«Тілдарын» облыстық олимпиадасын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

  1. Осы «Тілдарын» облыстық олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңнің (бұдан әрі – Олимпиада) қағидалары (бұдан әрі–Қағида) үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
  2. Олимпиаданы өткізу мақсаттары:

1) үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарға қолдау көрсету;

2) қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.

  1. Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
  2. Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

1) Бірінші іріктеу кезеңі – Сырым аудандық мәдениет үйінде 05.04.2019ж өтеді.

2) Екінші кезең – облыстық олимпиада, 2019 жылғы мамыр айында Орал қаласында өткізіледі.

  1. Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатыса алады.
  2. Бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтау қағидасын «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы Қағиданы негізге алып әзірлейді және бекітеді.

    2. Олимпиаданы өткізудің тәртібі

  3. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Олимпиаданың ұйымдастырушысы болып табылады.
  4. Олимпиаданы өткізу туралы хабарландыру 2019 жылдың бірінші тоқсанында Басқарманың ресми сайтында бір ай бұрын орналастырылады.
  5. Олимпиадаға қатысу үшін жазбаша өтінімді жергілікті атқарушы органдар өткізілетін орны мен мерзімі нақтыланған арнайы хатқа жауап ретінде Басқармаға төмендегі құжаттармен бірге жібереді:

1) өтінім (осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) жеке куәліктің көшірмесі.

3) облыстық «Тілдарын» олимпиадасы қорытындысы хаттамасының көшірмесі.

  1. Олимпиада мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) экранда көрсетілген мәтін, картина немесе видеоның мазмұнын толық ашу (қазақ, орыс және ағылшын тілінде);

2) мәтінге ілеспе аударма жасау (берілген мәтіннің тіліне байланысты қалған екі тілге);

3) тыңдалым (ҚАЗТЕСТ жүйесінің В2 деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындау).

4) тапсырылған тақырып бойынша эссе жазу (берілген тақырыпқа сәйкес кілт сөздер тізімі, сөз тіркестері, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер мен сөйлемдерді қолдану міндеттеледі);

  1. Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

    3. Қорытынды ережелер

  2. Олимпиада қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының өкілдері, ҚАЗТЕСТ сарапшыларынан кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.
  3. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс айтылуы;

3) жауаптың оралымдылығы мен толықтығы;

4) жауаптың ерекшелігі мен мазмұндылығы;

5) өзін-өзі ұстауы және уақытын дұрыс пайдалануы.

  1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
  2. Олимпиаданың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде ақпарат Басқарманың ресми сайтында бір ай бұрын орналастырылады.

Қосымша ақпар алу байланыс телефондарынан: 8 (71134) 31349, 31399.

_____________________________ 

 

 

«Тілдарын» облыстық олимпиадасын
өткізу қағидаларына қосымша

 

 

«Тілдарын» облыстық олимпиадасына қатысу үшін аудандық іріктеу кезеңіне өтінім

  1. Т.А.Ә._____________________________________________________________

 

  1. Жасы_____________________________________________________________

 

  1. Атауы (облыс/қала) _________________________________________________

 

  1. Оқу/жұмыс орны____________________________________________________

 

  1. Білімі_____________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефоны_________________________________________________

 

  1. Қосымша ақпарат___________________________________________________

 

  1. Фото

  Қолы 

Күні