«Сырым Датұлының туғанына 275 жыл»  мерейтойына арналған жаңа үлгідегі логотиптін республикалық байқау ережесі (одан әрі - Байқау) - ең үздік туындыны аңықтау бойынша ұйымдастырудын реттілігі мен талаптарын анықтайды.               
Байқаудын мақсаты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» N1465 қаулысы негізінде Сырым Датұлының туғанына 275 жыл мерейтойын атап өту.

Байқаудын міндеті: рухани мәдениеттi дамыту, тарихи-танымдық тұлғаның маңыздылығын арттыру, насихаттау;

Байқауды ұйымдастырушылар: «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»,  Сырым ауданының әкімдігі, «Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қоры» және Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК                     (әрі - Ұйымдастырушы).

Байқаудын талаптары:
Байқауға жеке немесе бірлескен түрде туындыны заманауи нысандардағы түпнұсқа түрінде қабылданып, өткізіледі және байқауға қатысушының туындысында төмендегідей талаптарды сақтауы міндетті.
- 3 (үш) түрлі түстен аспауы;
-  заманауи 3D нысандағы көлемділігі
- байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып ұсынатын туындыны «Сырым Датұлының туғанына 275 жыл» логотип атауын басшылыққа алуды.
Байқаудың талаптарына сай 1 (бір) жеңімпаз аңықталады, толық нұсқада ұсынылмаған туынды қабылданбайды және өтінім иесіне қайтарылмай кеткен шығындары өтелмейді.

Байқаудын өткізу реттілігімен қатысушының өтінімді тапсыру мерзімі:
Байқауға қатысушының қатысу реттілігі келесі нұсқау бойынша жүргізіледі:
- ұйымдастырушыға туынды жұмысын өз атынан ұсыну;
- қоғамдық ұйымдар және басқа да ұйымдардың тарапынан туынды ұсыну.
Байқауға қатысушы өтінімімен қоса 1 (бір) туындыны ұйымдастырушыға   12.01.2017 ж.-12.02.2017 ж. мерзім аралығында төмендегідей мекен-жайда қабылданады.
БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі №8 үй
Телефон: 871134-31203, 31-163 эл. пошта: akim_sirim@mail.ru

Байқаудын жеңімпазын және туындыны анықтау критерийлері:
- құрылған комиссия байқау жеңімпазын аңықтайды, шешім талқылануға жатпайды;
- байқаудың талаптарына сай болу;
- туындының еш жерде жарияланбауы;
- туындыны ұсынуының ерекшелігі, эмоциялық деңгейі;
- туындының бейнелік, өзіндік мән-мағына беру;
- туындының сапасы (түрі, түсі, т.б.);

Байқаудын жеңімпазын марапаттау:  
Логотип жеңімпазын ұйымдастырушылардын қаражаты есебінен сыйақымен марапатталады. Байқаудың ережесін жариялау және байқаудың нәтижесі республикалық пен қалалық және аудандық БАҚ-да, интернет-порталдарда көрсетіледі. Байқаудың ережесін және байқаудың нәтижесі туралы ақпардын БАҚ-да жариялау шығындарын Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК-нан өтеледі.