09.05.2019

 

Сырым ауданының әкімдігі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс туралы

ХАБАРЛАМА!

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Сырым ауданының әкімдігі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2019 жылы 10 маусым күні сағат 15 00-де өткізіледі. Өтетін орны: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 8.


Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) конкурстық ұсыныс;

     3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі. (Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды).


Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

     2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

     3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.


Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.


Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2019 жылдың 24 мамырынан бастап 2019 жылдың 06 маусым аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның http://syrym-bko.gov.kz// интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Толық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8 (71134)21-5-95, 8(71134)31-1-14 алуға болады.

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

№ р/н

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 

                                           соның ішінде

Жалға беру мерзімі

(жыл)

 

егістік

шабындық

жайылымдық

басқа жерлер

га

бонитет балы

га

бонитет балы

га

бонитет балы

1

Алғабас а/о

810,0

810,0

21

-

-

-

-

-

10

2

Алғабас а/о

250,0

-

-

250,0

16

-

-

-

10

3

Жосалы а/о

400,0

-

-

-

-

398,0

18

2,0

10

4

Жетікөл а/о

1000,0

-

-

-

-

1000,0

8

-

10

5

Сарой а/о

800,0

-

-

-

-

800,0

11

-

10

6

Қособа а/о

340,0

-

-

-

-

339,0

9

1

10

 

 

Бөлім басшысы                                                           А.Токтаров

 

 

Конкурс 03.06.2019