Электр энергиясы Батыс Қазақстан облысының біртұтас отын-энергетикалық экономикасының маңызды бөлігі болып табылады, оған энергетикалық ресурстарды өндіру және пайдалану, мұнай құбырлары арқылы тасымалдау, электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату қондырғылары кіреді.

Облыстың электр энергетикасында 23 энергетикалық кәсіпорындар жұмыс істейді, олардың ішінде:

  1. 5 энергия өндіруші ұйымдар («Орал газтурбиналық электр станциясы» ЖШС, «БатысПауэр» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, КПО Б.В., «Жайықмұнай» ЖШС);
  2. 7 энергия беруші ұйымдар («Батыс Қазақстан тарату электр желісі компаниясы» АҚ, «Ақсайгазпромэнерго» АҚ, «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС, «Куатэнерго» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ);
  3. 11 энергиямен жабдықтаушы ұйымда («Батысэнергесурсы» ЖШС, «Батыс Қазақстан Ресурстар» ЖШС, «Адал» ЖШС, «Оралэнергосбыт» ЖШС, «Ұлытау Пауэр» ЖШС, «Ақсайэнерго» ЖШС, «Казэнергетмаркетинг» ЖШС, «Батыс Қазақстан энергияны жеткізу» ЖШС), «Каспий құбыры Консорциумы-К» АҚ, «Темиржолэнерго» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының аумағында электр энергиясы және атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелеріне сәйкес Аумақтық департаменттің функциялары:

- электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

- электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;

- электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзеге асырады;

-  мыналарды:

       электр энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуын;

        өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын;

        электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;

       электр станцияларының, электр желілерінің күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын мемлекеттік энергетикалық бықылауды жүзеге асырады;;

- Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қосуды бақылауды жүзеге асырады;

- негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi";

-  электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

- әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

-  мерзiмдер мен орындалуына жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;

- Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;

-  табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;

- энергетикалық жабдыққа тексеру жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру және электр станцияларының және электр желілерінің энергетикалық жабдығының жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартады;

- Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

-  өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

- жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Сұрақтар туындаған жағдайда және қажетті түсініктемелер алу үшін, Департамент басшысы Серікболат Есенғалиұлы Ешевпен кездесуге немесе жазбаша өтінішпен төмендегі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: БҚО, Орал қаласы, Досмухамедова көшесі, 45 үй, 1 қабат, 102 бөлме, тел. 50-31-15 факс, 50-08-95 немесе zko.kaenk@energo.kz  электронды поштасына. Сондай-ақ, кеңесті facebook әлеуметтік желісі арқылы алуға болады. Қабылдау кестесі апта сайын сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің бас маманы– А.Б.Гусманова