жағдайлары төмен тұрғындардың тізімін анықтау

 

Хабарлама

 

«Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  2019 жылы 13 қараша күні сағат 10:00-де zem.kz электрондық порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша қайта аукцион өткізілетіндігін хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылдың 29 қазаны мен 12-қарашасы аралығында zem.kz электрондық порталы арқылы  жүргізіледі.

 

Аукционда  жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

р/с

Құқық түрі

Жер учаскесінің алаңы (га)

Нысаналы

мақсаты

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны

Жылдық жалға беру ақысы, теңге

Бастапқы құны, теңге

Кепілдік жарнасы

1

3 жылға  жалдау құқығы

0,0875

ғимарат құрылысын салу үшін және оған қызмет көрсету үшін

Қаратөбе а\о.

Қаратөбе ауылы

С.Датұлы көшесі №2

155 750

 

 

420

9345

467,25

2

3 жылға  жалдау құқығы

0,04

ғимарат құрылысын салу үшін және оған қызмет көрсету үшін

Саралжын а\о. Қарақамыс  ауылы

Малабаев көшесі № 11 А

22 120

 

 

192

1327,2

66,36

 

                  Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: жеңімпаз (сатып алушы) аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою, жер учаскесі орналасқан тиісті округ әкімінің шешімі қабылданған соң сатып алу – сату шартын жасасу,  сатып алу – сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау. Жер учаскелерінде ауыртпалықтар (шектеулер) жоқ.

Аукцион барысында белгіленген бағаның 50 пайызы мөлшерінде аванстық төлем сатып алу – сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі, қалған сома сатып алу – сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

            Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Аукционға қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

Анықтама үшін телефон: : 8 71145 31424; 8 71145 31501