Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жұмыстарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, вайнерлер мен блогерлер арасында өткізіледі

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жарияланымдарды анықтау мақсатында БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялайды

 

2019 жылдың 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында баспа және электронды БАҚ беттерінде, сонымен қатар телесюжеттер (тақырыптық телесюжеттердің циклі), әлеуметтік медиа-ресурстарда жарияланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды жарықтандыруға бағытталған жұмыстар қабылданады.

Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысуға 2019 жылдың 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар және жарияланым циклдері қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар санына шектеу жоқ. Жұмыстар төменде көрсетілген номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:

- Үздік интернет-жарияланым;

- Үздік телевизиялық жұмыс;

- Үздік баспасөз жарияланымы;

- Үздік вайн.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын 2019 жылдың 10 тамызды қоса алғанға дейін қабылдайды. Байқаудың қорытындысы құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жарияланатын болады.

Байқаудың қорытындысын шығару кезінде әділқазы алқаларымен келесі критерийлер ескерілетін болады:

1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

2) мәселені саралау тереңдігі мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны;

3) жазу стилі;

4) авторлық концепцияның өзіндік ерекшелігі.

Байқауға қатысу үшін құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705 кабинет, тел. +7 (7172) 909-199, сот: +7 778 288 20 77, электронды  пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік журналисттік жұмыстар туралы байқаудың ережесі

 

Жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы аясында

үздік жарияланымдар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Негізгі ережелер

 

  1. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша (бұдан әрі – Байқау) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін (бұдан әрі-БАҚ), ең үздік журналистік жұмысы үшін блогерлерге (әлеуметтік желілердегі посттар) және вайнерлерді (үздік вайн) анықтау бойынша, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайластыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтар жүйесін сақтап, нығыздау мақсатында өтеді.
  2. Байқау жеңімпаздарын құрамында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мен мемлекеттік орган өкілдері және үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері бар арнайы комиссия анықтайды.

 

2. Байқауға қатысу шарттары

 

  1. Байқауға барлық республикалық, өңірлік БАҚ өкілдері, блогерлер мен вайнерлер қатыса алады.
  2. Байқауға мақсатына сәйкес азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеріп, жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтарды сақтап, нығайтуға бағытталған, келесі материалдар: бағдарламалар, документалды фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар, посттар қабылданады.

Материалдар 2019 жылдың 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында жариялануы керек.

  1. Ұсынылатын материалдар санына шектеу қойылмайды.
  2. Байқау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған материалдар қабылданбайды. Ұсынылған материалдар қайта қайтарылмайды.

 

3. Байқау кезеңдері

 

  1. Байқау туралы хабарландыру

Байқау ережелері қазақ және орыс тілдерінде барлық республикалық,  өңірлік БАҚ беттерінде жарияланады.  

  1. Байқауға ұсынылған материалдарды қабылдау.

Жарияланымдардың түпнұсқасы немесе көшірмесі (автордың мәліметтері, байланыс нөмірлері, басылым атауы көрсетілген) ұсынылады.

Аудиовизуалды материалдар эфирлық анықтамасымен бірге телевизиялық бағдарламалар көшірмелері түрінде ұсынылу керек (cd/dvd дискілерінде, флэш тасымалдауыштарда немесе сілтеме арқылы).

Ақпараттық агенттіктердің журналистері интернет сайтта жарияланған дәлелімен жарияланымдарының көшірмелерін ұсыну керек.

Байқауға материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. 2019 жылдың 10 тамызында материалдарды қабылдау тоқтатылады.       

Материалдарға қосымша журналистің қысқаша баяндамасы, 3×4 суреті, ақпараттық материалдар тізімі жолданылады.

  1. Байқауға ұсынылған материалдырды қарау.

Материалдар қабылданып болғаннан кейін байқау комиссиясы жұмыстарды қарауды бастайды.

Байқауда келесі критерийлер ескеріледі:

1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

2) мәселені саралау тереңдігі мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны;

3) жазу стилі;

4) авторлық концепцияның өзіндік ерекшелігі.

  1. Қорытындылау

Жеңімпаздарды анықтау байқау комиссиясының отырысында үздік жұмыстарды анықтау жолымен жүргізіледі.

Комиссия отырысы БАҚ өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелерінің қатысуымен өтеді.

Әрбір материал жеке талқыланып, ашық дауыс беру арқылы нәтижесі шығарылады.

Бірдей дауыс алған жағдайда, комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі. Комиссия отырысының хаттамасы толтырылады.

Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша шешім кабылданып, жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындар келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) Үздік интернет-жарияланым;2) Үздік телевизиялық жұмыс;3) Үздік баспасөз жарияланымы;4) Үздік вайн. Жеңімпаздарды марапаттаудың орны мен уақыты комиссия отырысында белгіленеді. 

 

4. Байланыс ақпарат

 

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705 кабинет, тел. +7 (7172)909-199,
сот: +7 778 288 20 77, электронды  пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru