06.06.2019

Теректі ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

 

Теректі аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сай «Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіндігін хабарлайды.

Ауылшаруашылығын жүргізу үшін арналған жер телімін беру үшін конкурсын 2019 жылдың 23шілдеде сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Юбилейная көшесі 20 мекен-жай бойынша Теректі ауданы Әкімдігінің кіші залында өткізеді.


                                            

Жер телімінің тізімі

 

Лот №

Жер телімінің қысқаша мазмұны, соның ішінде: құрамы мен түрлері, бонитет балы (әрі қарай–балл б.)

Ауданы,
га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан жері (шаруашылық пенелді мекен арасының орташа қашықтығы)

1

егістік, орташа балл б. -31

875

10

Долин а/о,. Коныссай- 4,2км

2

егістік, орташа балл б. - 31

200

10

Долин а/о,. Коныссай-0,750км

3

егістік, орташа балл б. - 31

77

10

Приречноеа/о,.Приречноеа– 0,500 км

4

жайылым, орташа балл б. - 27

1322

10

Приречноеа/о,. Приречноеа– 17 км

5

жайылым, орташа балл б. - 27

1327

10

Приречноеа/о,. Приречноеа– 17 км

6

жайылым, орташа балл б. - 28

42

10

Федоровкаа/о,. Қабылтюбеа– 2 км

7

шабындық, орташа балл б. - 28

20

10

Федоровкаа/о,. Қабылтюбеа– 3,6 км

8

егістік, орташа балл б. - 28

337

10

Федоровкаа/о,. Қабылтюбеа– 5,5 км

9

жайылым, орташа балл б. -19

262

10

Шағатайа/о,. Кутсиык – 7,5 км

10

егістік, орташа балл б. - 20

557

10

Шағатайа/о,. Қоғалытөбе – 8,3км

11

жайылым:

300

 

10

Шалқара/о,. Сары Умир-10км

12

егістік, орташа балл б. -21

408

10

Шағатайа/о,. Қоғалытөбе – 8,3км

13

жайылым, орташа балл б. -16

2400

10

Шалкарский с/о, до с. Дуана-7,1 км

14

егістік, орташа балл б. -16

100

10

Подстепное с/о, до с.Подстепное– 6,2  км

15

жайылым, орташа балл б. - 19

220

10

Шағатай ас/о, до с.Шағатай– 6 км

16

егістік, орташа балл б. - 28

170

10

Федоровский с/о, до с. Қабылтөбе– 5,5км

17

жайылым, орташа балл б. -16

756

10

Шалкарский с/о, до с. Дуана-6,5 км

(Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және « жылғы __________ «_____» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бап 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды.

Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және жеңіп алған конкурстық өтінімді айқындайды.

Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы болып тартылатын инвестициялардың көлемін банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімімен растаған қатысушы айқындалады.

Салынатын инвестицияның расталған көлемімен екі және одан да көп конкурстық ұсыныстар болған жағдайда конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасы туралы мәліметтермен аудандық жер қатынастары бөлімінен танысуға болады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Юбилейная көшесі 20 үй Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі. Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі –2019 жылдың 22шілде күні сағат 16.00-ге  дейін.Конкурсқа қатысушылар конверттерді ашу үшін 2019 жылдың 23 шілде күні сағат 11.00-де келуіңіз сұралады.

            Конкурс бойынша қосымша ақпаратты (өтінім формасы мен конкурс ережелері) келесі сайт бойынша қарауға болады: http://ozo.websoft.kz/ru/немесе телефон арқылы 8(71132)-23-3-49 «Теректі ауданының жер қатынастары бөлім» ММ.