Әлеуметтік сала

Округте Қособа, Жырақұдық елді мекендері бойынша 328 отбасы 1344 тұрғын бар. Мектеп жасына дейінгі бала саны 153, мектеп жасындағы балалар-213. Зейнеткерлер-163. Тылда еңбек еткендер-14. Мүгедектер-32. Бала жасындағы мүгедектер-5. Жыл басынан -6 сәби дүниеге келді.

Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ  экономикасының басты саласы мал шаруашылығы. Округ бойынша 41 шаруа қожалығы тіркелген, шаруа қожалықтары  негізінен мал өсіру, мал азығын дайындаумен айналысады..
Округте 3735 ірі қара, 12601 бас қой мен ешкі, 1229 бас жылқы малы 6 бас түйе және 565 құс тіркелген. Аудан орталығында өткен  ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне ауыл тұрғындары өз шаруашылықтарының өнімдерін шығарды.    

Шағын кәсіпкерлік саласы
Қазіргі таңда округ бойынша 2 жеке кәсіпкер сауда нүктелері арқылы халыққа қызмет көрсетуде.

      
Білім беру саласы
Округте 2 білім беру мекемесі жұмыс істеуде. Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп балабақшасында 125 оқушы, Жалпы орта білім беретін Жырақұдық мектебінде- 81 оқушы білім алды. Мектеп балабақшасында 25 бүлдіршін, 2 шағын орталықтарда 38 бүлдіршін тәрбиленуде.


Денсаулық саласы
Округтегі  дәрігерлік амбулаториямен фелдьшерлік пункта 8 қызметкер жұмыс жасайды, 1 жоғары білімді дәрігер, 7- орта буын медицина қызметкерлері олардың біреуі бірінші категориялық санатты.
Автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Округ бойынша  бір жасқа дейінгі сәбилер 23. Есепті кезеңде 217 мектеп оқушылары профтексерістен өткізілді. «Д» есепте тұрған округ бойынша бала саны-56. 5 жасқа дейін бала саны -17. Мүгедек балалар саны - 4. Алты ай ішінде 58 бала тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Есепті кезеңде 110 адам күндізгі стационардан ем алса, 10 адам үйден стационарлық ем қабылдады. 340 округ тұрғынына тегін рецептпен дәрі дәрмек берілді.
Елбасы Жолдауының төртінші басымдығы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын қамтиды. Шілде айынан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған орай қазір округте түсіндіру жұмыстары басталып жоспарға сай дәрігерлік амбулатория қызметкерлерімен бірлесіп әрбір тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Флюрографиялық тексеруден 66 адам өткізілді.                                                                                                                                                              

Мәдениет және спорт

 «Мен Қособалықпын» атты жерлестер форумы өтті. Жиылғандар алдымен дөңгелек үстелде бас қосып, ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, одан соң алдағы жоспарларымен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. 
Содан соң Нөкен Молдашевтың кеудетұғырының жанына ұрпақтарының бастамасымен көшеттерді отырғызды. Форум барысында Қособалық көркемөнерпаздардың қатысуымен концерттік шара ұйымдастырылды. Соңында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Қособа ауылының өнерпаздары Қадыр орталығында "Ауылдан сəлем" жобасының шымылдығын ашып өнерлерін көрсетті.
«Туған жер» бағдарламасы аясында      1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Қособа ауылында Қособа орта мектебінің 1992 жылғы түлектерінің өз күштерімен салынған жаңа ойын алаңы ашылды. 
1997 жылғы мектеп түлектері ауылдағы алаңға саябақ орындықтарын орнатып берді.\


Санитарлық тазалық  және абаттандыру жұмыстары
Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары барлығы 120 адамның қатысуымен сенбіліктер өткізілді.  144 тұрғын үй маңдарындағы қыстан жиналған 500т  күл-қоқыстарын «Тагра» ЖШС техникасымен  үйден арнайы полигондарға шығарды.
Сенбілік аясында 120 түп ағаш отырғызылды.
Ауыл көшелерін жарықтандыруда қазіргі таңда округте 35 көше шамдары орнатылған.