«Текті сөздің төресі–терме» жыршы-термешілер облыстық конкурсының қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер республикалық конкурсының аудандық іріктеу кезеннің (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) қазақстандықтардың тіл мәдениетін дамыту және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

-қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

-жыр, терме жанрын дамыту;

-жыр, терме жанрын жастардың арасында кеңінен насихаттау.

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

3. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

4. Конкурсқа ауданнан 16-35 жас аралығындағы бір үміткерден қатысады.

5. Конкурс ауданда 2019 жылдың 12 сәуір күні өткізіледі.

6. Конкурс «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Басқармамен бірлесіп өткізіледі.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2019 жылдың бірінші тоқсанында Басқарманың tilder-bko.gov.kz ресми сайтында бір ай бұрын орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша түрде Басқармаға конкурс жарияланғаннан кейін «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 5 тамызға дейін мынадай құжаттармен бірге береді:

-өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

-жеке куәліктің көшірмесі;

-орындалатын шығарманың мәтіні.

9. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10.Үміткерлерге 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды орындау ұсынылады.

11. Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

3. Қорытынды ережелер

12. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін дәстүрлі өнер шеберлерінен, қоғам қайраткерлерінен және зиялы қауым өкілдерінен қазылар алқасы құрылады.Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы кемінде төрағадан тұрады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.

13. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) орындалатын шығарманың ұсынылған тақырыптарды қамтуы мен өзектілігі;

2) шығарма мазмұнының тереңдігі;

3) шығарманы орындау шеберлігі;

4) тіл нормасының сақталуы;

5) сахна мәдениеті.

14. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

15. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Басқарманың tilder-bko.gov.kz ресми сайтында бір ай бұрын орналастырылады.

Қосымша ақпар алу байланыс телефондарынан: 8 (71134) 31349, 31399

_____________________________________________________________________________________________________

«Текті сөздің төресі – терме»

жыршы-термешілер облыстық конкурсының қағидаларына

қосымша

 

 

«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер

облыстық конкурсына қатысу үшін аудандық іріктеу кезеніне өтінім

 

1. Т.А.Ә. ______________________________________________________________

 

2. Жасы ______________________________________________________________

 

3. Білімі ______________________________________________________________

 

4. Жұмысы ______________________________________________________________

 

5. Мекенжайы

_____________________________________________________________


6. Байланыс телефондары

______________________________________________________________

7. Наградалары

______________________________________________________________

8. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

Қолы

Күні