«Мектепке жол» республикалық акциясы

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету мақсатында

«Мектепке жол» республикалық акциясы аудан көлемінде 2017 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым –балаларға көмек көрсету!»  ұранымен өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты–жаңа оқу жылына дайындық уақытында балалардың себепсіз мектепке қатыспауының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға нақты қолдау көрсету. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі–барлық кәмелеттік жасқа толмаған балалардың міндетті орта білім алу құқығын іске асыруына жағдай жасау болып табылады.
Мектеп жасына жеткен әрбір бала – мектепте білім алуға тиіс.
Егер сіз мектепті тастап кеткен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жұмысқа салынған балалар туралы мәлімет білсеңіз, 8(71134) 31-3-20 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.
 
Құрметті кәсіпкерлер және аудан тұрғындары!

 «Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде аудан орталығында және ауылдық округтердің орталықтарында «Бақытты балалық шақ мекені!», «Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар»!,  «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді!», Балаларды мектепке дайындаймыз!» үндеуімен қайырымдылық марафонына қатысып, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға, даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға нақты қолдау көрсетуге шақырамыз.
Балалардың толыққанды білім алуы үшін Сіздің қолдауыңыз қажет!

Жақсылық жасауға асығайық!