2019 жылдың 18 қазан (жұма күні) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO» парақшасында өткізілетін болады (https://www.facebook.com/events/510681432843183/).

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келесі негізгі бағыттарды жүзеге асырады:

 

  • қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

 

  • сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын туғызатын жағдайлар мен қатерлерді анықтау және зерттеу;

 

  • құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, ашу және тергеу.

 

Келесі жобалар жүзеге асырылуда:

 

  • «AQJAIYQ – ADALDYQ ALANY» азаматтарға қолайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою;

 

  • «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» - кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және бизнеске заңсыз араласу фактілерінің алдын алу;

 

  • «SANALY URPAQ», «ADAL URPAQ» - білім саласында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік пен парасаттылық атмосферасын қалыптастыру және т.б.

 

Пайдаланушылардың сұрақтарына Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Илиясұлы Самет жауап беретін болады.

Өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды комментарий ретінде қалдыра аласыздар.

 

 

 

 

Sybaılas jemqorlyqqa qarsy qyzmet basshysynyń

bіrіnshі orynbasary ınternet-konferentsııa ótkіzedі

 

2019 jyldyń 18 qazan (juma kúnі) saǵat 09:00-den 18:00-ge deıіn Qazaqstan Respýblıkasynyń Sybaılas jemqorlyqqa qarsy іs-qımyl agenttіgіnіń  (Sybaılas jemqorlyqqa qarsy qyzmet) Batys Qazaqstan oblysy boıynsha Departamentіnde ınternet-konferentsııa ótedі.

Internet-konferentsııa «Facebook» áleýmettіk jelіsіnіń «Anticorruption ZKO» paraqshasynda ótkіzіletіn bolady (https://www.facebook.com/events/510681432843183/).

 

QR Sybaılas jemqorlyqqa qarsy іs-qımyl agenttіgі kelesі negіzgі baǵyttardy júzege asyrady:

 

-           qoǵamda sybaılas jemqorlyqqa qarsy mádenıettі qalyptastyrý;

 

-           sybaılas jemqorlyq quqyqbuzýshylyqtaryn týǵyzatyn jaǵdaılar men qaterlerdі anyqtaý jáne zertteý;

 

-           quqyqbuzýshylyqtardy anyqtaý, aldyn-alý, ashý jáne tergeý.

 

Kelesі jobalar júzege asyrylýda:

 

-           «AQJAIYQ – ADALDYQ ALANY» azamattarǵa qolaıly jaǵdaı jasaý jáne turmystyq sybaılas jemqorlyqty joıý;

 

-           «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» - kásіpkerler men ınvestorlardyń quqyqtaryn qorǵaý jáne bızneske zańsyz aralasý faktіlerіnіń aldyn alý;

 

-           «SANALY URPAQ», «ADAL URPAQ» - bіlіm salasynda sybaılas jemqorlyqqa múldem tózbeýshіlіk pen parasattylyq atmosferasyn qalyptastyrý jáne t.b.

 

Paıdalanýshylardyń suraqtaryna Departament basshysynyń bіrіnshі orynbasary Nurdáýlet Ilııasuly Samet jaýap beretіn bolady.

Ózderіńіzdі qyzyqtyrǵan suraqtaryńyzdy kommentarıı retіnde qaldyra alasyzdar.