ЖОБА

 

Сырым ауданы Жымпиты ауылдық
округінің Жымпиты ауылының атаусыз
көшелеріне атау беру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Жымпиты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жымпиты ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Жымпиты ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
«№1» жобалық көшесі – «Атамекен» көшесі;
«№2» жобалық көшесі – «Астана» көшесі;
«№3» жобалық көшесі – «Береке» көшесі.
2. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман заңгері (А.Умирзакова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде және бұқаралық құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

   Жымпиты ауылдық округі
  әкімінің міндетін атқарушысы                                       С.Кыдыралин