«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-сі және Cырым ауданы әкімдігі. БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында орнатылатын ескерткіштін ең үздік жобаларына ашық конкурс өткізілетінін хабарлайды:
Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен «Сырым Датұлы» ескерткіші (ат үстінде).
Орнатылатын жері: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылының С.Датов-Алашорда көшелерінің қиылысының аумағы.
Конкурстық жобаның құрамы және басқа шарттары конкурстық құжаттарда көрсетілген.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының бүкіл қала мен облыстарынан көркемдік-өндірістік шеберханалары, заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.
Конкурстық құжаттардың түпнұсқасын желімделген конвертте және электрондық нұсқасын мына мекен-жайға: «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» КММ. 090005, БҚО, Орал қаласы, Гагарин көшесі 105/3. Тел: 8(7112) 23-67-99 Е-mail: cultnaslediya@mail.ru тапсырылады (жіберіледі).
Конкурстық тапсырысты берудің соңғы уақыты 2017 жылдың 1 маусым сағат 15:00 дейін.
Конкурстық тапсырыстың конверттерін ашу 2017 жылдың 7 маусым күні мына мекен-жайда өткізіледі: БҚО, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 166/1.