2018 жылғы 27 қыркүйек Алғабас ауылдық округіәкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 36-1 бабына сәйкес Сырым ауданы әкімінің хабары негізінде Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауы 2018 жылғы 27 қыркүйек  тағайындалсын.

2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 28 тамыз – 02 қыркүйек күндері аралығында жүргізілсін.

Кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 28 тамыз – 12 қыркүйек күндері аралығында жүзеге асырылсын.

Сайлауалды үгіт жұмыстары 2018 жылғы 12 қыркүйекте басталып, 2018 жылғы 25 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 24.00-де аяқталсын.

3. Сайлау Сырым ауданының білім беру бөлімінің мәжіліс залында 2018 жылғы 27 қыркүйек күні сағат 10.00 өткізілсін.

4. Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары бекітілсін.

5. Осы қаулы Сырым ауданының әкімі мен Сырым аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Сырым аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                           А.Саркулов