Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық кодексінің 472 бабының  3 тармағына сәйкес Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (2017.01.01.жылына берілген өзгерістер мен толықтыруларына) байланысты, Сізді жыл сайынғы жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым сомаларын төлеу мерзімі осы қызмет түрімен айналысатын жылдың бірінші жылын қоспағанда ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін екенін қатерлеріңізге салады.
Егер алым сомаларын бұл мерзімнен кешігіп төлеген жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабының 8 тармағы (жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу) негізінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс
және Өндіру жөніндегі бөлімнің бас маманы     
И. Усенов