Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпан №10190 тіркелген қағидаға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2017 ж. №248 бұйрығымен өзгеріс енгізілуіне байланысты, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты сатып алған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге . Ал майлы дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің, арпаның және картоптың сатып алынған бірінші көбейтілген (I репродукциясына) тұқымының егілген жерінің 10 %-на кеткен тұқымының шығыны өтеледі. Жоғарыда аталған дақылдардың тұқымын алған шаруашылық құрылымдары ағымдағы жылдың 16-20 сәуір аралығында құжаттарымен ауыл шаруашылығы бөліміне немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағиданың 4-қосымшасы элита тұқымына және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді толтырып тапсырулары керек.

Сұрақтар бойынша: 31-2-97 (А.Аралбаев)