Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта конкурс 2019 жылы 23  тамыз күні сағат 10 00-де өткізіледі. Өтетін орны: БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, №31 (3 этаж) Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты ғимаратының кіші мәжіліс залында өтеді.

      

ЕСКЕРТПЕ

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі. (Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды).

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

          2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

           3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2019 жылдың 9 тамыздан бастап 2019 жылдың 22 тамыз  аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына мекен-жай бойынша алуға болады: Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков  көшесі, №27, аудандық жер қатынастары бөлімінен, сағат 9.00 ден 18.00- ге дейін (түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін). Телефон 8 (71140) 21196.

№ р/н

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 

 

                         соның ішінде

Жалға беру мерзімі

(жыл)

 

шабындық

жайылымдық

басқа жерлер

 

га

бонитет балы

га

бонитет балы

1

Сайқын

«Қаракөл» е.м

742

 

 

741,0

10

1,0

10

2

Сайқын

«Қаракөл» е.м

473

 

 

472,0

10

1,0

10

3

Сайқын

«Қаракөл» е.м

637

 

 

636,0

10

1,0

10

4

Сайқын

«Қаракөл» е.м

502

 

 

501,0

10

1,0

10

5

Сайқын

«Қосапан» е.м

660

 

 

659,0

10

1,0

10

6

Мұратсай «Сартөлген» е.м

400

 

 

399,0

13

1,0

10

7

Мұратсай «Абдулла» е.м

425

 

 

424,0

13

1,0

10

8

Мұратсай «Бугет» е.м

440

 

 

439,0

13

1,0

10

9

Бисен «Бегалі», «Бидайық»  е.м

460

 

 

459

8

1,0

10

10

Бисен «Қарой» е.м

400

 

 

399

8

1,0

10

11

Бисен «Бытқыл», «Ақкөлмек»  е.м

994

 

 

992

8

2,0

10

12

Бисен «Жаманқара» е.м

520

 

 

519,0

8

1,0

10

13

Бисен «Бруцеллез»

300

 

 

299,0

8

1,0

10

14

Орда «Үштерек»

200

 

 

199,0

8

1,0

10

15

Ұялы

«Подстрой» е.м

230

 

 

229,0

7

1,0

10

16

Ұялы

«Муханбеткум» е.м

500

 

 

499,0

7

1,0

10

17

Ұялы

«Қаракөл» е.м

870

 

 

868,0

7

2,0

10

18

Ұялы

«Мурзагали» е.м

250

 

 

249,0

7

1,0

10

19

Ұялы

«Базарбай» е.м

500

 

 

499,0

7

1,0

10

20

Саралжын «Бестау» е.м

500

 

 

499,0

12

1,0

10