Жыл сайын біз кәсіпкерлердің алдында есептік кездесулер өткізіп, онда атқарылған жұмыстар туралы және алдыңғы жылға деген жоспарларымызбен бөлісеміз. 2017 жылда көп ерекшеліктер жоқ. Алайда, айта кеткен жөн, биылғы жылы дәстүрлі форматта, барлығымен кіші мәжіліс залына жиналыс түрінде өткізілмейді. Барлығына жалпы қолайлы жағдай жасау үшін енді Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының атқарылған жұмыстары туралы есепті тікелей эфирде 28 наурыз күні «Қазақстан-Орал» телеарнасынан сағат 11:00-де көре аласыз.
2016 жыл бойынша қызметтің қорытындылары жарияланады, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының басым бағыттар бойынша жүргізіліп келе жатқан күнделікті жұмыс туралы айтылады. Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен анықталған және мемлекет басшысының 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларына сәйкес ағымдағы жылдың міндеттері туралы айтылады.
Сіздер барлық қызықтырған сұрақтарыңызды маған жеке хабарламамен жолдауға немесе менің әріптестерімен (байланыс телефондары баннерде көрсетілген) хабарласып, жолдай аласыздар.