыс жасайтындар – 420, қалғандары өз шаруашылықтарымен айналысатындар және үй шаруасындағы жұмыссыздар.
Бүгінгі таңға дейін жасалған іс-шараларға тоқталып өтетін болсақ: Ағымдағы жылдың қаңтар айының 26  күні Алғабас ауылында және округке қарасты Жаңа-Өңір, Сасықкөл ауылдарында округ әкімінің есеп беру жиындары өтті. Бұл жиынға ауыл тұрғындары қатынасып, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін ортаға салып, тиісінше жауабын алды. Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауын халыққа насихаттау, түсіндіру мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар бойынша шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, биылғы жылдың сәуірдің 20-да Алғабас ауылында, 22 күні Сасықкөл, Жаңа-өңір елді-мекендерінде жыл сайынғы сход жиналысы өткен болатын.
Ағымдағы жылдың  маусым айының 21 күні округімізде «Аудан әкімдігінің елді мекендеріндегі ашық есік күндеріне» орай жиналыстар өткізілді.

Әлеуметтік сала
2017 жылдың шілдесіне округ бойынша 117 адам жұмыс іздеушілер есебінде тіркеліп тұр. Қоғамдық жұмысқа 38 адам тартылды. 18-жасқа дейінгі 40 отбасындағы 80 балаға 801,5  мың, 20 адамға 200 мың тенге материалдық көмек  төленді. 2 адам тұрақты, 1 уақытша жұмысқа тартылды. 1 адам жастар тәжірибесінен өтті.
Есептік кезенде 23 отбасында 31,0 мың тенге көлемінде көмек берілді.
Сонымен қатар, 2 онкологиялық ауруға шалдыққан адамға 68,1 мың, туберкулез ауруына шалдыққан 3 адамға-102,1 мың тенге көлемінде  көмек берілді.

Ауыл шаруашылығы
2017 жылдың 1 шілдесіне  барлығы 4400 бас ірі қара,  10181 бас ұсақ мал, 1488 бас жылқы малы   және 1599 құс  тіркелген. Осы барлық ірі қара малының 46 пайызы, ұсақ малдың 60 пайызы, жылқы малының 33 пайызы жеке тұрғындар иелігінде.
Үй жануарларын егу жоспарының:

Профилактикалық тексеру

Мал түрі

Жылдық жоспар

6 айдағы орындалуы

Сібір жарасына қарсы

Ірі қара

4100

2600

Қой

8000

3850

Жылқы

1400

400

Түйе

-

-

 

Құтыру ауруына қарсы

Ірі қара

700

50

Ұсақ мал

650

-

Жылқы

100

-

Ит

300

200

Түйе

-

-

Эхинококкозға қарсы

Ит

400

250

Туберкулезге қарсы

Ірі қара

6300

3400

 «Береке» бағдарламасымен қазіргі уақытта 38  бас ірі қара малы  бордақылануда.

Шағын кәсіпкерлік саласы
Округте 58 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Бұл салада  97 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен  қатар,  қазіргі  таңда  4  ЖШС-нің  1-уі, 34 шаруа қожалықтарының 23-і,                  20 жеке кәсіпкерлердің 11-і жұмыс жасайды.
Округте 3 дүкен , 2 кафе , 1шаштараз, 1 тігін ательесі, 1 пластикалық терезе шығаратын цех жұмыс жасауда. Өткен жылы жаңадан 5 ЖК тіркеліп отыр.
Мұсұлмандардың қасиетті айы Рамазан айында округтегі Ораза тұтқан адамдарға «Айсана» кафесінде ауыз ашар берілді.

Білім беру саласы

Округте 1 орта, 1 бастауыш мектептер бүгінгі таңда білім беруде. 2016-2017 оқу жылына бұл мектептерде барлығы 243 оқушы оқиды. Оларға 46 ұстаз білім беруде.
Мектеп жанындағы балабақша мен шағын орталықтарда 68 бала тәрбиеленуде. 2 мектеп интернет желісіне  қосылып отыр. Мектептердегі комьпютер саны -25 дана. Өткен жылы орта мектеп  7 жаңа комьпютер, 10 парта, 22 тақта алынып берілді. Сонымен қатар ЖБ бөлінген қаржыға Алғабас орта мектебінің алдыңғы жақ бетінің қоршауы жаңартылды
Көршілес Қарағанды ауылынан 14 бала тасмалмен оқытылды.

Денсаулық саласы

Бүгінгі таңда 1 дәрігерлік амбулатория 2 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Байланыс комьпютермен қамтамасыз етілген. 7 қызметкер жұмыс атқаруда. 4 орындық күндізгі бөлім бар. Округке жоғары білімді дәрігер қажет етеді.  
Дүниеге келген сәбилер саны 30, 4 адам қайтыс болды. Скринингтік тексеруден 218 адам өткізілді. Профилактикалық тексеруден-972 адам, флюрографиядан –780 адам өтті. ФГДС-40 адам, қант/диабет-210, маммографиядан-33, АГ-27 адам тексеруден өткізілді.

Мәдениет және спорт саласы

Ауылдық округте 1 мәдениет үйі және 2 кітапхана жұмыс жасауда. Кітапханаларда  35085 кітап қоры / 16557 қазақ тілінде/ 738 оқырман бар. Барлық  айтулы мерекелік шаралар аталып өтті. Мәдениет бөлімі, ауылдық «Қайсар» әдіскерінің және ауыл жастарының ұйымдастыруымен түрлі деңгейде  мәдени көпшілік шара өткізіліп тұрады. Мәдени ошақтар материалдық техникалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.
Ауласында   «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде спорт алаңы жасақталып, пайдалануға берілді. 

Ауыз су және газдандыру жұмыстары
 Бүгінгі таңда Алғабас ауыл ішінде 8 нүктеден қалыпты су берілуде және 87 тұрғын үй құжаттарын рәсімдеп үйлеріне су өткізді.Тиісті профилактикалық шаралар «Сырым» ММКК арқылы жүргізілуде. Жаңа-Өңір, Сасықкөл ауылдары бойынша 3 құдықтан тұрғындар ауыз суды пайдаланып отыр. Қосымша Сасықкөл ауылынан бір ауыз су құдығы қазылып үйшік орналастырылды. Жоспарлы түрде санэпидстанция мамандарымен пайдаланып отырған су тексеріліп отырады.                
Бүгінгі таңда Алғабас ауылында 194 тұрғын үй мен  бюджеттік мекемелер көгілдір отын пайдаланып отыр, сонымен қатар Тоғанас-Сасықкөл бағытында көгілдір отын тарту жұмыстары 2016 жылы басталып биылғы жылы аяқталады деп күтілуде.

Тұрғын үй құрылысы, байланыс, санитарлық тазалық және абаттандыру

Округ орталығында тұрғындар тарапынан тұрғын үй құрлысын салу үшін жер телімдерін алуда. Биылғы   жылы 1 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде және өткен 2016 жылы  2  азаматқа тұрғын үй салу үшін жер сұрап жер телімінің актілері толтырылды. Бүгінгі күні Алғабас ауылындағы көппәтерлі бір тұрғын үйдің/ общежития/ тозығы жетіп тұр. Қазіргі таңда 10 адам тұрғын үй кезегінде тұр / 4 әлеуметтік статус, 2 бюджет.қызметкер, 4 ата-анасы жоқ балалар есебінде/.
Округ бойынша елді мекендерді абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында аудан әкімінің наурыз айындағы аудан көлемінде санитарлық экологиялық айлықты өткізу туралы қаулысына байланысты елді мекендерде ауыл тұрғындарының, жастардың, мекемелердің қатысуымен сәуір – мамыр айыларында сенбіліктер өткізілді.

Күнделікті тіршілігімізде тағы да бір маңызды сала-бұл байланыс. Бүгінгі таңда барлығы 86 нүктеде телефон желісі «Билайн», «Актив» үялы байланысы  жұмыс жасауда /оның 11  Сасықкөл ауылында 4 Жаңа-Өңір ауылында. 3G қосылып, интернет байланысы жақсарды.