«Тіл шебері - 2019» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы

облыстық конкурсын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

  1. «Тіл шебері-2019» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық конкурсының аудандық іріктеу кезеңі (бұдан әрі–Конкурс) қағидалары (бұдан әрі–Қағида) үш тілде білім беру идеясын насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
  2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) үштілділікті насихаттау.

  1. Конкурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
  2. Конкурсқа орталық мемлекеттік органдардың 21-30 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.
  3. Алдыңғы конкурстардың жеңімпаздары қатыстырылмайды.

    2. Конкурсты өткізудің тәртібі

  4. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Комитет) Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
  5. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жылдың бірінші тоқсанында Басқарманың ресми сайтында бір ай бұрын орналастырылады.
  6. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін 2019 жылдың 5 мамырына дейін «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Басқармаға төмендегі құжаттармен бірге беріледі:
  • өтінім (Қағида қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
  • жеке куәліктің көшірмесі.
  1. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім Конкурсқа қатыстырылмайды.
  2. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
  3. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу, қазақтың ұлттық киімінде үш минуттан көп емес өнер көрсету;

2) «Өнертаным» – Ағылшын тілінде өнер көрсету (ән айту немесе өлең оқу, шағын қойылым), классикалық стильде бес минуттан көп емес өнер көрсету);       

3) «Ұлттаным» – Сұрақ-жауап айдары (белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру), классикалық стильде өнер көрсету.

3. Қорытынды ережелер

13. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс.

14. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуы;

3) сахналық шеберлігі;

4) уақытты орынды пайдалануы.

  1. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Дауыс беру нәтижелері тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының даусына басымдық беріледі.
  2. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушы тараппен бекітілген сыйлықтармен марапатталады.
  3. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Басқарманың tilder-bko.gov.kz ресми сайтында бір ай бұрын орналастырылады.

Қосымша ақпар алу байланыс телефондарынан: 8 (71134) 31349, 31399

______________________________

 

«Тіл шебері - 2019»
жас мемлекеттік қызметшілер арасында 
облыстық конкурсын өткізу қағидаларына
қосымша

 

 

«Тіл шебері - 2019»

жас мемлекеттік қызметшілер арасында

облыстық конкурсына қатысуға арналған

аудандық іріктеу кезеңіне өтінім

  1. Т.А.Ә._____________________________________________________________

 

  1. Жасы_____________________________________________________________

 

  1. Жұмыс орны ______________________________________________________

 

  1. Лауазымы_________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары______________________________________________

 

  1. Фото _____________________________________________________________

 

  1. Қосымша ақпарат __________________________________________________

 

Қолы 

Күні