Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

 

Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын» басшылыққа ала отырып, жер комиссиясының 2019 жылғы 17 маусымдағы №2 хаттамасы негізінде «Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайтадан конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурс 2019 жылғы 25 шілдеде сағат 09.00-де Жәнібек ауданы әкімі аппаратының (мекенжайы: Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, №61 үй) кіші мәжіліс залында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2019 жылғы 11 – 24 шілде күндері аралығында Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінде (мекенжайы: Жәнібек ауылы А.Иманов көшесі, №71 үй, бірінші қабат) жүргізіледі.

 

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің сипаттамасы

 

Лот

Ауылдық округ атауы, орналасқан жері

алаңы

алқаптардың құрамы

топырақтың сапалық сипаттамасы, бонитет балы

сумен қамтамасыз етілуі

өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

2

Ақоба

Күйгенкөл ауылдық округімен шекаралас Ақоба ауылдық округінің оңтүстік-шығыс бағытындағы «Асылбек» ШҚ (А.Нигметов), «Сұлтан» (А.Койшин), «Айсана» ШҚ (М.Ибраева) жер телімдерімен шекаралас орналасқан

400

жайылым

21

қанағаттанарлық

Мал шаруашылығы

5

Борсы

Қамысты ауылдық округімен шекаралас Тегісшіл ауылының солтүстік бағытындағы «Тасқара» ШҚ (Е.Сарсенғалиев), «Шапағат» (Б.Кушеккалиев) жер телімдерімен шекаралас орналасқан

400

жайылым

18

қанағаттанарлық

Мал шаруашылығы

14

Күйгенкөл

Бөкей ордасымен шекаралас «Қоғалы» (Ж.Темирғалиев) жер телімімен шекаралас орналасқан

500

жайылым

21

қанағаттанарлық

Мал шаруашылығы

16

Қамысты

Борсы ауылдық округімен шекаралас Қамысты ауылдық округінің шығыс бағытындағы ауылдық округ бөлігінде орналасқан жер телімі

500

жайылым

21

қанағаттанарлық

Мал шаруашылығы

19

Қамысты

Қамысты ауылының шығыс бағытындағы «Әбілқайыр» ШҚ (С.Шойтасова), «Айболат» ШҚ (А.Жмуров), «Мирас» ШҚ (М.Абдрахманов) жер телімдерімен шекаралас орналасқан

500

егістік

21

қанағаттанарлық

Егін шаруашылығы

20

Талов

Ресей Федерациясымен шекаралас Талов ауылдық округінің оңтүстік-батыс бағытындағы ауылдық округ бөлігінде орналасқан жер телімі

500

жайылым

22

қанағаттанарлық

Мал шаруашылығы

21

Талов

Ресей Федерациясымен шекаралас Талов ауылдық округінің оңтүстік-батыс бағытындағы ауылдық округ бөлігінде орналасқан жер телімі

500

жайылым

22

қанағаттанарлық

Мал шаруашылығы

 

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

22) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және « жылғы __________ «_____» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бап 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды.

Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және жеңіп алған конкурстық өтінімді айқындайды.

Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы болып тартылатын инвестициялардың көлемін банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімімен растаған қатысушы айқындалады.

Салынатын инвестицияның расталған көлемімен екі және одан да көп конкурстық ұсыныстар болған жағдайда конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасы туралы мәліметтермен аудандық жер қатынастары бөлімінен танысуға болады.

Қосымша ақпаратты Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінен (мекенжайы: Жәнібек ауылы А.Иманов көшесі, №71 үй, бірінші қабат, байланыс телефондары (8-711-35) 21589, 22355) алуға болады

 

 

Аудандық жер қатынастары бөлімі