Әлеуметтік сала:  ресми жұмыссыздар есебінде тұрған 13(7) адам тұр, алты ай бойына тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған 6(4) адам, 10(8) адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Мемлекеттік жәрдемақы 4(4) отбасының 14(14) баласына 294 096(294 100) теңге жәрдемақы тағайындалды.


Ауылшаруашылығы саласы: Округтің ауылшаруашылық құрылымдары негізінен егін және малшаруашылығымен айналысады. Округте 1(1) жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 6(7) шаруа қожалығы бар.
Мал азығы жоспар бойынша-7800(3900), алынған өнім-7682(23000) тонна, жоспар бойынша орындалғаны-98,5(60)%. Қазіргі уақытта мал азығын дайындау бағытында шаруақожалықтар жұмыстар жүргізілуде.
Округте – 1175(1203) бас ірі қара, соның ішінде 386(506) бас сиыр, 1902(1929) бас қой мен ешкі, 714(705) бас жылқы, 1669(1675)  құс бар.


Білім саласы: ЖББ Тасқұдық негізгі мектебінде 37(39) оқушы білім алуда. Мектеп жанындағы бала-бақшада 16(20) бала тәрбиеленуде. Балаларға 17(17) ұстаз білім беруде.
Тасқұдық орта мектебі жанынан аз қамтылған, көп балалы отбасының 28(28) бала ыссы тамақ пен қамтылған. Жазғы лагерге 24(33) балалар қатысып, барлығы ыссы тамақпен қамтылды.


Денсаулық саласы: Округ көлемінде 1 медициналық пункт  жұмыс жасайды. Денсаулық саласы бойынша дәрігердің қарауында ересектер 314(314), баллар 83(81). «Д» есепте 19 ауру түрімен 120(80) есепте тұр. Туберкулезбен есепте 0(0) адам тұр. Тегін дәрімен қамтылғандар жүрек қан тамыр ауруларымен ересектер – 41(25) адам,  темір жетіспеушіліктен балалар – 5(3). Мамографиядан – 18(13) әйел азаматшалар, Колкоскопиядан – 15(11) әйел азаматшалар өтті.  Флюрографияға жоспар бойынша 38(33) адам түсті.


Мәдениет және спорт саласы: Тасқұдық ауылында 1 Мәдениет үйі бар. Округ бойынша мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жоспар бойынша аталып өткізілді. Ауылдық кітапхана Мәдениет үйінде орналасқан. Кітап қоры 13 738(13 808), келген жаңа әдебиет 190(70) кітап.


Санитарлық тазалық және абаттандыру: Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, жеке көлік иелерінің техникаларының көмегімен  күл-қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды. Күл қоқыс төгетін полигон айналасын тазарту, қоршау, ауыл көшелеріне шебін төсеу жұмыстары атқарылды.


Газдандыру және ауыз су: Ауылдық округтегі барлық әлеуметтік нысандар табиғи газбен жылытылып, қалыпты жұмыс жасап тұр. Тасқұдық ауылында 60 үй көгілдір отынмен қамтылып отыр.

Қоғамдық тәртіп: Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында Елтай ауылдық округі бойынша 1 учаскелік инспекторы Ансар Арматұлы жұмыс жасауда. Осы 6 айлық кезеңге округ көлемінде 3(3) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүруде. Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері округ бойынша 0(2) тіркелген.