Жаһанша Досмұхамедов 1887 жылы Батыс өңіріндегі Жымпиты  ауданының (қазіргі Сырым) Бұлдырты ауылында (бұрынғы Ілбішін уезінің Бұлдырты болысында) дүниеге келген. Ауыл мектебінен хат таныған ол Жымпитыдағы бір сыныптық болыстық орыс-қазақ училищесінде білім алды. Оқушылардың арасында алғырлығымен көзге түскен Жаһаншаға ұстаздары Оралдағы реальдық әскери училищеге түсуге бағыт береді. Орал реальды әскери училище 1890-1891 жж. қалыптасып, әскери және қазыналық қаражатпен қамтамасыз етілді. Бұл оқу орнында  онымен бірге кейін ұлт зиялыларының қатарын толықтырған азаматтар білім алды. Олардың арасындағы Халел Досмұхамедов, Ғұбайдолла Бердиев, Нұрғали Ипмағамбетов, Бақтығали Бейсенов және басқа азаматтар кейін Алаш партиясына мүше болып, батыс өңірде Алашорда үкіметін құруға белсене ат салысты.  Жаһанша училищені 1904 жылы үздік бітіреді. 
Жаһанша училищені 1904 жылы үздік бітіреді.  Оның қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына осы оқу орны тікелей әсер етті. Себебі училищеде Ресейдің жоғарғы оқу орнын бітірген  білікті ұстаздар дәріс беріп, оқушыларды елде болып жатқан саяси оқиғалармен таныс болуларына ықпал жасаған болатын. Жаһанша оқуын жалғастыруды көздеді. 1905 жылы ол заңгер, белгілі қоғам қайраткері Бақытжан Қаратевтың ақылымен Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түсуге бел байлайды. Бұл кездерде Орал өңірінде қазақ зиялылары патша саясатына қарсы бой көтере бастаған еді. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында кадет партиясын құруға талпынған қазақтардың жалпы съезі болып, оған сол кезде халық арасына танымал болған Б. Қаратаев, Ғ. Бердиев, М. Бақтыгереев, И. Тоқбердиев, Х. Досмұхамедов, Н. Ипмағамбетов, М. Мұқанов, Ғ. Рақымбердиев, Ізбасаров, Ү. Дүйсембин бұл партияға мүше болып кіреді. Партияны құру және оның негізгі көздеген мақсаты 1906 ж. татар тілінде жарық көрген «Әл-ғасыр-ул-жәдид» журналына жарияланған  бағдарламаларында айқын көрсетілді. Онда азаматтардың негізгі еркіндіктері (заң алдында тең болу, діни сеніміне кеңшілік беру, еркін сөйлеуге, бас қосу, жиналыстар өткізуге, шетелге шығуға, ана тілінде сөйлеуге ерік беру), халықтың өзін-өзі билеуі, сот, дін, жер, алым-салық, оқу мәселелері  және партия жарғысы қарастырылды.  Бұдан кейін партия мүшелері Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мәселесіне орай әрекет етіп, партияның мәжілісі өткізуге талпынған еді. Жаһанша осындай елде болып жатқан өзгерістерді көзімен көріп, елдің зиялы азаматтарымен етене араласа отырып, ұлт зиялыларына қатысты, нақтылай айтқанда патша үкіметі тарапынан көрсетіліп жатқан қысым, жазалау барысынан да хабардар болды. Олардың ақылын тыңдай жүріп, 1905 жылдың күзінен бастап Оралдағы жоғары оқу орнына түсетін даярлық курсында білімін жалғастырып, оны аяқтаған соң 1906 жылдың 22 тамызында император атындағы Мәскеу университетінің ректорына өзінің Орал әскери реалды училищесін бітіргенін және Орал облыстық басқармасының стипендианты екенін хабарлап, университеттің заң факультетіне оқуға түскісі келетінін білдірген өтініш жазады. Оның бұл өтініші осы жылдың тамыз айында қанағаттандырылып, 1906 жылы университетке оқуға қабылданады. Сөйтіп, 1906-1910 жылдар аралығында Жаһанша заң факультетіне оқып, оның қыры мен сырын терең меңгеріп шықты және саяси жағынан шыңдала түсті.  Студенттік кезінде өзімен қатарлас Х. Досмұхамедов, Н. Ипмағанбетов, Ғ. Бердиев және т.б. замандастарымен тығыз байланыста болып,  олармен сол кездегі болып жатқан түрлі саяси  жағдайларды бірге талқылады.  1910  жылы университетті үздік бітірген Жаһанша туған жеріне қайтып оралуды мақсат тұтты. Алайда оған көздегеніне бірден жетуге мүмкін болмады. Себебі, патша өкіметі бұрата халықтан шыққан оқығандарды өз отанында қызмет етуге тыйым салған Ағарту министрлігінің заңын шығарып қойған еді. Осыған орай Жаһаншаға өз қызметін Қазақ өлкесін зерттейтін Қоныстандыру Басқармасында статист болып бастауға тура келді.
1917 жылғы ақпанға дейін  Томск  сот округі  прокурорының  орынбасары. 1- Орал  облыстық қазақ съезінің төрағасы,  Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған.

  • 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
  • 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
  • 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
  • 1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уа­қытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.

Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.
Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.

  • 1918 жылы қыркүйекте  Уфада  өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан»  Алаш автономиясының  батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына  Алашорданың  бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б.Құлманов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және Е.Тұрмұхамедовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Досмұхамедов сайланады.

Ж.Досмұхамедов көптеген уақытша өкімет орындарымен келіссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлімдемелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын түсіндірумен болды. Яғни мына алмағайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл  Ресейде  түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да  Кеңес өкіметімен , яғни  Түркістан  майданының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына:

  • қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия;
  • екі жақтың теке-тіресінің ортасында қалған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен талан-тараждан аман сақтау болып табылады деп шегелеп көрсетеді.

Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысымен, қазақ даласынан аластатылып, оқшауландырылуға жататын Батыс Алашорда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының штабына, ары қарай Мәскеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат дайындап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троцкийге табыстайды. Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.

  • 1920-25 жылдары  Ташкентте  тұрып, ғылыммен, өз мамандығы бойынша  адвокаттық  жұмыспен айналысады.
  •   Әуезовте  1922-23 жылдыры  Ташкентте  жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ  тарихы  мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының мәжілістерінде кездесіп жүрген. 
  • 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байланысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
  • Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары  Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы  Мәскеуге  қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.