26.03.2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ

           

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап көрсетті.

           

Бүгінде мемленкеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

           

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

            Мемлекеттік қызметшінің құзыреттері:

  • Қызметті басқару- шектелген уақыт жағдайында бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты талдау мен дайындауға арналған басымдықтарды қоя білу
  • Ынтымақтастық- әріптестермен және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимылды дамыту, тапсырманы орындау үшін пікір алмасу
  • Шешім қабылдау-өз өкілеттілігі шегінде шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты таба білу
  • Жеделділік-өзгермелі жағдайларда жылдам бейімделу, болып жатқан өзгерістерді талдау және жұмысты жақсарту бойынша дер кезінде шараларды қабылдау
  • Өздігінен даму- өзін-өзі дамытуға талпыну, жаңа ақпаратты және оны қолдану тәсілдерін іздеу
  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану- сапалы қызметтерді көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру және халықта туындаған сұрақтарды шешуде көмек көрсету
  • Қызметті тұтынушыны хабарландыру- тұтынушыға қолжетімді нысанда ақпаратты жеткізу
  • Парасаттылық- белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарын қолдану
  • Жауапкершілік-өз іс-әрекеті мен нәтижелеріне жауапкершілік алу
  • Бастамашылдық-жаңа идеяларды әзірлеу және ұсыну, негізгі міндеттерінен бөлек қосымша жұмыстарды орындау
  • Стреске төзімділік-сынға сабырлылық таныту және ол негізделген болса, кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдау

Мемлекеттік қызметші активтердің түгелдігін қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырылған, материалдық техникалық ресурстарды (мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттары және т.с.) күтіп ұстауға тиістіміз.

Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.

Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынуымыз керек.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта бізге рухани баю үшін мәдениет және демалыс мекемелеріне бару керек, қайырымдылық пен қоғамдық қызметке қатысу, мүмкіндігінше волонтерлық қызметпен айналысу және т.с.с. қажет. Бұл ретте, бізге мас күйде қоғамдық орындарда болу, адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеу керек.

Әрқайсысымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып  табылатындығын есте сақтауымыз қажет.

Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын құру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау біздің жалпы міндетіміз. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық айтуға, біліммен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.

Мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттілігін объективті орындауда жеке мүддесінің әсер етуіне жол бермеуі қажет.  Мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні қолданған кезде интернет желісінің басқа қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайылылық танытуы қажет, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпаратты жарияламауы, қазіргі конституциялық құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын қолданушыларды достар тізіміне қабылдамауы тиіс.

Мемлекеттік қызметте іскерлік этикет және ресмимінез-құлық қағидалары маңызды рөл атқарады. Олардың қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, демек, жоғары кәсібилікті көрсетеді. Іскерлік этикет қағидалары барлығына бірдей және әрбір мемлекеттік қызметші дәрежесіне қарамай оны білуге міндетті. Жалпыға ортақ іскерлік этикет қағидалары мыналардан тұрады: жұмыс уақытын тиімді және орынды қолдану, дресс- кодты сақтау, қызметкерлер арасындағы жұмыстағы қарым-қатынас, іскерлік келіссөздер, тайм менеджменттің негіздерін меңгеру, әңгімелесушіге деген құрмет, телефон этикеті. Мемлекеттік органдардағы әдептілік нормаларының сақталуы көбіне басшының беделіне байланысты. Басшының  беделі ретінде оның өз еңбегімен, кәсіби білімімен, парасаттылығымен, адамдармен жұмыс істей білуімен иеленген ұжымға деген жеке ықпалын түсіну керек. Басшының ұжымда ізгі ниетті және конструктивті жағдай жасай білуі халық пен мемлекеттік қызмет етуге бағытталған мемлекеттік қызметшілердің табысты өзара іс-қимылының негізі болып табылады. Басшының өз бағыныштылары арасында әдеп қағидаларын сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі және жеке мінез-құлығы арқылы парасаттылықтың, әділдіктің және бейтараптықтың үлгісін көрсетуі маңызды.

Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қол астындағы қызметкер барлық  тұлғалардың құқытары, бостандықтары мен заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте кез келген ұжымда лайықты қарым-қатынас жасау, адамның абыройы, оның мәртебесі, әрекеттері мен қылықтары сыпайылылықтың маңызды критерийлері болып табылады.

 

                                                                                                                  Е.Сарсенов

Аудан әкімі аппаратының басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкіл