Бұлдырты ауылдық округі ауданымыздағы іргелі ауылдардың бірі. Округімізде қазіргі уақытта 3002 тұрғын өмір сүруде.

2017 жылға округ бойынша 1 522 452  теңге салық жинау жоспарланған болса,  6 айда: мүлік салығының жоспары 114 078 теңге болса оның 110 641 теңгесі жиналып, 97 пайызды құрап отыр, жер салығыгың жоспары 107 634 теңге болса, оның 102 357 теңгесі жиналып, 95,1 пайызға орындалып отыр, көлік салығының жоспары 1 300 740 теңге болса, оның 373 503 теңгесі жиналып, 28,7 пайызға орындалып отыр.

Округіміздің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан бұл саланы дамытуға үлкен көңіл аударылуда.

Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бойынша биылғы жылы  82-маркалы 1 трактор әкелінді. Жалпы округке соңғы үш жылда МТЗ маркалы жаңа 12 трактор, 2-пресс, 3-кун, 2-косилка, 1-камаз сатып алып алынды.

«Береке» бағдарламасы аясында биылғы жылы 5 адам 11,7 млн теңге несие алып, оған 54 бас бұқашық сатып алды. Қазіргі таңда алдынғы бордақылауға қойылған малдары  сатылып, орнына қайта мал алуда. 

Мал басын бірдейлендіруге ірі қараға берілген 402 дана құлақ сырғасы сырғаланып, ұсақ малға берілген 3200 сырғаның 1400 тағылып, сонымен қатар шаруа қожалықтар 766 ірі қара құлақ сырғасын сатып алып тақты. Жылқы малын таңбалау жоспары 360 бас болса, соның 105 бас таңбаланып, 255 бас қалып отыр.

Округ бойынша 6 айда 3202 бас ірі қарадан қан алу жоспары 100 % орындалды. Ұсақ малдан жылдық жоспар 15874 бас болса оның 5889 ұсақ малдан қан алынып, Барлығы бруцеллезге зерттеліп, нәтижесінде 100 бас ірі қара, 13 бас ұсақ малдан бруцеллез анықталды. Ауруға шалдыққан 100 бас ірі қара мал толығымен жойылды, 13 бас ұсақ малдың 8 жойылды, 5 і  келесі аптада жойылады деп жоспарлануда.

Өткен жылмен салыстырғанда қойдан басқа малдарда өсім байқалып, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі мал санағы бойынша ірі қара мал 6860 басты, қой 10571 басты, ешкі 2682 басты, жылқы 2178 басты, түйе 4 басты құрап, құстар 1899 дана болып отыр.

Ауыл тұрғындарын бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғыны  Куанышев Байжан биылғы жылы да 3 га жерге қарбыз, қауын, картоп, пияз екті.

Мал басын көбейту бағытында биылғы жылғы несие алуға 14 адам ниет білдіріп отыр. Қазіргі таңда 6 адамның мүліктерін кепілдікке қойып, несие алуға құжаттарын рәсімдеуде.

Тұрғындарды әлеуметтік қолдау мәселесі де басты назарда.  Биылғы жылы 6 айда 12 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды. 104 жұмыссыз азамат қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды.

Тұрақты жұмысқа 6 айда  9 адам алынды.

Биылғы оқу жылында Бұлдырты орта мектебінде 412, Көгеріс негізгі мектебінде 38 оқушы білім алды. 2017 жылы Бұлдырты орта мектебі бойынша 46 бала бітіріп, оның 5 алтын белгі, 1-уі ерекше аттестат иегері атанды. Бұл Бұлдырты орта мектебі жалпы округіміз үшін қуанышты жәйт. 

Қазіргі таңда балалардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыру  мақсатында Бұлдырты орта мектебі жанындағы «Балдәурен» лагерінде ауылдың оқушыларынан 4 кезенде 264 бала қамтылады.

 «Денсаулық» бағдарламасының индекаторларын жергілікті жерде жүзеге асыру мақсатында биылғы жылы  Скринингтен 346/346 адам өтсе, 800 адам профилактикалық тексеруден өтті. 1546/252 адам флюрографияға түсті.

Биылғы жылдың 6 айында округ бойынша 27 сәби дүниеге келсе, 22 ана жүктілік бойынша есепке алынып отыр.

Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен өткізілген сенбіліктер кезінде 1100 тонна күл қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды.

Биылғы жылы бөлінген қаржыға сәйкес Көгеріс елді мекенінен қордаланып қалған 400 тонна күл қоқыс шығарылса, Бұлдырты ауылында орналасқан қатты тұрмыс қалдықтарын төгетін полигон айналасы тазартылды.

Өткен жылы ауылымызға көгілдір отын келді. Қазіргі таңда газге Бұлдыртыда 136 үй, Көгерісте 15  үй, Қарақұдықта 3 үй қосылып тұр.

2017 жылдың 6 айында округ бойынша 12 қылмыстық оқиға тіркелді. Соның ішінде 4 қылмыс  ашылып, 8 қылмыс ашылмай отыр.

96 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 135 005 теңге айыппұл салынды.  Соның ішінде өндірілгені 100 пайыз. Осының ішіндегі 2 шетел азаматтары. Бұлардың материалдары сотқа жолданды.

Қазіргі таңда округ бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебіне 4 санаты бойынша барлығы 14 адам кезекте тұруына орай, осы мәселені шешу үшін Бұлдырты ауылынан 20 тұрғын үйдің орнына инженерлік-комминкациялық жүйелерді жайластыру жұмыстарына 20,7 млн теңге бөлініп, толығымен жұмыстар аяқталды. Сол 20 үйдің орнына мемлекет тарапынан 2017 жылы 10 арендалық тұрғын үй салу жоспарда бар. Ал, қалған 10 үйдің орнына жеке тұрғын үй салуға тілек білдірген азаматтардың құжаттары жинақталды. Осы участоктерді тұрғын үй құрылыс бастау үшін рәсімдеу жұмыстары  аяқталу қарсаңында. 

Биылғы жылы  Елбасымыздың  Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы жарияланғаны баршамызға белгілі. Мақалада  «Туған жерге туыңды тік» деген  халқымыздың даналық сөзі негізінде Елбасымыз «Туған жер бағдарламасын» жариялады.

Бұл бағдарламаны іске асыру жұмыстары басталып, жұмыстар атқарылуда.  

Осы жылдың мамыр айында облысымыздың әр саласында қызмет етіп жүрген ауыл түлектері және округтегі шаруашылық басшылары бас қосып, көптен ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселе – ауыл мешітіне мұнара орнату мәселесін ақылдасып, қаржылай көмек беріп, нәтижесінде ауылымыздың мешітіне 700 000 теңгеге мұнара тұрғызылып, ауыл тұрғындарының көңілдері бірленіп қалды. Осы жылдың мамыр айында округімізге  газ өткізуші мердігер мекеме мешітке газды тегін өткізіп беріп, сауапты іс жасады. Мешітіміздің ішкі жөндеу жұмыстарын мешітке келуші жамағат өз мойындарына алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ішкі жылу жүйесін өз күштерімен орнатты. Мешітіміздің іші жылы, құлшылық етуге толық жғдай жасалған. Осы атқарылған жұмыстарға ауыл тұрғындары алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде.

Маусым айында ауылымыздың түлегі,  кәсіпкер азамат Сүлейменов Берік Кенжебекұлы орталық саябаққа өз қаражатына балалар алаңын орнатып берді. Қазіргі уақытта бұл алаңға балалар көптеп жиналып, алаң іші балалар күлкісіне толды. Балаларымен, немерелерімен бірге ауылымыздың ересек азаматтары да саябаққа келіп, демалыс орнына айналдыра бастады.

Осы жылдың 30 маусымы күні «Туған жер бағдарламасы»  аясында Бұлдырты ауылында «Жерлестер форумы» өткізіліп, оған облысымыздың әр саласында қызмет етіп жүрген Бұлдырты ауылының түлектері мен округтегі шаруашылық басшылары бас қосып, округімізде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылап, болашақта бұл мәселелер жөнінде тағы да бос қосатын болып тарасты.

Округтегі обектілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ЖББ Бұлдырты орта мектебінде оқушылардың тәртібін қадағалау үшін 13 дана бейнекамера орнатылған.

2017 жылдың 22 мамыры күні Бұлдырты ауылында М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессоры Құлниязова Гүлшат Матайқызының, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің, ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Исановтың, теолог маман Е. Жумагужиевтің қатысуымен екпеден бас тартқан ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Округтегі діни ахуалды бірқалыпты ұстап, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сырым елі» газетінде  2017 жылдың 23 ақпаны күні Вакцинацияның маңыздылығы жөнінде, 2017 жылдың 2 наурызы күні Отбасында бала психологиясын қалыптастыру тақырыбында,  2017 жылдың 1 сәуірі күні Имандылық пен иман ұғымдары тақырыбында мақалалар жарияланды.

2017 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының бұйрығымен ауылымызға Тулебаев Сарсенбай Бодықұлы тағайындалып, қазіргі уақытта жұмыс жасап жатыр. Ауылда өлім-жітім болған жағдайда имам қатысып, діни жоралғылар жасап, дәстүрлі дінді үнемі насихаттап жүреді. Ол имамның тағайындалуымен ауылымызда мешітке барып, намазға қатысатын адам саны көбейіп, теріс ағымда жүрген азаматтар мешітте имамның берген тәртібімен, дәстүрлі дініміздің талаптары бойынша құлшылық етеді.