Жеке  кәсіпкерлердің  назарына

Сырым аудандық  жұмыспен қамту  және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі  өңірдің  барлық  кәсіпкерлерін  бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілігі  жөніндегі  «ПАРЫЗ-2018»  республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен  бекітілген  «Бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі  жөніндегі «Парыз» конкурсын  өткізудің  ережелеріне » сәйкес  конкурсқа  жеке  кәсіпкерлік  субьектілер қатыса алады.  Конкурстың лауреаттары  атақтарын  тағайындауы  келесі  номинациялар  бойынша  жүргізіледі:

  • Үздік  әлеуметтік  жауапты  кәсіпорын;
  • Еңбекті  қорғау  саласындағы  үздік  кәсіпорын;
  • Үздік  ұжымдық  шарт;
  • Экологияға қосқан   үлесі үшін .

Құжаттарды  қабылдау  мерзімі 1 қыркүйекке  дейін.
Конкурс  туралы  толық  ақпаратты   Сырым аудандық  жұмыспен қамту  және әлеуметтік  бағдарламалар бөліміне  жолығуларыңыз сұралады. 

 

                                                                       Сырым аудандық  жұмыспен қамту 
                                                                   және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 

 

Скачать: Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы