Жымпиты ауылдық округінің 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері.

Жымпиты ауылдық округінде ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында 1540 үйде 1754 жанұя тұрады. Оның құрамында 7014 адам бар. (с.і Жымпиты 5860, Өлеңті 1045, Бірінші май 109 адам)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды арттыруға қатысты тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлініп келеді.
Аудан орталығында 472 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Олардың 33-і жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 49 шаруа қожалығы, 390 жеке кәсіпкерлер. Соның ішінде 44 сауда орындары, 11 тұрмыстық қызмет көрсету обьектілері, 10 қоғамдық тамақтану обьектілері халыққа қызмет көрсетуде.
2017 жылдың наурыз-маусым айларында аудан орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде тұрғындарға арзандатылған бағамен ет, сүт, бау-бақша өнімдері,  жалпы 9,3 млн. теңгенің өнімі сатылды.
Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктері арқылы округтегі шағын және орта бизнесті дамыту жаңа деңгейге шықты.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы»  аясында округ бойынша 40 адам  бизнес жобаларын ұсынып, несие алуға ниет білдіріп отыр. Қазіргі таңда 5 адам тиісті құжаттарын жинақтауда.
Округте жеке кәсіпкер А.Кубиева Н.Қолғанатов көшесінің бойынан ветеринариялық дәріханасының құрылысын, жеке кәсіпкер М.Шамарова өз қаражатына Амангелді көшесі бойынан киім-кешек дүкенін, жеке кәсіпкер А.Нурмуханов ет және киім-кешек сататын дүкен құрылысын  салды.  Сонымен қатар Өлеңті ауылының тұрғыны М.Мустафиева өз қаражатына Жымпиты ауылының С.Датов көшесі бойынан қоғамдық тамақтану орнын, Абай көшесі бойынан ауыл тұрғыны Т.Шайхиев азық-түлік дүкенін салды.

МАЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жымпиты ауылдық округі бойынша 49 шаруа қожалығы тіркелген. Соның ішінде 48-і мал өсірумен, 1 қожалық  бақша егумен айналасады. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде ірі қара - 8300 бас, соның ішінде аналығы –3701; ұсақ мал-19920 бас, с.і саулығы – 11307, Жылқы-2858 бас, аналық- 1088, құс-2010, түйе-35, аналық -17.
Жоғарыда көрсетілген ірі қараның 4554-і 54,9%, 10349 ұсақ малы 51,9%, 1926, 67,4% жылқы, 35 түйе шаруа қожалықтарына тиесілі.
2017 жылдың есепті кезеңіне ірі қарадан-2517, ұсақ малдан -8444, жылқыдан-794 төл алынды.
Асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту бағытында «Құлан» бағдарламасымен «Эдельвейс-Партнер» ЖШС 13,2 млн. теңгеге 40 бас бие, 4 айғыр сатып алды.
Ауылдық жерде жұмыссыздықты азайту, ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында «Береке» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша 17 жеке кәсіпкер 46.9 млн. теңге несие алып 157 бас ірі қара малын сатып алды. Округ бойынша мал шаруашылығымен айналысатын 6 шаруа қожалығына үкімет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп 340 бас аналық малына 3,4  млн. теңге көлемінде субсидия төленді. Жымпиты ауылдық округі бойынша жоспар бойынша 22,0 мың тонна мал азығы дайындалуы жоспарлануда. Қазіргі таңда 3,0 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 13,6 % пайызға орындалды. Мал азығын дайындау науқанында 26 трактор, 15 агрегат, 30 орақ жұмылдырылған. Шөп дайындау науқанын қарқынды жүргізу мақсатында «Әсем» шаруа қожалығы  «ҚазАгроҚаржы» ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1 МТЗ-82 тракторын сатып алды.
Округ бойынша 60 гектар жерге картоп, 54 гектар жерге көкөніс, бау-бақша 19 гектар жерге егілді.

ХАЛЫҚТЫ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚОРҒАУ
Жымпиты ауылдық округі бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне Жұмыспен қамту орталығында 46 адам ресми жұмыссыздар есебіне тіркелген, жұмыс іздеушілер саны – 329 адам.  
Жұмыспен қамту орталығына 2017 жылдың 6 айында жұмыспен қамту мәселесі бойынша 136 адам жолықты. Жолыққан адамдардың ішінен: 15 адам жастар практикасына, 9 адам әлеуметтік жұмыс орнындарына, 7 адам кәсіптік оқуға жолданса, 60 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылдың 5 айында 76 адам тартылды. Мұның сыртында тұңғыш рет аудан орталығында 20 жұмыссыз жастан «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы құрылып, өз қызметін атқаруда.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасындағы 3 адамға 15,9 мың теңге;,18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 129 отбасындағы 333 балаға  3,8 млн. теңге, тұрғын үй көмегі 34 отбасыға 1,1 млн. теңге төленді.
«Өрлеу» жобасы шеңберінде мал шаруашылығымен айналысу үшін 3 отбасыға және көрпе-көпшік жасаумен айналысуға 1 отбасыға шартпен 590,3 мыңның ақшалай көмегі берілді.
Осыған қоса, аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында 33 отбасы  (130 адам) мекемелер мен кәсіпорындарға тоқсанына бір рет азық-түлікпен көмек көрсету үшін бекітілді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер алушы 270 адамға 5,5 млн. теңге төленді.
2017 жылдың 1 шілдесіне аз қамтылған 51 отбасыға 274,1 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Округте 2 жалпы білім беретін орта мектепте биыл 1036 бала оқып оқу жылын аяқтады. Оқу жылында ыссы тамақпен 593 қамтылды, жалпыға бірдей орта білім қорынан  14,2 млн.теңгенің көмегі берілді.  Жазғы лагерлермен 682 бала қамтылса, Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 22 оқушы барып келді. Мектепалды  даярлық  тобында 145 бала оқып бітірді.  Мектепті биыл 63 түлек бітіріп, соның ішінде  48 түлек ҰБТ қатысып, орташа балл 80,0 балды құрады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Округ аумағында 1 орталық аурухана,  1 фельдшерлік акушерлік пункті және 1 медициналық пункті халыққа қызмет көрсетуде. Бұнда қазіргі таңда 27 дәрігер мен 105 кіші мед. қызметкерлері қызмет жасайды. Жыл басынан 766 адам ем-дом алды, скринингтен 1650, флюорографиялық тексерістен 1556 адам өтті. Онкологиялық есепте тұрғандар саны 52 адам. 2017 жылдың 6 айында 70 сәби дүниеге келді.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана (1 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 1 балалар кітапханасы, 1 Өлеңті ауылдық кітапханасы), 2 музей, 2 стадион, 2 спорт алаңы, 2 спорт зал, 1 спорт кешені, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 саябақ бар.
Жыл басынан жоспарға сай мәдени-спорттық шаралар өткізілуде. 2017 жылы 5 айында  101 спортық шара өткізіліп,  2120  адам қатысты, көпшілік мәдени шара бойынша 177 шара өткізіліп, барлығы 19818 көрермен қамтылды.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Ауылдық округте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінде 4 учаскелік полиция инспекторы және олардың 2 көмекшісі жұмыс жасайды. Есепті мерзім ішінде 33 қылмыс тіркеліп, оның 24-і ашылды. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші  72,7  пайызды құрайды. Округ бойынша тіркелген 9 мал ұрлығы фактісінің 2-і, яғни 22,0 пайызы ашылған.
Округ бойынша мал жеті бағытқа шығады. Соның 5 бағытында мал бақташылары бар, ал қалған 2 бағытта малдар өз еркімен қараусыз жайылады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 12 бейне бақылау камерасы орнатылған, оның 9-ы Жымпиты ауылында, 3-і Өлеңті ауылында орналасқан.                           
ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Бүгінгі таңда үй салуға жер телімін сұраушылар кезегінде 408 адам тіркеуде тұр. Өткен жылы «Қарасу» мөлтек ауданында ауыз су, жарық, табиғи газ желілері жүргізілген 93 жер учаскесінің 15-не тұрғын үй құрылысын салу және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін шешім қабылданды. Жер телімі иелерімен жаңа көшелерге атау беру жөнінде жиналыс өткізіліп, нәтижесінде «Атамекен», «Астана», «Береке» көше атаулары таңдап алынды. Сол ауданнан бір пәтерлі 14 тұрғын үй құрылысы жұмыстары  басталды.

СУМЕН ҚАМТУ
Жымпиты, Өлеңті ауылдары «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауыз сумен қамтылған. Бірінші май елді мекені ауыз суды ауыз су құдығынан пайдаланып отыр. Ауыз су құдықтары мамыр айында залалсыздандырылды.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ

Округтегі барлық әлеуметтік нысандар толық газ желісіне қосылып 1512 тұрғын үйдің 1401-і немесе 92,6 пайызы табиғи газдың игілігін көруде. Бірінші май елді мекеніндегі 28 тұрғын үйдің 7-і газ желісіне қосылған.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ
Аудан орталығы көшелерінің тазалығы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтармен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар округтегі қордаланған қоқыс үйінділерін шығару үшін жергілікті бюджеттен 612,2 мың  теңге бөлініп, 2330 тонна қоқыс шығарылды.   
Биылғы жылдың сәуір, мамыр тазалық айлығы шеңберінде өткен сенбіліктерге округке қарасты 62 мекеменің 1313 қызметкерлері қатысты. Айлық аясында орталық көшелерден, өзен жағалауы мен сай-салалардан жалпы көлемі 55 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигонға шығарылып, оған 17 техника жұмылдырылды. Айлық кезінде аудан орталығындағы саябақтарға 738 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Соның ішінде Өлеңті өзенінің ескі  көпір мен жаңа көпір аралығынан саябақ орны белгіленіп, ол жерге де ағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңда саябаққа техникалық су тартылды, айналасын қоршауға материалдар алынды, алдағы уақытта қоршау жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың мамыр айында 980,0 мың теңгеге жалпы орта білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінен Өлеңті ауылына кірме жолға дейін өрнектастан көлемі 228 шаршы метр болатын  жаяу жүргіншілер жолы салынды.    

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезде Жымпиты ауылдық округі бойынша ұзындығы 27,2 шақырымды құрайтын жалпы қолданыстағы 46 көше жолдары бар. Соның ішінде 12 шақырымы асфальтты-бетонды жолдар, 15,2 шақырымы кесекті-гравильді жолдар. 2015-2017 жылдары 375,0 млн. теңгеге 8,1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Н.Қолғанатов, Х.Асадуллин көше жолдарына құрылыс жұмыстары жүргізілуде.