Бекітемін:_______________C.Нурпейсов

         «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы     

           әкімдігінің  мәдениет, тілдерді дамыту, дене

шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

 

Жаңа латын әліпбиін апробациялау /білу деңгейін/ мақсатында түрлі қызметкерлермен тұрғындар арасында «Жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбында латын таңбаларын қолдану арқылы диктант жазудан озық шеберлердін байқауы

 

Байқаудың мақсаты:

Елімізде қабылданға латын таңбаларын санаға сіңіру, кеңінен қолданысқа /әлеуметтік желілерде, байланыс құралдарда т.б./ енгізуге үлес қосу.

Байқаудың шарттары:

Аудан орталығындағы түрлі мекемелердегі /санаттына қарамастан/ 18-50 жас аралығында ересек тұрғындары қатыса алады және талаптарға сай жеңімпаз аңықталады.

-диктант өз қолымен аңық, таза жазылуы, диктант жазу соңында үміткердін латын таңбаларына қатысты қосымша ұсыныстардын, пікірлердін маңыздылығына ескеріліп, үміткерге қойылатын 3-5 дейінгі баллдын жоғарылауына септігін тигізеді.

 

- оқылған мәтіндер толығымен қағаз бетіне сөйлемдерді жазу кезінде латын таңбалары қолданылады.

- диктант оқу кезінде үзіліссіз жүргізіледі.

-диктант оқу мәтіндері әрбір сөйлем 2 рет қайталанып, үміткерлер өз қаламдарымен парақта латын таңбаларын қолдану арқылы сөйлемдер жазады.

-диктант жазуға қажетті құрылдар: көк сиялы қалам, үміткердін қалауынша көзілдірігі болуы шарт

-диктант жазуға ниет білдірген азаматтар төмендегі кесте бойынша үміткердің диктанқа қатысу өтінімін толтырып, 22.08.2018ж мерзіміне дейін    31-349 /аңықтама телефоны/ телефакс нөміріне жолдау қажет.

-диктант жазу байқауының жеңімпаздарын үміткердін еңбектері /жазу үлгісі, таңбалардын мейленше білу, т.б./ ескеру арқылы аңықталып, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл-Мәңгілік Елдің алтын арқауы» айдарымен жалпыхалықтық тіл фестивалі аясында марапатталады.

Диктант кезінде тыныштық сақтау, қосымша материалдар қолданылмау. Диктант жүргізу кезінде үміткерге кемінде 2 мәрте ауызша ескерту жасалса немесе үміткер диктанқа қосымша материалдар /ұялы телефон, қағаздар, т.б./ қолданса, лезде үміткер осы байқаудын қатысушылар қатарынан шығарылып, диктант өткізу бөлмесін босатады.

Диктантқа жазуға әрбір мекемеден 2-ден астам үміткер қатыса алмайды.

Ұйымдастырушы диктант жазу мәтіні жергілікті немесе облыстық басылымдардағы мақала беттеріндегі материалдардан таңдайды.

Үміткердің диктанқа қатысу

ӨТІНІМІ

 

Үміткердің аты-жөні,  жұмыс орыны, лауазымы

Туылған жылы

Тұрғылықты мекен жайы

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

                         Бекітемін:_______________C.Нурпейсов

         «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы     

           әкімдігінің  мәдениет, тілдерді дамыту, дене

шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

 

 

Кәсіпкерлер арасындағы көрнекі ақпараттар арасында

 «Үздік жарнама-жаршысы» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудың мақсаты:

Ауылдық жерлердегі көрнекі ақпараттық құралдардағы /жарнама, нысанның атауы т.б./,  заңнамадағы қолдану аясындағы талаптардың сақталуын қарау.

Байқаудың шарттары:

Аудандағы түрлі деңгейдегі кәсіпкерлердін  көрнекі ақпараттық құралдардағы мәтіндердін дұрыс, таза, аңық жазылуын, маңдайшалардын бір реттілік жазылуы /оң жағына қазақша, сол жағына орысша/;

Сауда-саттықтағы өнімдердін мемлекеттік тілде немесе латын таңбаны қолдану арқылы жарнамалауы тәртібі жеңімпаз аңықтауға басымдық беріледі.

Аудан бойынша осы байқаудың ережесіндегі шарттарына 13-17.08.2018ж күндері аралығындағы көрнекі ақпараттары бойынша фотодәйектерге қабылдау жүргізіліп, «Үздік жарнама-жаршысы» байқауы жеңімпаздары Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл-Мәңгілік Елдің алтын арқауы» айдарымен жалпыхалықтық тіл фестивалі аясында марапатталады.

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер /АҚ, ЖШС-дан басқалары/ арасындағы көрнекі ақпараттары бойынша ауылдық округ әкімдері арқылы /кәсіпкер иесінің келісуімен/ кәсіпкердін фотодәйектердегі көрнекі ақпараттары осы байқаудың ережесіндегі шарттарына сай /сыртқы, ішкі жарнамалары/ қаралып, жеңімпаздар келесідей номинациялар бойыншамарапатталады.:

«Үздік жарнама-жаршысы» / Бас жүлде кәсіпкер атына беріледі/

«Үздік тауар жарнамалаушы» /жеке дара кәсіпкер иесіне беріледі/

Аңықтама телефоны: 31349

 

                            Бекітемін:_______________C.Нурпейсов 

         «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы     

           әкімдігінің  мәдениет, тілдерді дамыту, дене

шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

 

 

Аудан орталығындағы түрлі ұйымдар арасындағы

«Үздік іс жүргізуші мекемесі» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудын жүргізілу тәртібі:

«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт бөлімі» ММ –ұйымдастырушы /бұдан әрі-ұйымдастырушы/ болып табылады. Байқау қатысушылар тізімін ұйымдастырушы қалыптастырып, ұйымдардын ғимараттарында байқау талаптарына сай 15-17.08.2018ж. мерзімі  аралығында барып жүргізеді.

Байқау ережесіне сай 9 дербес бөлім /ұйымдастырушы қоспағанда/, коммуналдық, қазыналық шаруашылық жүргізуші және қызмет көрсету орындары арасында жүргізіледі.

Ұйымдастырушы қосымша байқаудын бақылаушы ретінде үкіметтік емес ұйым мүшелерін қатыстыруға құқылы.

Байқаудың мақсаты:

Ауданымыздағы ұйымдардын құжатаналымының тәртібіне қарай құжаттардың жасалуын және басқаруды қалыпқа келтіру. Бірыңғай техникалық саясат негізінде басқаруды құжаттаалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді, құжаттармен жұмыс істеуде қазіргі замаңғы техникалық құралдарды қолдануды, ұйымдағы құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелікке басшылық жасау мен белгіленген тәртіптін сақталуын бақылауды басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету.

Байқауға қойылатын талаптар:

-құжатайналымдағы /кіріс-шығыс құжаттары, бұйрықтар, түрлі нысандағы бланкілер, т.б./ жүргізілген құжаттамалардын жасалуы, рәсімдеу талаптары /қате жазылуы, таза, т.б./;

-өзге де ұйымдармен хат алмасудағы мемлекеттік тілде жазылуы /қате белгілері, т.б./.

-ұйымдағы құжаттардың номенклатураға сай тігілуі, жинақталуы;

            Байқау келесідей номинациялар бойынша жеңімпаздар белгіленіп, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл-Мәңгілік Елдің алтын арқауы» айдарымен жалпыхалықтық тіл фестивалі аясында марапатталады.

1 орын- «Үздік іс жүргізуші мекемесі»

2 орын-«Ең үздік құжаттамашы»

3 орын-«Ең үздік іс жүргізуші қызметкері»

Аңықтама телефоны: 31349 /телефакс/