Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген  Заңсыз (тіркеусіз) сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді түрде тапсыру қағидаларына сәйкес  елімізде 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап ерекше өкімге дейін  халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілетін болады.
Осы акция аясында аудан тұрғындары заңсыз сақтаудағы, тіркеусіз тұрған қару-жарақтарын ақшалай сыйақыға тапсыруларына болады. Ол үшін Сырым ауданының ішкі істер бөліміне келіп жолығулары сұралады.

Сырым ауданының ішкі істер бөлімі
Байланыс телефоны 31-137