Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылынан тұрғындардың ұсынысына қарай  төмендегідей жер учаскелері сауда-саттыққа (конкурстар, аукциондар) шығаруға жоспарлануда.

- Жонысов көшесі, 1 учаске – көлемі 0.1 га;

- Мұхит көшесі, 4 учаске – көлемі 0.04 га (барлығы 0.16 га);

- Қолғанатов көшесі, 2 учаске – көлемі 0.12 га (барлығы 0.24 га);

- Шоқанов көшесі, 1 учаске – көлемі 0.1 га;

- Асадуллин көшесі, 3 учаске – көлемі 0.0225 га (барлығы 0.0675 га);

- Алаш Орда көшесі, 2 учаске – көлемі (орт) 0.18 га (барлығы 0.37 га);

- Өлеңті ауылына кірме жолдың оң жағы, 5 учаске – көлемі 0.09 га (барлығы 0.45 га);

- «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолы /Ақтөбе қ. шығатын жақ/, 7 учаске – 0.3 га (барлығы 2.1 га);

- «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолы /Орал қ. шығатын жақ/, 3 учаске – 0.3 га (барлығы 0.9 га).