Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурс қағидасы


1. Жалпы ережелер

  1. Осы Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсқа аудандық іріктеу кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
  2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

        1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

        2) тіл мәдениетін көтеру;

        3) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;

        4) талантты жастарды табу.

  1. Конкурс мемлекеттік тілде өткізіледі.
  2. Конкурс екі кезеңнен тұрады.

        1)Бірінші кезең–Сырым аудандық мәдениет үйінде 05.04.2019ж. өткізіледі.

        2) Екінші кезең – облыстық конкурс, Орал қаласында
2019 жылғы мамыр айында өткізіледі.

  1. Конкурсқа 17-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
  2. Конкурсты өткізудің бірінші кезеңінің «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі әзірлеп және бекітеді.

    2. Конкурсты өткізудің тәртібі

  3. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Конкурсты жоғарғы ұйымдастырушысы болып табылады.
  4. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру Басқарманың ресми сайтында tilder-bko.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.
  5. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздың өтінімін 2019 жылғы 10 сәуірге дейін Конкурстың екінші кезеңіне қатыстыру үшін Басқармаға ұсынады.
  6. Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:

2019 жылы атап өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес:

        1) Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан және қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан үзінді оқу.

        2) Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына жәнеФариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу;

     11.Конкурс шарттары:

       1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

       2) мәтіндерді жатқа оқу;

       3) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.

  1. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

    3. Қорытынды ережелер

  2. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдері, педагогика, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.
  3. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

         1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;

         2) дұрыс дыбыстауы;

         3) көркем мәтінді таңдау талғамы;

         4) сахналық образ және оқу шеберлігі.

  1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
  2. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі  10 жұмыс күн ішінде ақпарат Басқарманың tilder-bko.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.

            Қосымша ақпар алу байланыс телефондарынан: 8 (71134) 31349, 31399.

_______________________________________________________________________

 

Абай атындағы көркемсөз оқу
шеберлерінің облыстық конкурсының 
қағидаларына қосымша

 

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің

облыстық конкурсына қатысу үшін

аудандық іріктеу кезеңіне өтінім

 

  1. Т.А.Ә._____________________________________________________________

 

  1. Жасы_____________________________________________________________

 

  1. Жұмысы___________________________________________________________

 

  1. Білімі_____________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары______________________________________________

 

  1. Шығармалар атауы _________________________________________________

 

  1. Қосымша ақпарат___________________________________________________

 

                                                                                                                 Қолы

                                                                                                                 Күні