Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік беретіндігін жария етеді.
Оның мақсаты азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
2017 жылдың 1 мамыр айынан бастап 30 қараша  айына дейін Мемлекеттік кірістер комитеті  «Атамекен»  ҰКП-ның қолдауымен «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» кезекті акциясын өткізеді.
Қазақстан республикасының облыстарымен қалалары бойынша ай сайын  жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Чек қабылдау  1 мамыр айынан бастап 30 қараша айлары арасында өткізіледі.
Бас финал  жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.
Акция  көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобиліді қосымшасы арқылы өткізіледі.
Акцияға қатысу үшін азаматтарға «Wipon» мобильді бағдарламасы өзінің смартфонына көшіріп тіркелгеннен кейін, сатушыдан берілген түбіртектің фотосуретін «Wipon» мобильді бағдарламасы арқылы жіберу қажет. «Wipon» мобильді бағдарламасын Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.
Түбіртектердің санына да, қатысушыларға да шектеу қойылмайды.
Бір түбіртек – бір ойын билеті болып табылады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағымды  «Wipon»  мобильді бағдарламасы арқылы жібере алады.
Өткен жылы ақцияға 2 млн. астам азамат қатысып 10 млн. астам түбіртек жіберілді, 9 мың жеке тұлға заңсыз жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 8 мыңнан астам бақылау-касса машиналары мемлекеттік кірістер органдарында тіркелді.
Осыменен қатар акцияға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары көлеңкелі экономиканы жеңу үшін үлесін қоса алады.
Акция екі деңгейде өткізіледі: бірінші кезең облыстар деңгейінде, екінші кезең – Республикалық деңгейде, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде. Жеңімпаз түбіртектерді кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады