Жымпиты ауылдық округі әкіміне үміткер
Баяндыков Арман Толқынұлының сайлауалды
БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Жымпиты ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, өз сайлауалды бағдарламамды келесідей бағытта тұжырымдаймын:

  1. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы және  қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардағы басым бағыттарды басшылыққа алып, оларды жүзеге асыра отырып, округтің әлеуеттік-экономикалық дамуына ықпал ету;
  2. Жымпиты ауылдық округі ауданның басқа округтеріне қарағанда тұрғындар көп шоғырланғандықтан бірінші кезекте тұрғындардың әл-ауқатын арттыру шараларын жүргізу;
  3. жұмыссыз азаматтарды түрлі мемлекеттік бағдарламаларға тарту арқылы жұмыспен қамту;
  4. ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға мүмкіндігінше қолдау көрсету (моральдық, материалдық тұрғыдан);
  5. аудан орталығы Жымпиты, Өлеңті ауылдарының жол бойында орналасу әлеуетін пайдалана отырып, қызмет көрсету орындарын ашуға және қазіргі қызмет көрсету орындарының қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал ету;
  6. округке қарасты бос  жатқан жерлерді тиімді пайдалану шараларын іске асыру, шаруашылықтарды тарту;
  7. мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал шаруашылығын кеңінен дамытуға ықпал ету, жергілікті кәсіпкерлерді тарту;
  8. округтегі елді мекендердің санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарын қамтамасыз ету,  ауылішілік жолдарды жөндеуге ұсыныстар беру;
  9. жастардың, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорт нысандарының, балалар ойын алаңдарының  санын арттыруға ықпал ету;
  10.  округтегі білім беру ошақтарын және балабақша ғимаратын жөндеуге ықпал ету, тиісті ұсыныстар беру;
  11. Жымпиты ауылының бас жоспарына және округтің 2020 жылға дейінгі даму картасына сәйкес даму динамикасын одан әрі жалғастыру;
  12. Округтегі балабақша кезектілігін азайту мақсатында жеке балабақшалар ашуға кәсіпкерлер тарту;
  13. Жымпты ауылының Қарасу ықшамауданының инфрақұрылымын дамытуға (тұрғын үйлер, жол салуға, жарықтандыруға) тиісті ұсыныстар беру;
  14. Өлеңті ауылына дейінгі кірме жолды жөндеуге ықпал ету;
  15. Жымпиты ауылы маңындағы зиратқа және күл-қоқыс полигонына жол жасақтауға қаржы мәселесін шешуге тиісті ұсыныстар беру;
  16. Үйлеріне көгілдір отын кіргізілмеген аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетуге округтен шыққан кәсіпкер азаматтарға ұсыныс беру, жұмылдыру;
  17. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына жүзеге асыру мақсатында округ бойынша жоспарланған жобаларға (абаттандыру, спорт, балалар ойын алаңдарын жасақтау, саябақтарды демалыс орнына айналдыру, скверлер жасақтау, мектеп алаңқайларын абаттандыру) окургтен шыққан меценаттарды тарту.

 

Баяндыков Арман Толқынұлының өмірбаяны

1979 жылы 08 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
2000-2002 жылдары Сырым ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы.
16.01.2002-08.04.2002 жылдары Сырым ауданы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің жетекші маманы.
08.04.2002-20.12.2003 жылдары Сырым ауданы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің бастығы.
20.12.2003-29.11.2004 жылдары Сырымауданы бойынша салық комитетінің салық есептілігін қабылдау және оны өндеу, салықтық тіркеу, ақпараттық технология және салық әкімшілігін жүргізу бөлімінің бастығы.
14.12.2004-14.12.2014 жылдары «Сырым» несие серіктестігі» ЖШС басқарма төрағасы.
05.01.2015-20.02.2015 жылдары Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы.
20.02.2015-20.10.2017 жылдары Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
20.10.2017 қазіргі уақытқа дейін Сырым аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы.
Отбасылы. 2 қыз, 1 ұлы бар.

 

Жымпиты ауылдық округі әкіміне үміткер
Уашев Өтеген Қайыржанұлының сайлауалды
БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларынан, «Нұр Отан» партиясының  сайлауалды бағдарламасынан туындайтын міндеттерді басшылыққа ала отырып, Жымпиты ауылдық округінің әкіміне тағайындалған жағдайда өз сайлауалды бағдарламамды келесідей жоспарлаймын:
мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жан-жақты түсіндіре отырып, оңтайлы жүзеге асыруға ықпал ету;
Округтегі ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуына ықпал ету;
Мал шаруашылығын дамытуға, жұмыссыз азаматтардың «Береке» бағдарламасына  қатысуына ықпал ету;
Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген азаматтарға қолдау көрсету;
Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдай отырып, әлеуметтік мәселелерді мүмкіндігінше тиімді шешу;
Жұмыссыз азаматтарды өз кәсіптерін ашып, жұмыспен қамтуға ықпал ету;
Жымпиты ауылына қарасты күл-қоқыс полигонының айналасын, жолын реттеу;
Өлеңті ауылының Құсепқалиев көшесіне көгілдір отын тартуға ықпал ету;
Жымпиты ауылы «Қарасу» мөлтекауданының инфрақұрылымын дамытуға ықпал ету;
Тұрғын үй, балабақша кезектілігін азайту мақсатында алдағы уақытта округтен тұрғын үй, балабақша салуға ықпал ету;
Жастарды спортқа баулу мақсатында спорт нысандарын тиімді пайдалану, қосымша спорт нысандарын салуға ықпал ету;
Жергілікті кәсіпкерлерді округтегі жобаларға қатыстыруға ықпал ету;
Жұмыссыздықты азайту мақсатында азаматтардың кәсіптік білім алуына ықпал ету;
Жол бойынан қызмет көрсету орындарын ашуға ықпал ету;
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету;
Округтің санитарлық жағдайын жақсартуға, абаттандыруға, ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуға ықпал ету.

 

Уашев Өтеген Қайыржанұлының өмірбаяны

Уашев Өтеген Қайыржанұлы 1958 жылдың 06 қарашасында Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген.
1976 жылы Қаратөбе ауданындағы Егіндікөл орта мектебін аяқтаған.
1981 жылы Жамбыл гидромелиротивтік құрылыс институтын «инженер-гидротехник» мамандығын аяқтаған.
09.1981-06.1982 жылдары Қаратөбе ауданы Шөптікөл совхозының гидротехнигі.
06.1982-08.1983 жылдары Орал су шаруашылығы басқармасының бөлім менгерушісі.
08.1983-11.1984 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жымпиты аудандық өндірістік-эксплуатация участогінің бастығы.
11.1984-06.1985 жылдары Зеленов ауданы, Көшім су айдайтын бекеті участогінің бастығы.
06.1985-06.1992 жылдары Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық су шаруашылығы басқармасының бас инженері.
06.1992-03.1998 жылдары Сырым аудандық жер ресурстарының басқару комитетінің бас маманы.
03.1998-12.2005 жылдары Сырым аудандық жер ресурстарының басқару комитетінің бастығы.
01.2006-02.2006 жылдары Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы.
02.2006-07.2013 жылдары Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің менгерушісі.
07.2013-06.2015 жылдары Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
06.2015-11.2015 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары.
11.2015-12.2016 Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
12.2016 бастап қазіргі уақытқа дейін Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
Отбасылы.2 қыз, 1 бала.

 

Жымпиты ауылдық округі әкіміне үміткер
Шалабаев Мұса Кеңесұлының сайлауалды
БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Жымпиты ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, өз сайлауалды бағдарламамды төмендегідей тұжырымдаймын:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларынан, мемлекеттік бағдарламалардан туындаған міндеттерді жүзеге асыра отырып, округтің әлеуеттік-экономикалық дамуына бар күш-жігерімді сала отырып, ықпал ету;
  2. округтің орналасу әлеуетін тиімді пайдалануды жоспарлап, шағын және орта бизнес саласын дамытуға ықпал ету;
  3. округтегі бірінші кезектегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды одан әрі шешу мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
  4. жол бойы сервистік қызметті жан-жақты дамытуға ықпал ету;
  5. округке жетіспейтін мамандар мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарды жұмысқа тартуға ықпал ету;
  6. жастардың бос уақытын тиімді ұйымастыруға, сондай-ақ, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету;
  7. тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында, арнайы білімі жоқ азаматтардың кәсіптік білім алуына және жұмысқа орналасуына ықпал ету;
  8. кәсібін бастап, өз ісімен айналысуға ниетті азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жан-жақты қолдау көрсету;
  9. аудан орталығының  2020 жылға дейінгі даму картасында көзделген жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету;
  10. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында округтен шыққан азаматтарды жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға тарту, ұысынстар беру;
  11. ауылішілік жолдарды жөндеуден өткізу, жаяу жүргіншілер жолдарын жасақтау жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал ету;
  12. Жымпиты, Өлеңті, Біріншімай ауылдарында жарықтандыру,  санитарлық тазалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру;
  13.  өз құзыретілігім шеңберінде қаржыны тиімді игеру, округ бюджетінің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

 

Шалабаев Мұса Кенесұылының өмірбаяны

         1974 жылы 16 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
18.07.1996-10.06.1998 жылдары Сырым ауданы қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі экономисті.
10.06.1998-18.09.2000 жылдары Сырым аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі басмаманы.
18.09.2000-16.08.2002 жылдары Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің есеп секторының меңгерушісі-бас есепші.
16.08.2002-04.11.2002 жылдары Сырым аудандық, еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
04.11.2002-01.02.2007 жылдары Сырым ауданы бойынша салық комитетінің төрағасының орынбасары.
05.05.2007-21.07.2008 жылдары Сырым ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.
21.07.2008-13.04.2012 Сырым ауданы бойынша салық басқармасының төрағасы.
13.04.2012-17.08.2012 жылдары Сырым ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі.
17.08.2012-01.07.2013 жылдары Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі.
01.07.2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Отбасылы. 2 қыз, 2 ұлы бар.